Халық емі
20/05/2024, 10:12

ҚАНЫҢЫЗ ТАЗА БОЛСА, АУЫРМАЙСЫЗ

Ол өте көп ауырды. Алғашқы кезде ауыра қалса, дәрігерге жүгіріп, апталап, кейде айлап ауруханада жатып, ем қабылдап шығатын. Бірақ қанша емді уақтылы, дұрыс қабылдады дегенімен көп өтпей-ақ тағы ауырып, ауруханаға түсетін. Шынын айтқанда, одан дәрігерлер де жалыға бастады. Ай сайын ауырып қала беретін адам кімге жаға қойсын? Үйдегілер де мезі болды. Көп ауырған адам уақыт өте келе өзіне өзі дәрігер болып қала ма, қалай. Кейіннен өзін-өзі емдеуге көшті. Алайда дәрі қолданбай, табиғи өнімдермен емделгенді дұрыс көрді. Себебі антибиотиктер дер кезінде аурудан айықтырғанмен, адамды түбегейлі емдемейді екен.

Денсаулық тақырыбындағы түрлі басылымдарға тұрақты түрде жазылып оқитын болды. Сонда көзінің анық жеткені – аурудың көбі қанның ластануынан пайда болады екен. Яғни, дұрыс тамақтанбаған кезде, түрлі аурулармен ауырғанда қан құрамы бұзылады да, адам аурудан көз ашпай қалатын көрінеді. Сондықтан ауырғыңыз келмесе, қан құрамының таза болуына мән бергеніңіз дұрыс.

Грек жаңғағын көбірек жеп, жеміс шырындарын көп тұтыныңыз. Әсіресе аққайың шырыны өте пайдалы.

Екіншіден, дастарханыңыздан теңіз капустасы, қалақай, көк пияз, аскөк, сәбіз, қарақат және асқабақ үзілмесін. Бұлардың бәрінің де құрамында қанға қажетті витаминдер мен минералдар жеткілікті.

Үшіншіден, төменде келтірілген рецептердің бірін таңдап, оны ұдайы пайдаланып жүрсеңіз, қаныңыз тазарып, ауру жоламайды.

Итмұрын жемісінің 20 грамына 1 стакан су құйып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Оны күніне екі рет жарты стаканнан ішіп жүру керек.

1 стакан қайнаған суға 10 грамм жүгерінің шашағын салып, 10 минуттан кейін сүзіп алу керек. Оны күніне бір ас қасықтан үш рет ішеді. Осылайша үш апта үзбей ішіп жүресіз де, он күн демалып, қайталайсыз.

1 стакан қайнаған суға 1 шай қасық бақбақтың тамыры мен шөбін салып, 1 сағат тұндырып қоясыз. Содан соң сүзіп, күніне жарты стаканнан тамақтан жарты сағат бұрын ішесіз.

Осылайша емделудің арқасында ол ауруынан түбегейлі айықты. Сіздер де пайдаланып көріңіздер, мүмкін пайдасы тиіп қалар. Егер қандай да бір өсімдікке аллергияңыз болса, алдымен емдеуші дәрігеріңізбен ақылдасып алыңыз.

 

ҚҰЛАҚҚА ҚАУІП ҚАЙДАН?

Өз басымызға түспеген соң біле бермейміз, бүгінде құлаққа тиген суықтан зардап шегіп, есту қабілеті нашарлаған адам көп арамызда. Суық тиюді, тұмауды ауру деп санамағандықтан болатын бұл асқыну талайды түңілдіріп жүргені мәлім.

Қазір жастар басын жуа салып далаға шығып кетеді, салқын, жаңбырлы күндері жалаңбас жүреді. Оның соңы құлақ түбіндегі тамырларды суықтатудан басталып, соңы өкінішке ұрындырып жатады. Есту жолдарына инфекция түсетін кездер де болады. Сөйтіп құлақтың естуі біртіндеп нашарлай береді. Егер құлағыңыздың естуі нашарласа, дереу мына халық емін жасап көріңіз:

Бал мен даршынды біркелкі етіп араластырып, күн сайын жеп тұрыңыз. Күніне 3 ас қасық жеткілікті. Ол есту қабілетін жақсартып, ағзаның басқа да зиянды бактериялармен күресуіне көмектеседі.

Қызыл шарап пен көк шай да құлақтың естуін жақсартуға көмектесе алады. Бұл екеуінің құрамында антиоксиданттар көп. Олар құлақтың ішіндегі түкті қорғайды. Ал түк естуді жоятын бактерияларға тосқауыл қояды. Сол үшін күнделікті ішетін сусынның құрамына көк шайды қосу керек. Анда-санда қызыл шараптан 50 грамм ұрттап қойсаңыз да болады.

 

Сарымсақтың бірнеше түйірін алып, суын шығарып, зәйтүн майымен теңдей етіп араластыру керек. Майды дәке арқылы өткізген дұрыс. Осыны күніне 2 рет 3-4 тамшыдан құлаққа тамызып тұрса көмегі керемет. Одан кейін құлақты міндетті түрде мақтамен «тығындап» қойыңыз.

Қызыл пияздың 30 миллиграмм шамасындағы шырыны мен сынша сарымсақтың шырынын араластырып, күніне бірнеше рет ішсеңіз құлақтың суықтауы, естуді нашарлауынан тез құтыласыз.

Олай болса, құлаққа қауіп қайдан демеңіз, оны суықтаудан, шаң-тозаң түсуден, кірлеуден сақтаңыз және міндетті түрде жылына бір рет ЛОР-дәрігерге тексеріліп тұрыңыз.    

 

ЗИРЕНІҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Палауға қосылатын зире бар ғой, ол ас қорытуды жақсартады. Егер одан тұнба әзірлеп қойса, жас баладағы ықылықтың тез қайтуына көмектеседі. Жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынбауына, инфаркттің алдын алуға, тамырдың түйілуіне, бас сақинасына қарсы көмегі де бар.

Ал енді зиреден тұнба әзірлеу құпиясына келейік. 1 шай қасық дәнді қайнаған ыстық суға саласыз. Оны 30-40 минут тұндырасыз. Күніне 3-4 рет, астан бұрын ішу арқылы кешке дейін осы 1 стакан тұнбаны тауысасыз. Яғни 1 стакан тұнба 1 күнге жетеді.

Ем нәтижелі болу үшін зирені таңдай білу керек. 6 айдан асқан болса, оның емдік қасиеті кемиді. Сондықтан жақын арада дайындалғанын алыңыз. Ұзақ тұрып қалған зиренің иісі мен дәмі ашқылтым-қышқыл болады. Ал тұнбаны арасын үзбей, 1 айдан кем емес уақыт қабылдаған дұрыс. Оны қалағаныңызға жалғастыра аласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 30 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: