29/04/2024, 22:45 | |
ҚАНТ ДИАБЕТІНЕ ҚАРСЫ ИБН СИНА ТӘСІЛІ Әбу Әли Ибн Сина алдына келген науқас адамға былай дейді екен: «Біз – үшеуміз, мен, сен және ауру. Егер де сен маған шын ықыласыңмен сеніп, мен жақта болсаң, онда біз екеулеп, ауруды жеңеміз». Бірде сол Бұқара қаласында бұдан мың жыл бұрын өмір сүрген Әбу Әли Ибн Синаға (Авиценна) бір семіз әйел келіп, қатты және жиі-жиі шөлдей беретінін айтады. Жаздың күні екен. Ибн Сина әйелге далаға, шуаққа барып, жайпақ ыдысқа кіші дәретке отыр деп бұйырады. Сосын оның зәрін шуаққа қойып, бақылап қараса, аралар, біраздан кейін шыбындар, құмырсқалар келіп ішеді. Демек әйелдің зәрінде қант көп. Ибн Сина оған сусамыр деген диагноз қояды. Науқас әйелге атақты емші 30-40 күн су орнына әр күні бірнеше рет айранның сары суын, іркіт, ащы айраннан, жүгеріден, күріштен, тарыдан көже дайындап ішуді, таңғы мезгілде және кешке қарай жаяу жүруді, аз ұйықтап, көп физикалық жұмыс істеуді, қатты терлеу қажеттігін, қара нанды көбірек жеген пайдалы екендігін ескертеді. Әйел 40 күннен соң қайта көрінуге келеді. Тағы да Ибн Синаның айтуы бойынша жайпақ ыдысқа кіші дәретке отырып, екеуі зәрге ара, құмырсқа, шыбындардың қонуын байқаса, бұрынғыдай емес, ол жәндіктер ыдысқа онша жолай бермейді. Демек әйел ағзасында, зәрінде қант мөлшері едәуір азайған, сусамыр ауруының беті бері қараған. 2010-2012 жылдары ол да гиподинамия (кем әрекетсіздік) нәтижесінде салмағына салмақ қосып, қантты диабет ауруына шалдықты. Ондағы қанттың мөлшері 16-18 ммольға жетіпті. Шөлдей берді, көзінің көру қабілеті де нашарлады. Астанадағы республикалық клиникалық ауруханада емделді, эндокринолог-дәрігерге көрініп, ІІ түрдегі қант диабеті деген диагноз қойды. Диабеттің бұл түрін әлгі Ибн Сина әдісі бойынша емдеуге кірісті. Айранның сары суын алу үшін ұлы Сәбит оған пластмасса трубадан күбі, ағаштан піспек жасап берді. Базардан 3 литр қою, майлы айран сатып алып, күбімен пісіп, іркітті өздері әзірледі. Су орнына күніне 5-6 рет ішіп жүрді. Ас дегені – қара нан, құрт, көже. Қара нан ағзадағы қантты сорып алып, сыртқа шығарады. Ол осылай істеумен бірге күн ыстықта ерінбестен әр күні 60-80 бау шөп орып, жантақ шауып, оны 2-3 шақырым қашықтықтан қоларбамен үйге тасыды. Шөпті бір жерге шөмеле етіп үйді. Күні бойы сары сумен бірге 4-5 литр қайнаған ыстық су ішетін. Осының арқасында тер арқылы да ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарды. Майлы тамақтардан, қуырылған астан бас тартты. Ерте таңда – сағат 5-те тұрып, күнде 3-4 шақырымға жаяу жүріп, арасында велосипед тепті. Көк алма, қарбыз, алмұрт, қара нанды көп жеу, лобияны, қарақұмықты көбірек пайдалану арқылы 2 ай мерзімде қант диабетінен толықтай айықты. Сенесіз бе, сол кезде оның жасы 65-те болатын. 2 айда 1000 баудан көбірек жантақ, шөп шауып, қамыс орды. Ол медициналық әдебиеттерден, газет-журналдардан ІІ типті қант диабетіне кәдімгі лобия да жақсы ем екенін оқыған. Диабеттің бұл түрі инсулинге тәуелсіз болғандықтан оны оңай емдеуге болады. Кәдімгі лобияны (фасоль) көбірек жеу керек. Оның ағы жақсы болады. Сорпалы тамақтар дайындағанда оған көбірек лобия қосып пісіріңіз. Кешке қарай бір стакан жылы суға 10 дана ақ лобия салып қоясыз. Таңға дейін ол «піседі». Лобияны жеп, суын 1 минут жылытып ішіңіз. Таңғы асты 40 минуттан кейін ғана ішуіңізге болады. Бұл емді 10 күн жасайсыз. 10 күн демалып, тағы 10 күн қайталайсыз. Лимон шырыны, жапырағы мен қабығы да қант диабетіне пайдалы. Ұдайы көк алма жеңіз. Оның құрамында қант аз болғандықтан, қандағы қантты сорып алады. Топинамбур деген өсімдік бар. Қазақша атауы – жералмұрт. Кәдімгі күнбағысқа ұқсайтын сап-сары гүл. Оның тұқымы жер астында кәдімгі картоп сияқты болады. Көшетінің 3 данасы – 100 теңге. Бір ексеңіз, жыл сайын өзі көбейе береді. Жералмұрт атануының себебі – картобын жесеңіз, алмұрттың дәмі бар. Оны пісіріп, шикілей, тосап қайнатып жеуге болады. Ол қант диабетімен қатар подаграға да таптырмас ем. Құрамында инсулин көп. Бір деректерде инсулинді содан алады делінеді. КСРО кезінде Ресейде «Топинамбур одағы» бар болатын, одан дәрі алу мақсатында 3 миллион гектарға егетін болған. Бұл аталғандар, әрине, егер қант диабетіне шалдықсаңыз, қажеті болар деген жазбалары. Ал сөз соңында ауру атаулыдан аулақ болып, өмірім ұзарсын десеңіз, «аз жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу» қағидасын ұстанғаныңыз дұрыс. Мейлінше көп қимылдаңыз.
ЕМ ЖАСАУДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚҰПИЯСЫ Сіз жай ғана массаждың өзі қанша аурудың алдын алатынын білесіз бе? Ең қызығы, сәби табанындағы белгілі орындарды жайлап уқалау арқылы сәбидің ауырған жерін емдеп жазуға болады. Қалай? 1️⃣Бірінші: Мұрын мен тамақ. Барлық бақайларын уқалау арқылы мұрын мен тамақтың ауырғанын басуға болады. 2️⃣Екінші: Тіс пен бас. Үлкен бақайдың төмен жағына жасалған массаж тіс пен бастың ауырғанын қойғызады. 3️⃣Үшінші: Құрсақ өрімі. Суретте көрсетілген табанның жоғары жағы құрсақ өріміне (солнечное сплетение) ем. 4️⃣Төртінші: Іштің жоғары жағы. Табанның орта тұсын уқаласаңыз, іштің жоғары бөлігінін ауырғанына көмегі тиеді. 5️⃣Бесінші: Іштің төменгі жағы. Іштің төмен жағы ауырса, табанның төмен тұсын уқалау қажет. 6️⃣Алтыншы: Жамбас бөлік. Ал өкше жақты уқаласаңыз, жамбасыңыздың ауырғанына көмектеседі.
«ДҰРЫС» ҰЙЫҚТАП ЖҮРСІЗ БЕ? Күн сайын таңертең бүкіл денеңіздің, әсіресе, мойын мен иықтың ауырсынып, шаршап тұруы сізге таныс па? Таңның осылай басталуы жалпы жағдайыңызды бірнеше есеге төмендетеді. Оның себебі сіздің жастығыңыздың жайлы болмауында. Ұйықтаған кезде бұлшықетің барлығы босаңсуы керек, бірақ мойын мен иық ыңғайсыз жатқан кезде босаңсымай, бүкіл денеде жайсыздық күйі сақталады. Мойын мен иықтың ауырсынуын азайту үшін және жақсы ұйықтап, жайлы тұру үшін қандай жастықты қолдану керек? Статистикаға сүйенсек, жер бетіндегі барлық адамның 72%-ы дұрыс жастықта ұйықтамайды екен. Ал олардың 74%-ы ұйқыдан оянғаннан кейін мойын, иық және арқасы ауырып тұратынын айтқан. Ыңғайсыздық тудырып, ауырсынуды арттыратын жастықтардың үш түрі бар. * * * * * 1. Бас пен мойынға тым биік жастықтар Мұндай жастықтар мойын мен иықтың артқы жағындағы омыртқаға көп күш түсіреді. Тек ауырлық сезімі ғана емес, иық бұлшықеттеріне түскен салмақ қанайналымына да кері әсер етеді. Сондықтан, қаншалықты көп ұйықтасаңыз да, шаршағаныңыз басылмайды. * * * * * 2. Басқа биік, мойынға төмен болатын жастықтар Бас жоғары, мойын төмен қалыпта адамның басы шамадан тыс бүгіледі. Бұл мойынның табиғи с-тәрізді иілгіштігін зақымдап, жатыр мойнының грыжасын немесе «тік мойын»синдромын тудыруы мүмкін. 3. Бас төмен түсіп, мойын жоғары қалыпта болатын жастықтар Ұйықтағанда бастың төмен, мойынның жоғары жататын жастығы арнайы «мойын жастығы» деп аталады. Кейбіреулер бұл жастықты тік мойын синдромын түзету және жатыр мойнының грыжасын емдеу үшін, ауырсынуын жеңілдету үшін қолданады. Бірақ, әдетте, мұндай жастық мойынның шамадан тыс с-тәрізді иілуіне әкелуі мүмкін. Жай ғана жастықты ауыстыру арқылы сіз мойын мен иықтағы ауырсынуды жеңілдетіп, күні бойы сергек жүре аласыз. Күн салқындағаннан бері көптеген адамдар ұйықтағанда бүрісіп жатады. Бұл қалыпта мойын мен иыққа көбірек күш түсіп, тіпті оянғаннан кейін де мойын, иық аймағында ауырсыну пайда болады. Сондықтан жатын бөлме температурасын, жастықтың иілу бұрышын, ұйқы кезіндегі позиция және басқа да сыртқы факторларды өзгерту арқылы жақсы, жайлы ұйықтауға болады. Біріншіден, егер мойын мен омыртқаның табиғи иілісі сақталса, бұл бұлшықеттерге түсетін қысымды жеңілдетуге көмектеседі. Мойынның табиғи «С» тәрізді иілуін қамтамасыз ету үшін бас пен мойынды 6-дан 8 см-ге дейін ұстап тұратын жастықты қолдану керек. Жалпы, жастық сіздің білегіңізбен бірдей биіктікте болуы керек. * * * * * Қандай қалыпта ұйықтаған дұрыс? Әрине, көпшілігіңіз бір жаныңызбен ұйықтайтын боларсыздар. Бұл жағдайда жатыр мойны мен арқа омыртқалардың түзу болуы өте маңызды. Сол үшін жаныңызбен ұйықтауды ұнатсаңыз, биіктігі 10-15 см болатын жастыққа жатыңыз. Сонымен қатар, егер сіз аяқтарыңыздың арасына тағы бір жастық қойсаңыз, ұйқы кезіндегі қалпыңыз тұрақты болады. Ал биіктігі 10-15 см-ден кіші жастыққа жатсаңыз, иық пен омыртқаға тым көп салмақ түсіп, ұйқыңыз жайсыз болады, оянғанда ауырсынуды сезесіз. Керісінше, егер мойынға биік болатын жастықта жатсаңыз, мойын омыртқалары шамадан тыс бүгіліп, мойын айналасындағы бұлшықеттерді қысатын болады. Кейбір адамдар жастық жастанбай-ақ жатады. Бұл жағдайда мойын шамадан тыс бүгіліп, иек көтерледі. Содан мойын айналасындағы бұлшықеттер қатаяды да, жайсыз ұйықтап, оянғанда мойныңыз ауырып тұрады. Ұйқыдан тұрған сайын мойныңыз ауырса не істеу керек?Ұйқыға жату әдебіңізді түзетіп, қажетті биіктіктегі жастықта жатып жүрсеңіз, бірақ мойныңыз әлі де ауырып және оны артқа сүйену қиын болса, дәл диагноз қою үшін дәрігерге қаралыңыз. Себебі бұл қарапайым ауырсыну немесе бұлшықет проблемасы болмауы мүмкін. Егер бұлшықеттерге зақым келгеннен бөлек, буындар мен омыртқааралық дискілердің зақымдануы болса, ұйқы кезінде дұрыс емес қалыпты түзету арқылы жақсартуға болады. Сонымен қатар, бұлшықеттерді емдік шөп дәрілермен және араға шақтыру арқылы емдеген тиімді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |