Халық емі
23/04/2024, 22:54

ҰЙҚЫСЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢЕТІН ТӘСІЛ

Күн ұзарып, түн қысқарып келеді. Бұл кезде түрлі себептермен ұйқысы қанбайтындар көбейеді. Себебі біреулерді сырқат мазаласа, біреулер терең ойға батады. Тізе берсек, ұйқының қашуына себеп көп. Ал уақытылы ұйықтамаған адамның ештеңеге зауқы соқпайтыны өз алдына, мұндайда адамның көзі қызарып, бетіне ерте әжім түсетіні тағы бар. Ұйқының бұзылуы адам денсаулығына елеулі нұқсан келтіретінін америкалық ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан әрбір адамның уақытылы ұйықтағаны абзал.

Ал ұйқы қашып, түн баласы дөңбекшіп шығатындар не істеу керек? Ондай жағдайда қырыққабаттың бес алты жапырағын 1 литр суға жарты сағат қайнатып, сол тұнбаның 200 грамын ішетін болса, ұйқы тыныш әрі тәтті болады екен. Қырыққабат жапырақтарын еттартқыштан өткізіп, сөлінің 3-4 тамшысын мұрнына тамызып жатса да тез ұйқыға кетеді.

 

БАС АУЫРСА...

Бас ауруының себебі көп. Мысалы, жақпайтын тамақ ішсе де бас шыдатпай ауырады. Мұндайда асқазанды тазартса жетіп жатыр

      ☘️       ☘️

Көзілдіріктің сай келмеуінен де бас ауырады. Бұл жағдайда көз дәрігеріне көрініп, көзілдірікті алмастыру қажет.

      ☘️       ☘️

Қан аздықтан да бас ауырады деп жазады. Мұндайда дереу басты орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқалап жатып, демалыңыз, көңілді орнықтырыңыз. Соңынан кофе немесе шай ішіңіз.

      ☘️       ☘️

Ой еңбегімен айналысатын жандардың басы көп ауырады. Мұндайда легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяғыңызды (толарсаққа дейін) малып отырыңыз.

      ☘️       ☘️

Бас сақинасы, желкенің тартылуы жүйкенің әлсіздігінен болады. Мұндайда мазасыз ойдан арылып, жақсылап тынығып алу керек. Шай ішкен дұрыс немесе жұмыртқаны шикілей кесеге жарып алып, үстінен қайнаған сүт құйып, әбден араластырады. Әр күні осындай қоспаны аз-аздан ішіп тұрса, жүйке ауруынан бір¬тіндеп арыла алады.

      ☘️       ☘️

Әрқайсысын жарты келіден бірдей етіп қант пен балды шыны ыдысқа салып, әбден араластырыңыз. Бұл қоспаның күніге екі ас қасығын пайдаланыңыз. Сонда бас ауырып, желкенің тартылуы қояды.

      ☘️       ☘️

Жұқалап кесілген шикі картопты бастың тартылып ауырған жеріне таңып қойыңыз.

      ☘️       ☘️

Ыстық судың да түрлі бас ауруларына қарсы пайдасы бар. Мысалы, бас ауырған кезде қос қолыңызды (шынтақпен қоса) ыстық суға малып отырсаңыз, жақсы әсері болады. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырып, температурасын бір қалыпта ұстаңыз.

      ☘️       ☘️

Таңертеңгілік аш қарынға айран ішіп тұрғанның да түрлі бас ауруларының алдын-алу үшін пайдасы зор.   

 

ШАЛФЕЙ ШАЙЫ

Ағзаны көктегі салқын мен тұмауға қарсы  әзірлеңіз: жарты литр қайнаған суға 30 грамм шалфей (дәріханалық) қосып, жылы орап, 10 минут тұндырасыз. Оны астан жарты сағат бұрын, 1 стаканнан, күніне 3 рет ішеді. Ол есте сақтау қабілетін де жақсартады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 36 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: