Халық емі
08/04/2024, 11:47

БҮЙРЕКТІ ТАЗАЛАУҒА БОЛАДЫ

Зығыр дәнінен 1 шай қасықты 1 стакан суға салып, 2 -3 минут қайнатады. 2 сағат тұндырып, сүзіп алады. Енді стаканның 3/4 бөлігіндей қайнаған жылы суға лимон шырынын қосыңыз. Зығыр тұнбасы мен лимонды суды араластырып, күніне 3-4 рет жарты стаканнан ішеді.

 

АНГИНА МАЗАЛАСА...

Ангина жиі мазалайтын адамдар 1 түйір (0,3 грамм) мумиені тіл астына қойып, ерігенше күтеді. Соңынан 1 стакан жылы сүт ішу керек.

Ангинамен мәңгі қоштасудың тағы бір жолы: өзеннің ағысы баяу тұсында суға әбден шайылып, тазарған майда құм болады. Содан керегінше алыңыз. Кептіріп, табада қыздыру керек. Оны жұқа матадан тігілген сопақша қалтаға салады. Жұқа дәкені зәйтүн майына аздап малып алып, тамақты орайды. Сыртынан қыздырылған құмды қойып, клеенкамен, сосын жылы шарфпен орап тастаңыз. Мұны ұйқы алдында, күнара қайталай отырып, жазылғанша қайталайды.   

 

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАДЫ

1. Күніне 3 рет 1/3 стакан қияр сусынын ішіңіз. Бұл есте сақтау қабілетіңізді арттырады.

2. Жарты стаканнан қияр мен қызанақ сусынын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық сарымсақ сусынын қосып ішесіз. Бұл емдік сусынды күніне екі рет таңертең және кешке қолдану керек. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, оң нәтижесін байқайсыз.

3. Жарты стаканнан сәбіз бен қызылша шырынын араластырып ішіңіз. Емді күнде таңертең ашқарынға қабылдау керек.

4. Қаражидек көздің көру қабілетін жақсартатынын білесіздер. Оның есте сақтау қабілетті арттырып, мидың жұмысын жандандыратын да қасиеті де бар. Ол үшін күнделікті таңертең және кешке жарты стакан қаражидек шырынын ішіп жүріңіз.

5. 2 дана ірі пиязды еттартқыштан өткізіп, сүзіп алыңыз. Оған сондай көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан қабілдайсыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.

6. Жарты стақаннан грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішсеңіз де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.

Бұл сусындардың қай-қайсысы да ағзаны витаминмен қамтамасыз етіп, бауырды сауықтырады, иммунитетті көтереді. Яғни сіз сусын ішу арқылы зейін-зердені ғана емес, ағзаны да сауықтырасыз. Олай болса ерінбеңіз, сусын ішіп сауығыңыз!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: