01/04/2024, 10:22 | |
ТАРЫНЫҢ АҒЗАҒА ПАЙДАСЫ КӨП Тарыны адам ағзасына қажетті витаминдердің қайнар көзі десе болады. Құрамында белоктар жеткілікті. Соған орай аллергияны қоздыратын глютен жоқ. Әрі В тобына жататын витаминдерге және бауырдың дұрыс істеуіне аса қажетті холинге бай. Тарының құрамында адам сүйектеріне, жүрекке, иммуитетті көтеруге керекті магний мен фосфор, калий, цинк сияқты металдар көп. Тарыда адам ағзасын қуат көзімен қамтамасыз етіп отыратын крахмал да жеткілікті. Соған орай, кейбір жармалар (крупа) сияқты қандағы қанттың көбеюіне ықпал етпейді. Сондықтан тары қант диабетімен ауыратындар үшін күнделікті тұтынуларына аса қажетті. Оның үстіне, салмақтан арылуға әрекет етіп жүргендер үшін тиімді. Тарыда көз жанарының бұзылуына әсер ететін зиянды заттардың әрекеттерін тоқтататын антиоксиданттар бар. Сонымен бірге өт қабы мен өт жолдарының жұмысына тигізер пайдасы зор. Ақталған күріш пен бидайдың ақ ұнына қарағанда, тары калий мен лигнианға бай. Соңғысы жүрек-қан тамырларын және ағзаны артық майдан және улы зарттардан арылтуда таптырмайтын зат. Тарыны көкөніспен, тауық етімен, балықпен қосып жеген дұрыс. Ас әзірлеуден бұрын тарыны жақсылап жуып, тез пісіп, бойындағы пайдалы заттарын жоғалтпау үшін суға шылап, бір сағат ұстау керек.
ӨТТЕ ТАС БОЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ... Бүгінде тас пайда болғандықтан өтін алдырып тастағандар туралы жиі еститін болдық. Олар диета сақтап, үнемі күтініп жүруге мәжбүр. Ал өтте тас қалай пайда болады? Өтте тас түзілуі ағзадағы зат алмасуының бұзылуынан пайда болады. Оған холестериннің немесе билирубиннің шамадан көп болуы себеп. Олар қалыпты нормада болса, ағзадан қалдықтармен бірге шығарылады, ал көп болса, өтті қоюлатады. Қою өтте кристалдар түзіліп, бірте-бірте үлкейе береді. Ұсақтары өт жолы арқылы шығып кете алады, ал ірілері (1,5 – 2см) іркіліп, бір-бірімен жабысып, өт жолдарын бітеп қалады, одан өт қабынуы туындайды. Статистикалық деректерге қарағанда, әлемде ол әрбір оныншы адамда кездеседі. Өтте тас түзілуі әйелдерде еркектерге қарағанда 5 есе артық кездеседі. Әсіресе семіз, қимыл-қозғалысы аз, алкогольге, майлы, қуырылған, тұзы ащы, ысталған тағамға құмар, экологиясы нашар аумақта тұратын, созылмалы, тұқым қуалайтын (әулетінде ағзаға тас түзілуіне бейімділік бар) адамдардың бұған шалдығу қаупі жоғары. Бұл ауру көпке дейін мазаламай дамиды. Кейін оң жақ қабырға астында салмақ, ауырсыну сезілетін болады. Ол әсіресе майлы, қуырылған тағамнан соң күшейеді. Мұндайда асқазан қорытпай мазалайды, науқас себепсіз тоңады, терлейді, тез шаршайды, ашуланшақ болады. Науқастың үлкен дәретінің түсі, көзінің, терісінің түсі сарғаюы мүмкін. Ертере анықталса бұл аурудан дәрі-дәрмекпен емделуге болады. Асқынып кеткен жағдайда оған қарсы ота жасау қажет. Ал операциядан соң ас сақтық, күтім қажет, өйткені ауру кез келген жағдайда қайта өршиуі ықтимал. Сондықтан арнайы диета ұстап, дәрігер берген дәріні уақтылы қабылдап тұру керек. Ол бауыр жұмысын, өт құрамын, өт қабының тонусын көтеру үшін қажет. Осы орайда төменде атап көрсетілген, өсімдіктерден жасалған дәрмектердің көмегі зор. Қырыққабат (орамжапырақ) шырыны. Ақбас капуста шырыны өт бөлінуін ынталандырып, оның құрамын жақсартады. 300 грамм шырынын сығып алады. Осынша мөлшерде зәйтүн майын дайындайды. Оны ашқарынға, тамақтан соң 6 сағаттан кейін ішіп тұру керек. 3 ас қасық зәйтүн майы + 1 ас қасық капуста шырыны ішіледі. Мұны дайындалған дәрмек таусылғанша әрбір 30 минут сайын қайталау керек. Емді 3 мәрте, арасында 7 күн үзіліс жасап жүргізеді. #Бақбақ_тұнбасы. Бұл бауырдың жағдайын қалыпқа келтіреді, жұмысына белсенділік береді. Тұнбаны әзірлеу үшін бақбақтың жапырағы мен тамырын жуып, ұнтақтап, эмальді ыдысқа салады. Үстінен 250 миллилитр қайнаған су құяды. Баяу отта 20 минут ұстап, суытып, сүзіп алады. Тұнбасын күніне 1 мәрте, стаканның 4/1 мөлшерінде ішіп тұрады. Қайың жапырағы тұнбасы. Мұны дайындауға кептірілген де, балғын да жапырақ жарай береді. Уатылған жапырақтың 2 шай қасығын ыдысқа салып, үстінен 1 стакан қайнаған су құяды, 1 сағат тұндырады. Сосын сүзіп алып, күніне стаканның 3/1 мөлшеріндей етіп, үш мезгіл, тамақтан 10 минут бұрын ішеді. Аздап ас содасын қосса болады. Емделу курсы – 40 күн. #Итмұрын. Бұл шөп тамырында тасты талқандайтын қасиет бар. 2 ас қасық мөлшерінде уатып алып, ыдысқа салады да, үстіне 1 стакан қайнаған су құяды. Сосын баяу жанған отта 20 минут қайнатады да, сүзіп алады. Тұнбасын күніне 4 мезгіл, жарты стаканнан ішіп тұру керек. Бір апта бойы ішіп, сосын екі апта үзіліс жасайды. Қайта жалғастыру керек. #Шұбар_алатікен (расторопша пятнистая). Оның құрғақ жапырағын дәрі¬ханадан сатып алуға болады. Ол өт сұйығының жабысқақтығын төмендетеді. Сол арқылы тас түзілуін тежейді. Оның ұнтағын күніне 3 мезгіл, тамақ ішуден жарты сағат бұрын қабылдайды: 1 шай қасығын ауызға салып, 100 грамм жылы су ішіп жіберу керек. Емдеу курсы – 2-3 апта. Дәрілік шөптер жиынтығы. 1 ас қасық цикорий тамыры мен жалбызды ыдысқа салып, үстінен 1 стакан қайнаған су құяды. «Су моншасында» 5 минут ұстап, сосын сүзіп алады. Күн сайын 1,5 – 2 стаканнан ыстықтай ішіп тұру керек. Ол өт түзілуін күшейтеді, өт қабының тонусын арттырады. Өтте кесел болса осы амалдарды жасап көргейсіз. Ең бастысы, дұрыс тамақтанып, денсаулығыңызды күтіңіз. Сонда ауырып ем іздеп, әуре болмайсыз!
ОРАЗАНЫҢ 10 САУАБЫ Балиғат жасқа толған, денсаулығы жақсы, ақыл-есi дұрыс адамдарға ораза ұстау – парыз. Ораза ақыретте жәһәннамнан қорғайтын, күнәларымыздың кешiрiлуiне себепшi болады. Бұл жөнiнде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кiмде-кiм сене отырып, сауабын Алладан күтiп, Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешiрiледi», –дейді.
| |
| |
Просмотров: 39 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |