Халық емі
18/03/2024, 10:06

КАМФОРА СПИРТІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 10 СЕБЕБІ

Камфора спирті мен майы негізінен бұлшықет аурулары, артрит, сіңір мен бұлшықет тіндерінің созылуын емдеу және қан айналымын жақсарту мақсатында қолданылады. Біз ұсынатын рецепттер сізге көмекші болсын.

▪️ 1. Артрит. Артриттен айығуға камфора спирті көмектеседі. Саусақтарыңыз немесе аяқтарыңыз ауырса, алдымен ыстықтау суда жақсылап булаңыз да, қол-аяғыңызды азырақ мөлшердегі камфора спиртімен тез арада, жылдам ысқылаңыз. Осылайша қол мен аяқтың артритін біржолата ұмытасыз.

▪️ 2. Арқа мен буын ауруы. Ауырған жеріңізге, аяқ, арқа, буындарыңызға камфораның аз мөлшерін жағып, массажды қимылмен ысқылаңыз. Емдік әсерін күшейту үшін компресс жасауға да болады. Алайда тамырыңызда варикоз болса, сіз үшін камфора қарсы көрсетілген.

Артрозға қарсы жақпа май жасау үшін 50 грамм камфораны 100 грамм спиртте «ерітіп», үстіне 50 грамм қыша ұнтағын (горчица) қосып, жақсылап араластырыңыз. 2-3 жұмыртқаның ақуызын қосып және араластырсаңыз, жақпа май дайын. Онымен тізені ысқылау керек. Бұл жақпа маймен, тіпті, 3-дәрежелі артрозды да жеңіп шығуға болады!

▪️ 3. Бас пен тіс ауруы. Камфора әлсіздіктен естен танғанда, шок жағдайынан арылту үшін таптырмас құрал. Сондай-ақ ол тіс ауруы мен бас ауруы үшін, қабыну процестерінен туындаған қышыманы емдеуде жиі қолданылады.

▪️ 4. Ұйқысыздық. Камфора спирті мен майы шаршаңқылық пен ұйқысыздықты, депрессиялық және стресстік жағдайларды жеңу үшін, орталық жүйке жүйесін нығайту және оның жұмысын жақсарту үшін қолданылады.

Камфора спиртінің 2 тамшысын бір қасық балға қосыңыз. Немесе 1 ас қасық бал, 1 стакан су және 2-3 тамшы камфора спиртінен тұратын қоспа әзірлеңіз. Егер балға аллергияңыз болса, оны кез-келген басқа сұйықтықпен алмастыруға болады.

Камфора спиртін ішке қабылдаудан, ішуден қорықпай-ақ қойсаңыз болады, өйткені ол улы емес, камфора спирті мен камфора майы аллергия тудырмайды, ол Қытайда өсетін камфора «еменінен» жасалады.

▪️ 5. Жөтел. Камфора спиртімен ингаляция жасау өкпеге су жиналуы, жөтел сияқты аурулар кезінде жақсы көмектеседі. Егер кішкентай баланың қызуы көтеріліп тұрса немесе өкпе қабынуы болса, камфорамен кеудесі мен арқасын ысқылаудан артық тәсіл жоқ.

▪️ 6. Алкогольге қарсы. Камфора спирті алкоголизмге қарсы керемет құрал. Егер адам қатты мас болып, өзін нашар сезінсе, бір стакан суға 10-15 тамшы камфора спиртін құйып, сусын ретінде берген дұрыс. Жағдайы біршама жақсарып қалады.

▪️ 7. Суық тию. Тамақ ауруы, жөтел, тіпті, бронхитті емдеуде камфора керемет көмекші. Емдеу тәсілі де қарапайым – ингаляция жасау. Ылғалдандыратын қасиеттерінің арқасында жөтел жеңілдеп, мұрынмен тыныс алу жақсарады.

Сондай-ақ, денені ысқылау үшін қой немесе ешкі майы және 1 шай қасық камфора спирті керек болады. Ұйықтар алдында кеуде, арқа, аяқ және мойын аймағына жағып жатыңыз, әсерін көп өтпей-аө байқайтын боласыз.

▪️ 8. Отит. Ортаңғы құлақтың қабынуын емдеу үшін компресс тиімді. Бірақ камфораны таза түрінде спиртпен қолданса күйдіруі мүмкін. 1:1 қатынасында сумен сұйылтылған тұнбаны қолдану керек. Дәкені сұйықтыққа малып, ауырған құлақ аумағына қойыңыз. Сыртынан целлофанмен жауып, оның сыртынан кез-келген матамен орауға болады. Бұл процедураны ең ұзақ дегенде 2 сағаттан асырмаған дұрыс.

▪️ 9. Дерматологиялық аурулар. Тері ауруларының көпшілігі қышу және тітіркенумен қатар жүреді. Бұл жағымсыз белгілерді жоюдың ең оңай жолы – зардап шеккен аймақтарды камформен майлау. Әсіресе, экзема жағдайында тиімді құрал.

▪️ 10. Бөртпе. Тек жасөспірімдерде ғана емес, терінің ерекшеліктеріне қарай ересектерге де бөртпе болуы таныс жағдай. Безеуді кетіріп, бетіңізді тазарту үшін 5 таблетка стрептоцид, 2 таблетка левомицетин, 10 мл. салицил және 50 мл. камфора спиртінен жасалған қоспа көмектеседі. Сондай-а, күнделікті қолданатын қарапайым лосьон, бетті тазартуға арналған көбік, т.б. құралдарыңызға камфораның бірнеше тамшысын араластырып қоюға болады.

Камфора спирті беттегі пигменттік дақты жою, тері тесіктерін тарылту, майлы жылтырды жою үшін де қолданылады. Құрамында камфорасы бар сабын да бөртпемен күресуде нәтижелі деуге болады. Оның құрамында түймедақ, лимон қышқылы және пероксид бар.

 

ЖҰМЫРТҚАНЫ ЕМГЕ ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Жөтелге қарсы құрал

2 ас қасық сапалы сары май, 2 жаңа алынған үй жұмыртқасының сарысы, 1 шай қасық бидай ұны және 2 шай қасық табиғи бал. Бәрін жақсылап араластырыңыз. Күніне 3-4 рет 1 шай қасықтан ішсеңіз, жөтелді дәрісіз, қиындысыз құтыласыз.

Термиялық күйік

2-3 жұмыртқаны әбден қайнатыңыз, сарысын бөлек алып, табадағы майсыз баяу отта қара, тұтқыр масса алынғанша қуырыңыз. Осы "ботқаны" күніне 2-3 рет күйген жерлерге жағу керек. Артылған тоңазытқышта сақтаңыз.

Суық және тұмау кезінде

500 мл. аздап жылытылған сүтке жаға алынған жұмыртқа қосып, жақсылап араластырыңыз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық сары май қосыңыз. Мұқият араластырып, түнде ұйқы алдында ішу керек. Сосын жылы оранып жатқан дұрыс. Келесі күні сізде жөтел де, мұрыннан су ағу да болмайды. Мұны 2-3 рет қайталауға болады.   

 

ҰЙҚЫ  БЕЗІН ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?

Қай дерттің болса да халықтық ем-тәсілдері бар. Ұйқы безін емдеудің де жылдар сынағынан өткен бір парасы мынадай:

#Ұйқы безінің жұмысын жақсарту. Ол үшін 2 ас қасық қарақұмықты (гречка) ұнға айналдырып, жарты литр майсыз айранға араластыру керек. Оны түні бойы салқындау жерге (тоңазытқышқа емес) қоясыз. Оны ұйқыдан оянысымен, ашқарынға тауысып ішу керек. Таңғы асты 2 сағаттан кейін ғана ішіңіз. Бірақ ол майлы болмасын және тым қатты тойынуға болмайды. Бұл емді бір ай бойы қолданып, 10 күндік үзілістен соң жалғастыруға болады.

Ұйқы безі қабынған жағдайда үйде өсетін #қазоты (қазтамақ, герань)  гүлінің тамырын жуып, тазалап, кептіреді. Одан кейін жақсылап ұнтақтап, 1 ас қасығын 300 грамм суда 20 минут баяу отта қайнатады. Оны күнделікті астан жарты сағат бұрын ас қасықпен қабылдау керек. Осы ем кезінде күніне кем дегенде 3-4 рет 100 грамм қызылша шырынын ішіп жүрген пайдалы. Ал асқа қара нанды қолданыңыз.

 #Тұздалған қырыққабат шырынын ішу де жақсы көмектеседі. Тек шырынды екі сағаттай  аузы ашық ыдыста ұстау керек.

Адамның ұйқы безінде миллиондаған ұсақ жасушалы түйіртпектер, аралшықтар бар. Олардың айналасында ас қорыту сөлдері түзіледі. Ол бүкіл ағзаға қажетті инсулин мен гормон бөліп шығарады. Оның жұмысында бөгеліс болып, ауру белгілері байқалса дел-сал болып, адамның бүкіл денесі ауыра бастайды.

Ұйқы безінің жұмысы бұзылған жағдайда бұл емді қабылдап қоя салудың қателік болатынын да айта кетейік. Сондықтан маман дәрігер кеңесін алуды да ұмытпағайсыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: