Халық емі
04/03/2024, 23:46

ҚАБЫҒЫНДА ДӘРУ МОЛ

Бананның қабығын ішкі жағымен жараға, күйген жерге таңып қойыңыз немесе ысқылаңыз. Бірнеше рет қайталасаңыз жара тез жазылады. Псориаз бен безеуді кетіру үшін бананның қабығын ішкі қабатымен қабынған жерлерді сүртсеңіз, бірнеше күннен кейін өзгерістерді байқайсыз. Егер күнделікті онымен бетіңізді, мойныңызды сүртіп тұрсаңыз, теріңіз ылғалданып, әжімнің түсуі азаяды.

 

ӨКПЕ ҚАБЫНҒАНДА

6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен жауып, салқын, құрғақ, көлеңке жерге қою керек. 5-6 күнде жұмыртқаның қабығы түгелдей еріп, лимонның шырынына сіңіп кетеді. Оған жарты құты коньяк пен 300 грамм жайлау балының сұйық түрін араластырады. Осыдан шыққан сұйықтықты басқа бір қоңыр банкіге құйып, аузын жауып, тағы да салқын жерге қояды. Ертеңінен бастап тамақтан жарты сағаттан кейін ас қасықпен күніне 3 рет ішу керек.

Дәрі бұзылмас үшін салқын жерде сақтаған дұрыс. Ал 2-3 аптаның ішінде көбіктеніп, дәмі бұзыла бастаса, оны ішуге болмайы.

        ✅        ✅

250 грамм аршылған арпа дәнін 1 литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып сүзіп алады. Қалған суға 450 миллилитр ешкі сүтін қосып, тағы бір қайнатып, астан бір сағат бұрын үштен бірін ішеді. Бір қайнатқаны бір күнде бітеді. Емдеу мерзімі – 20 күн. Бір апта үзіліс жасап, қайталай беруге болады.

        ✅        ✅

Екі ас қасық сұлы дәнін, осындай мөлшерде қоңыр мейіз қосып 1,5 литр суға жартысы қалғанша ақырын қайнатады. 2 сағат тұндырып, суын таза ыдысқа құйып алады. Сұлы мен мейізді сығып алуға болады. Осы тұнбаға 1 ас қасық бал араластырады. Ол өкпе мен қолқаның қабыну сырқатына да шипа.

        ✅        ✅

2 грамм мумиені 10-ға бөліп, әр бөлігін бір ас қасық қайнатылған сумен ішеді. Немесе бір құты піскен сүтке бір шай қасық бал және әлгі мумиенің бір бөлігін қосып, жатарда ішіп жатады. Бір емдеу мерзімі он күн. Бес күн үзіліс жасап, тағы қайталайды. Осы әдіспен 3-4 рет емделуге болады.

 

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН АСҚАБАҚ РЕЦЕПТІ

Асқабақ – шамамен 300 г

Кептірілген өрік – 0,5-1 кесе

Лимон мен апельсин қабығы

Зімбір (міндетті емес)

Дәмі мен қалауы бойынша бал қосылады.

Дайындау:

Кептірілген өрікті сумен жақсылап шайып, қайнаған суға құйып, жұмсартыңыз. Асқабақты тазалап, блендерде ұсақтаңыз.

Кептірілген өрік, зімбір қосыңыз.

Барлық ингредиенттерді блендермен қажетті деңгейге дейін ұнтақтаңыз. Сосын қалауыңызға қарай бал қосыңыз. Иммунитетті көтеруге арналған асқабақ рецепті дайын.

️Оны тоңазытқышта сақтауға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: