26/02/2024, 08:35 | |
ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ ЕМШІСІ Қазалыда Пәуедин әулие деген кісі болған, дәрігерлік білімі болғаны даусыз. Өйткені темір жол ауруханасының бас дәрігері Сансызбаев Қаражан ағасы жанын қинаған бір аурудың емін таппай барса, рецепт жазып беріпті, көшеде ит пен мысықты шұбыртып ертіп, кір-кір киініп жүретін адамнан мұндайды күтпеген Қаражан ағасы рецептіні қалтасына салады да қояды. (Пәуедин кеңес өкіметін жек көргені соншалық, бір күн де қызмет етпеген, халықты жасырын емдеген, өзін тастап жіберіп, қалай болса солай жүргені 1930 жылдан 1989 жылға дейін КГБ-ның бақылауында тұрған, қалайда көз алдау керек болған. Алашорда арысы екені деректерден ашылып жатыр) Қарекең жазда Алматыға барып, ауруының саласы бойынша мықты профессорға көрінеді. Профессордың жазған рецептісі Пәуединнің жазған рецептісімен дәлме-дәл дейді. Оларға бұл әңгімені айтқан Қаражан ағасының әйелі Мәстура жеңге болатын. Пәуедин ағасы қылтамақтан тамағына ас өтпей қалған кісілерге де рецепт жазып берген бұл 1970-жылдардың шамасы екен, рецепт жоғалған, бірақ тамағынан ас жүрмей қалған кісіге қазақша тағы мынадай ем берген Бұл емді қолданып сауығып кеткен Асанның Құрымбайы Ізетулла қазір Қазалыда Жамбыл мектебінің жанында тұрады. Жоғарыдағы әңгімелерді ағасының өз аузынан естіді. Бір литр қолдың сүтін әбден сарғайып, балқаймақ болғанша қайнатасыз, ыстықтай үстіне 1 қасық қолдың таза сары майын саласыз, үстіне 1 шымшым қызыл бұрыш салып араластырасыз. Май иненің жасуындай тесіктен болса да өтіп, денеге қорек береді, қызыл бұрыш рактың клеткасын бұзып, сүтті де өткізеді екен. Пәуединнің осы емімен жазылып кеткен Ізетулла аға содан бері сау-саламат өмір сүріп жатыр. Бала кезінде шешесі күнде түскі асқа кеспе пісіретін де, үстіне қызыл бұрыш сеуіп беретін, қазір оны ұмытты. Бірақ қызыл бұрыштың рактың клеткасын ыдырататынын немістер тауыпты дегенді ертеректе бір газеттен ол да оқыған. Ол кезде ала қағаз көрсе, қалдырмай оқитын еді. Шешесі марқұмның тілі у еді, оған қойған аты "Қағаз жеген сиыр" болатын. Ол Пәкеңнің туған нағашысы Әнестің келіні. Ағасы қайтқан 15 ақпан күні орнына барып, қазан-ошақтың қасында қызмет етіп жүргенімен, есіл-дерті жұрттың : - Әулие туралы не айтылып жатыр? – деген деректе болатын. Қолы қазанда болғанымен, құлағы эфирде тұрғанын байқаған Ізетула аға:
ҚҰРҚЫЛТАЙ ҰЯСЫМЕН ҚАЛАЙ ЕМ ЖАСАЙДЫ? Ерлі-зайыптылар ең алғаш отауға кіргенде күтінбесе «отау жел» деген пайда болады. Ол жас жұбайлардың балалы болуына үлкен кедергі, себебі соңы бедеулікке соқтыруы мүмкін. Мұндайда отау желді еш дәрі де, дұға да қуа алмайды. Ол желді тек құрқылтай деген құстың ұясының түтіні ғана қуады. Бұл құстың ұясы өте қасиетті. Сондықтан ұяны аларда Алладан рұқсат сұрап, жалынып-жалбарынып, ақтық, садақаңды беріп барып алуың қажет. Ол құс ұясын тоғайлы жерде, талдың басына салады. Адамның ұйық-қолғап тоқығаны секілді ерекше ұяны алғш көрген кісі таң-тамаша болады. Бір ұяны үш кісіге қолдануға болады. Қолдану тәртібі мынадай: Әйел адамға: Ұяның үштен бірін кесіп алып, түбекке салады. (Мақта секілді сәл-сәл түтіп жіберу керек). Сонан соң бір ұгын түтетіп, бықсытып түтіндетеді. Лаулап жанбасын. Бықсып түтіндей бастағанда әйелді сол түтін үстіне дәретке отырғызған секілді отырғызады. Айналасын, белінен төменгі жақтарын түгел жақсылап қымтап, жиырма минуттай отырғызу керек. Сонан соң жылы киініп, екі сағат терлеуі қажет. Лажы болса, ыстық сорпа ішіп, ауыр нәрсе көтермей, үш күн күтінуі тиіс. Суық су ішуге, суық суға жуынуға болмайды. Ерлі-зайыптыларға үш күнге дейін жақындасуға болмайды. Ер адамға: Жерді кішкене ойып шұңқыр жасап немесе тапаға ұяны түтіндетіп, ер кісіні тізерлетіп отырғызады. Қалған тәртібі әйелдердегі сияқты. Сонда отау жел кетіп, ерлі-зайыптылар көп ұзамай перзентті болады.
ЗЫҒЫР ДӘНІ ТЕРІГЕ ЕМ Зығыр дәні көп ауруға шипа. Ол ішек-қарын ауруларына таптырмас ем. Жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартатын пайдалы майларға бай. Зығыр дәнімен тері ауруларын да емдеуге болады. Терінің қажалған жараларына, қол терілерінің қабыршақтануына зығыр дәнінің қою қайнатпасын жағу шипа екен. Ол балалардың диатез ауруларын емдейді. Зығыр дәнінен дәрі-дәрмек оңай жасалады. Оның қайнатпасын алу үшін 2 ас қасық дәнін 1 стакан суға салып, баяу отта 15 минут қоясыз. Сұйықтық кисель сияқты қоюланады. Оны сүзіп, терінің жаралы жеріне жағып, кепкенін күтеді. Жараның бетінде клеенка пайда болады. Бір сағаттан кейін жылы сумен жуып тастау керек. Егер тері жарасының көлемі ауқымды болса, онда зығыр дәнінен ванна жасап, жаралы жерді соған салуға болады. Ол үшін 50 грамм зығыр дәнін 3 литр суда қайнатады. Жиі араластырып отырған жөн. Сосын қайнатпаны сүзіп, жылы суы бар ваннаға құяды. Бұл процедураны 20-30 минут қабылдау керек. Ваннадан кейін жұмсақ сүлгімен асықпай сүртінесіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |