19/02/2024, 14:15 | |
АНАР ДӘНІНДЕ ДЕ ДӘРУ БАР Ол бұл керемет рецептті бір кітаптан оқып еді. Содан бері анар жесе, ол ішіндегі дәнін тастамай, жинап алатын болды. Неге дейсіз бе? Анар дәнін (ұрығын) көлеңкелі жерде кептіріп, қуырып қою керек екен. Сосын оны ұнтақтайды. Міне, осы ұнтақтан күніне үш рет пышақтың ұшымен ғана алып, астан бұрын жейтін болса, кеуде тұсының ауырғаны, жүрек қағысының бұзылуын қалпына келтіреді екен. Әдетте жүрегі атқақтай соғып, мазасы қашқан адамның тамаққа тәбеті де болмайды ғой. Ал мына жағдайда ол тәбеттің ашылуына да көмектеседі. Ұдайы немесе ұзақ уақыт пайдалансаңыз сары аурудың алдын алады екен. Табиғатта ештеңе артық жаратылмаған ғой. Әттең, осындай қаншама пайдалы дүниелердің қадірін білмей, қоқысқа тастап жатыр екенбіз?
ЕЛ БІЛМЕЙТІН КӨНЕ ЕМ Бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келген бір қарт кісімен дастархандас болды. Ата-бабалары тастың тілін, шөптің сырын білген білгір емші болған жандар екен. Сол кісі ел біле бермейтін бірнеше көне ем түрлерін айтып берген еді. «Қой ауруы» деген бар. Балаға шыр бітпей, ыстығы біресе көтеріліп, біресе түсіп, іші өтіп мазасызданады. Мұндайда қасқырдың ернін дөңгелектеп кесіп алады. Сол дөңгелектен қой ауруы болған баланы өткізеді, сонда бала жазылады. Ауыздықты алып қояды. Кептіріп қойса, көпке дейін емге жарайды. Керек болған жағдайда суға салып жібітіп, келесі балаға пайдалана беруге болады. Қасқырдың өңеші де ем. Қылтамақ болған адамды ыңғайластырып жатқызып, сол өңешпен су ішкізсе, аурудан құлан-таза құтылады. Борсықтың да емдігі мол. Оның тоқ ішегін кептіріп, қақтап қояды. Соқырішек болған адамға қайнатып берсе, демде жазылып кетеді. Жас балалардағы тіл-көз кезінде жылы суға қасқырдың тісін салып, сол суға шомылдырса ем болады. Үйге кіре берістегі есіктің тұтқасын сумен шайып, сол сумен көз тиген баланың денесін сүртіп шықса да болады. Құрбан айтқа шалған қойды сойған кезде жылылай оң көзін ойып алып, тұзға салып тастайсыз, көз тигеннің емі сол. Бала ауырса сол көзді суға бір шылап алып, баланың денесін сүртіп шығу керек. Немесе жаңа сойылған қойдың көзіне 7 адамға түкіртіп (ырымын жасап), көзді езіп, баланың бүкіл денесіне – басынан аяғына дейін жағады. Иншаалла, әлжуаз бала содан жазылады. ...Осындай да ем түрлері бар екен, біле жүргейсіз.
СУЫҚТАҒАННАН ТЕЗ САУЫҚТЫРАТЫН АМАЛДАР Күн салқындағаннан арамызда суықтап ауырып жүргендер қатары арта бастағандай. Сондай жандарға көмек болсын деген ниетпен біз дәрігерлер ұсынған мынадай кеңестерді жариялауды жөн көріп отырмыз: ⏺ Уақтап туралған сарымсақты балмен тең дәрежеде араластырып, одан сағат сайын бір шай қасығын ішіп тұру керек. Ал тұмауратқанда оны ұйқыға жатарда бір ас қасықтан қабылдап, артынан жылы су ішу керек. Сондай-ақ жаңа сығылған сәбіз шырынын өсімдік майына тең дәрежеде қосып, үстінен бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосып аралстырады да, мұрынға күніне бірнеше мәртеден тамызып тұрады.а ⏺ Жөтел кезінде 100 грамнан қызылша, сәбіз, алоэ шырындарын, 100 грамм әсел, 50 грамм коньяк (арақ та болады) араластырып, күніне үш мәрте тамақтан жарты сағат бұрын ішіп тұру керек. ⏺ Алоэнің 3-5 жылдығын екі апта бойы суғармай, сосын жапырағының 500 граммын жақсылап тазартып жуып, кептіріп, тоңазытқышта 5 күн ұстайды. Сосын оны миксермен ұсақтайды да, үстіне бір шөлмек «құрғақ» қызыл шарап пен 500 грамм сұйық әсел құяды. Жақсылап араластырып, қараңғы, суық жерде 5 күн ұстайды. Оны тамақтан бір сағат бұрын ішіп тұру керек. 1-ші, 2-ші аптада – бір қасықтан, 3-ші аптада екі қасықтан ішеді. Он күн үзіліс жасап, емді қайталайды. ⏺ Ал мына рецепт дене қызуы түспей тұрса да көмектеседі: 100 грамм араққа шикі жұмыртқа мен бір ас қасық қант қосады да, жақсылап араластырып, ішіп жібереді. Ол бірден көмектеседі. Болмаса, келесі күні де осы тәсілді қайталайды. ⏺ Суықтаған кезде сауығуға көмектесетін тағы бір тәсіл мынадай: Жүннен тоқылған шұлықты тұзды ыстық суға (бур стакан суға – бір ас қасық тұз) жақсылап шылап, тез арада қатты сығады да, аяққа киіп алады. Немесе сыртынан мақта-мата шұлық (сыртынан пакет кисе де болады) киеді. Мұны түнге қарай істейді, ол аяққа түні бойы әсер етуі керек. ...Міне, суықтағанда осы тәсілдер көмектеседі. Дегенмен өз бетімен емделгеннен гөрі дәрігерге көрініп, тиісті ем қабылдаған дұрысырақ боларын ұмытпаңыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 43 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |