Халық емі
11/02/2024, 21:56

АЛТЫН ТАМЫРҒА ЖЕТЕТІН ШӨП ЖОҚ

Егер көңіл-күйіңіз түсіп, мазаңыз кете бастаса алтын тамырдан өзіңіз қолдан дәрі жасап пайдалануыңызға болады. Ол үшін 50 грамм кептірілген тамыр ұнтағын 0,5 литр араққа салып, қараңғы жерде 15 тәулік ұстайсыз. Сосын 10-15 тамшыдан тамақтан 20-30 минут бұрын 15 күн үзбей ішіуге болады. 15 тәулік демалыстан кейін қайталанады.

20 грамм құрғақ тамырды бір литр суда қайнатылып, термосқа құйылып бір тәулік сақталады. Күніне 2-3 реттен бір ас қасық ішіп тұру керек. 15 күн демалыстан кейін қайталауға болады.

Алтын тамыр шайы да денсаулыққа пайдалы. Бір шай қасық ұнтақталған тамырды бір литр суда 10 минут қайнату керек. Сосын 40 минут тұндырасыз, оны күніне бір стаканнан 2 немесе үш реттен екі апта қабылдаған дұрыс. Алтын тамырдың шайы ағзаңыздың жасарып, қан айналымын жақсартуға, сергек болуға көмектеседі.

Алтын тамыр әр отбасында үнемі үзілмей сақтаулы тұруы керек. Ол физикалық қуатты арттырып, ағзаны жасартады. Ағзаның тынысын кеңейтіп, мидың жұмысын жақсартады. Жүйке жүйелеріне де пайдалы. Жалпы, ағзас мүшелерінің барлығына тигізер пайдасы көп. Бұл емдік қасиеті өте керемет өсімдікті дәріханадан табуға болады.

 

МҰРЫН НЕГЕ ҚАНАЙДЫ?

Жайдан-жай, еш жерің ауырмай, мазаламай-ақ мұрныңнан қан саулап кететін кездер болады. Бұл жағдай, әрине, біршама ыңғайсыздық тудыратыны белгілі. Оның алдын-алу үшін мәселенің себебін анықтап, сонымен күресу керек. Көпшілік мұрынның қанауын елеп-ескере бермейді, бірақ мұрынның жиі қанауы денсаулығыңызда бір кінәрат бар екенінен хабар береді.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: