Халық емі
05/02/2024, 09:13

ХОЛЕСТЕРИНДІ ТӨМЕНДЕТЕДІ

Сарымсақ қандағы холестеринді төмендетудің ең тиімді құралдарының бірі.

Оны табиғи түрде тұтынуға болады, күніне 3-4 тілім нанмен жеуге болады немесе қоспа әзірлеңіз.

350 г сарымсақты үккіште ұсақтап, оған 1 стакан (200 мл) 96 пайыз спирт құйыңыз. Тоңазытқышта 10 күн тұрғаны дұрыс. Сүзудің қажеті жоқ.

Қабылдау әдісі: стаканға 50 мл (1/4 кесе) жылы сүт құйып, оған сарымсақ тұнбасын мына тәртіппен қосыңыз:

Бірінші күні таңертең 1 тамшы, түстен кейін 2 тамшы, кешке 3 тамшы;

Екінші күні таңертең

4 тамшы, күндіз 5 тамшы, кешке 6 тамшы.

Осылай жалғастыра отырып  15 тамшыға дейін жеткізесіз. Содан кейін, керісінше – әр дозада тұнбаның мөлшерін 1 тамшыға азайтыңыз.

Бұл көне тәсіл қан тамырларын тазартады және жүректі нығайтады, метаболизмді және бұлшық ет жұмысын жақсартады.

 

ҚАН ҚЫСЫМЫНА ҚАРСЫ РЕЦЕПТ

Орташа мөлшердегі 10 лимонды  ыстықтау сумен жуып, шайға қосатын  сияқты етіп кесіңіз. Бәрін үш литрлік банкаға салыңыз. Оған 0,5 литр бал, 0,5 литр алоэ шырыны, 0,5 литр спирт (немесе коньяк немесе арақ) қосыңыз.

Бетін  жауып, қараңғы жерге  40 күнге қойыңыз. Ара-арасында қозғап тұру керек.

 41-ші күннен бастап дайын болған қоспаны күніне 3 реттен, тамақтан жарты сағат бұрын,  1 ас қасықтан ішіңіз. 

Бұл рецептің алғашқы әсері  10-14 күнде байқалады. Қоспа таусылғанда қан қысымын тудыратын негізгі себептер мен  давлениедег құтыламыз.

Бұл қоспаны қатты күйзеліске ұшыраған кезде де ішуге болады. Сондай-ақ, бұл инфузияны суық тигенде, тұмау белгілері байқалғанда қолдану өте пацдалы.

 

МҰРЫН БІТУІНЕ ҚАРСЫ ТАПТЫРМАС ЕМ-ДОМ

Мұрын бітіп, одан су ағу, бастың ауыруы  суықтаудың алғашқы белгісі екенін бәріміз білеміз. Мұндай жағдайда тез арада  алоэмен емделген тиімді.

Алоэнің жуандау жапырағын жуып, шырынын стаканға сығып алыңыз. Мұны мұрын қуысына  4-5 тамшыдан тамызыңыз.

Бала үшін таза шырынды емес, оны бірдей мөлшерде қайнаған сумен сұйылтқан дұрыс.

Тамызған соң біраз уақыт жату керек. Процедураны әр 2-3 сағат сайын қайталаңыз.

Мұндай қоспа мұрын қуысындағы патогендерді өлтіріп, сонымен қатар интерферон өндірісін ынталандырады - біздің табиғи антибиотик, оның көмегімен дененің өзі вирустармен күреседі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 35 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: