29/01/2024, 09:43 | |
ҚАН ҚЫСЫМЫН дәрі-дәрмексіз 5 минут ішінде қалай төмендетуге болады? 1 және 2 нүктелер Сызық құлақтың астынан басталып, мойыннан төмен түседі. Осы сызықты саусақ ұшымен басыңыз да, басынан аяғына дейін ақырын сипай отырып, жеңіл ырғақпен төменге қарай массаж жасаңыз. Процедураны бастың екі жағынан 10 рет қайталаңыз. 3 нүкте Келесі сызық құлақтың бет дақ тұсынан басталады. Оны доға түрінде уқалай отырып, мұрынға қарай массаж әрекетін жасаңыз. Мұны да екі құлаққа қатар жасау керек. Тым қатты басудың қажеті жоқ, жеңіл, баяу. Массаж жасағанда еркін, терең тыныс ала отырып, өзіңізді бос, еркін ұстаңыз, ештеңеге алаңдардың қажеті жоқ. Демалуға тырысыңыз. ✅Бұл жаттығу 5 минут ішінде қан айналымын қалыпты күйге келтіреді: үйдегі қысымды төмендетудің табиғи және зиянсыз әдісі.
"ДАВЛЕНИЕНІ" 1 айда мүлде жоқ ететін рецепт Бұл амал қан қысымы көтеріліп, маза қашқанда, иммунитет төмендеуі мен ағзаның жалпы әлсіздігінде өте жақсы көмектеседі. Оның әсіресе аденома мазалайтын ер-азаматтарға көмегі көп екеніне көз жеткізгенбіз. ▪️2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құясыз. Енді оны баяу отта ақырын ғана 5 минут қайнатады. Оттан түсіріп, 1 сағат тұндырып қойған соң таза стерилді дәкемен сүзіп алу керек. Тұнбаның түсі қарақошқыл болса, үстінен аздап су құюға болады. Сосын 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Емделу мерзімі – бір ай. Бір апта үзілістен кейін емді тағы бір қайталап жіберуге болады. ▪️Жасы үлкен кісілердің көпшілігін осы уақытта жоғары қан қысымы мазалайтынын білеміз. Менің анам ондайда мынадай амал жасайды: 4 ас қасық емен күлін 1 литр суға қайнатып, 1 тәулік тұндырып қою керек. Сосын ерітіндіні бірнеше қабатталған дәкеден екі-үш рет өткізіп, күніне 3 рет тамақ алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек. Емді 2 апта жалғастырып, 5 күн үзіліс жасап, қайта қолдануға болады. ▪️Кеудедегі сырылдан арылу үшін жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып, кеудеге қою керек екен. Киіміңіз былғанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл процедура ұйықтар алдында жасалады. Осыны күнара 7 рет рет қайталаса кеудедегі ысқырық, сырыл кетеді және бүкіл дене жеңілденеді.
СУЫҚТАУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН ТЕЗ ЖОЯДЫ Мұрын бітіп, одан су ағу, бастың ауыруы суықтаудың алғашқы белгісі екенін бәріміз білеміз. Мұндай жағдайда тез арада алоэмен емделген тиімді. Алоэнің жуандау жапырағын жуып, шырынын стаканға сығып алыңыз. Мұны мұрын қуысына 4-5 тамшыдан тамызыңыз. Бала үшін таза шырынды емес, оны бірдей мөлшерде қайнаған сумен сұйылтқан дұрыс. Тамызған соң біраз уақыт жату керек. Процедураны әр 2-3 сағат сайын қайталаңыз. Мұндай қоспа мұрын қуысындағы патогендерді өлтіріп, сонымен қатар интерферон өндірісін ынталандырады - біздің табиғи антибиотик, оның көмегімен дененің өзі вирустармен күреседі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 34 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |