Халық емі
22/01/2024, 09:37

ӨТТІ ҚАЛАЙ ТАЗАРТҚАН ДҰРЫС?

Күн суықта қазан асып, қазы мен ет жеп, майлы сорпа сіміру – қазақ үшін қалыпты жай. Әйткенмен осы ет жеуге деген құштарлық өтімізді толтырып, өмірімізді қысқартуы мүмкін екен. Дәрігерлер осылай дейді. Себебі сау болудың жолы жайлы аз-кем мәлімет бере кетейік.

Майлы тағамдарды артық мөлшерде жеу өттің қоюлануына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз – өт жолдарында өт қабы қоюланып, астың ішекке дұрыс түспей қалуы. Уақытында ем қабылдамай, өтті дұрыс шығармаса, ол тас болып түйіліп қалуы әбден мүмкін.

Ауру асқынып, өтте тас пайда болса, хирургиялық ота жасатуға тура келеді. «Пышаққа түсу» деген проблема, әрине,ешкімге ұнай қоймайтын мәселе. Сондықтан өт ауруларын дер кезінде емдеген жөн.  Ал өт толғанын қалай білуге болады? Бұл кезде жүрек айниды, адам лоқсиды, оң жақ қабырғаның асты сыздап ауырады. Іш жиі қатып, адам өзін жайсыз сезінеді.

Өті толған адамдарға майлы, қуырылған және тұзы мен бұрышы көп тағамдарды азайтқаны жөн. Мұндай тағамдар өт жолдарын, өттің қапшығын қабындыруға бейім болады.

Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, қимыл-қозғалысты көбейту керек. Егер мереке күндері мазаңыз кетсе, үй жағдайында да өтті тазартуға болады дейді мамандар.  Медициналық тілмен айтқанда, дюбаж жасағыңыз келсе, онда минералды су керек. Суды 36-37 градус температурасында жылытып, таңертең ашқарынға ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стаканнан асықпай ұрттап іше отырып, осылай тәулік ішінде табиғи тазалану тәсілін жасаңыз. Мұны жарты жылда бір рет жасасаңыз жеткілікті. Бірақ оны екі аптадан астам ішуге болмайды.

«Ауру – астан» деген ғой. Тамақты талғаммен ішуді әдетке айналдырыңыз.

 

БАУЫРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ 6 ЖОЛЫ

1. 1 стакан таза суға лимонның жартысын салып ішіңіз, лимон шырыны бауырдағы токсиндарды шығарса ал су оларды шаяды.

2. Сарымсақ пен пияз жеңіз бұл әрекетіңіз туыс туысқандарыңызға ұнамауы мүмкін бірақ бұған бауырыңыз риза болады. Сарымсақ пен пиязда өсімдік витаминдері бар, майды ерітіп организмдегі қалдықтарды тазалайды және бактериялармен грибоктарды өлтіреді.

3. Расторопша пятнистая деген шөптің шәйін ішіңіз (және де марьин чертополох деп аталады) Немесе осы шөптерді суға салып ішіңіз. Расторопшада силимарин бауыр клеткасын улы заттардан қорғайтын антиоксиданттар бар.

4. С Дарумендері мол жеміс жидектерден көбірек жеңіз - түрлі түсті қырыққабат, болгар бұрышы, құлпынай, спаржа, лимон, қырыққабат, шпинат, асбұршақ, апельсин, грейпфрут, қызанақ, малина, сельдерей, жалбыз, петрушка. Көп болған сайын жақсы, ал егер шикідей күйі болса тіпті жақсы.

5. Одуванчик жапырағын кез келген түрін жеңіз (шәй, салат, сок, сорпа және т.б.). Уйіңіздің жанынан ала салмай, экологиясы таза жерден алыңыз

6. Үнді тағамдарын дайындап үйреніңіз себебі ол тек дәмді емес әрі пайдалы болып келеді, Тағам түрі Куркума деп аталады.

 

БҮЙРЕКТІ ТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕМДЕҢІЗ

Бір стакан тарыны жылы сумен жуып, 3 литрлік банкаға құйыңыз. Оған қайнап тұрған су құяды. Сыртынан жылы орап қойыңыз. Келесі күннен бастап қозғап, сұйықтықты кез келген мөлшерде және қалаған кезде су орнына ішіп жүріңіз. Сұйықтық таусылғанда, тарығп қайтадан қайнаған су құйып, дәл солай тұндырыңыз. Жұмсарған тарыны күніне 1 ас қасықтан жеуге де болады.

Дәмі өзгергенше ішуге болады. Таусылған соң тары суын жаңадан әзірлеп қойыңыз.

️Тары бүйрекке және бүкіл зәр шығару жүйесіне жақсы көмектеседі: бүйректі тазартады, құмды, тастарды кетіреді, әйелдер ауруларына көмектеседі және циститті емдейді. Қуықтағы тастарды емдеуге көмектеседі – бір-екі аптадан кейін  кейін тас құм болып еріп, несеппен бірге шығады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 37 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: