Халық емі
15/01/2024, 10:28

МЫҢ БІР ДЕРТКЕ ШИПА

әмбебап дәрі

Мамандардың зерттеуі көрсеткендей, ағзадағы йодтың жетіспеушілігі көптеген аурулардың дамуына себеп болады, соның ішінде қалқанша безінің бұзылуы, мастопатия, миома, простата аденомасы, ұмытшақтық, қан қысымының жоғарылауы да бар.

Йодтың жетіспеушілігі егде жастағы адамдарда, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында, сондай-ақ, компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт өткізетін кеңсе қызметкерлерінде жиі кездеседі.

Йод тапшылығын байқау аса қиынға соқпайды. Ұйықтар алдында білекке кәдімгі йодқа малынған мақта таңып жатыңыз. Егер таңертең қолыңызда йод сіңіп кетіп, ізін табу қиын болса немесе мүлдем таба алмасаңыз – нәтиже айқын. Ағзаңызда йод тапшы дегенді білдіреді. Бұл жағдайда грек жаңғағы – таптырмас құрал.

Сізге жаңғақ қабығының ішіндегі қабыршағы қажет. Эмальданған кастрюльге жарты кесе жаңғақ қабыршағын салып, үстіне 2 кесе салқын су құйыңыз да, қайнатыңыз. Отты басып, 10 минуттай бетін жауып қалдырыңыз. Суыған қайнатпаны (түсі қою демделген шайға ұқсайды) күніне үш рет тамақ алдында бір жұтымнан ішіңіз.

Бұл қайнатпамен емдеу курсы 1 аптадан 4 аптаға дейін созылады. Емдеу ұзақтығын теріге йод сіңуін тоқтатқанына қарай өзіңіз белгілейсіз.

Нәтижесінде жалпы жағдайыңыздың жақсарғанын, психикалық тепе-теңдікке қол жеткізіп, метаболизмнің қалпына келгенін байқайсыз.

Жаңғақ қабыршақтары конъюнктивитті де сәтті емдейді. Ол үшін қабыршақтарды кофетартқышпен, не басқа қолайлы  құралдармен ұнтақтау керек. Ұнтақтың жарты стаканына бір жарым стакан салқын су құйып қайнатыңыз да, баяу отта 20 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін дәкені қабаттап, сүзіңіз. Шамамен жарты стакан түсі қара қоңыр қайнатпа аласыз. Осы қайнатпаға мақта тампондарын малып, бір апта бойы қабағыңызға бірнеше минуттан қою керек.

Сондай-ақ жаңғақ қабыршақтарының қайнатпасын дәстүрлі медицинада простата аденомасын, простатитті, аналық без ауруларын емдеу үшін қолдануды ұсынады.

2 ас қасық жаңғақ қабыршақтарына 1,5 кесе қайнаған су құйып, баяу отта 20 минут қайнату қажет. Бір сағаттай тұндырып алыңыз. Бұл қайнатпаны күніне 3 рет қабылдайды.

Сонымен қатар жаңғақ қабыршақтарынан жасалған спиртті тұнбалармен көптеген ауруларды емдеуге болады. Қалқанша безі, асқазан-ішек жолдары және буын аурулары, гипертония мазаласа, жарты литрлік бөтелкенің үштен бірін жаңғақ қабыршақтарымен толтырып, үстіне арақ құйыңыз. 2-3 апта қараңғы жерге қойыңыз. Дайын болған кезде сүзіп, 1 ас қасықтан тамақтанар алдында қабылдаңыз.

Грек жаңғағы – қант диабетімен күресте ең тиімді құрал. Ыдысқа 2 ас қасық жаңғақ қабыршақтарын салып, бетін толық жабатындай етіп арақ құяды. Бір апта тұндыру қажет. Тұнбадан 5-6 тамшы алып, оны 2 қасық сумен араластырып ішіңіз. Емдеу курсы үш аптадан үш айға дейін созылуы мүмкін. Қандағы қант деңгейін талдау емнің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Грек жаңғағының спиртті тұнбаларымен ысқылау арқылы радикулитті, буын ауруларын бәсеңдетуге болады.

Дәстүрлі медицина есте сақтау қабілетін жақсарту, бас ауруынан арылу, жатыр фибромиомасы мен мастопатия, жүйке жүйесі аурулары, ұйқысыздық пен ұзақ уақытқа созылған асқазан ауруларында жаңғақ қабыршақтарының тұнбасын ішуді ұсынады.

 

ӨТ ЖОЛДАРЫН ЕМДЕУ...

 Бізге өттің толуы, өт жолдарының қисаюы, жалпы өт жолдары туралы сауалдар көп түседі. Көпшілік өт жоларын үй жағдайында қауіпсіз әрі зиянсыз емдеу тәсілдерін білгісі келеді.

 

Балды емделуге қолдану.

Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.Сондайақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

Балды үккіштен өткізілген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақтаса, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.

Үстіне шекер сеуіп буға пісірілген #пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің көру қуаты артады.

Жалбыз

Жалбызды өт бөлінуінің бұзылыстарында, өттің және өт жолының қабынуында, сонымен қатар өттегі тас аурулары мен сары ауруда, ісінулерде, асқазан шаншуларында, асқорыту және жүйке жүйесінің жұмысындағы бұзылыстарында, ұйқысыздықта, бас сақинасында, невралгияда, жүйке тырысуында және етеккір кезеңінің бұзылыстарында қолданады.

Оны қосымша ретінде салатта, кондитер өндірісінде, сусындар, арақтар мен ликерлар өндірісінде, сонымен қатар хош иістендірілген сірке суын, қуырылған етті және зельц дайындауда қолданады.#

 

СІЗДЕ ҚАЙ ЭЛЕМЕНТ ЖЕТІСПЕЙДІ?

Адам ағзасында аз мөлшерде химиялық элементтер болатынын бәріміз білеміз. Ал енді олардың қайсысы қанша мөлшерде болу керек екенін білесіз бе? Мына қызық дерекке қараңыз:

Жер массасының шамамен 50%-ын оттегі, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент – оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді. Адам ағзасында да элементтердің дәл осындай тиісті мөлшері болуы тиіс екен. Шын мәнінде қызық дерек. Тәуелсіз зерттеулер тобы жиырма шақты жыл бұрын осыны анықтағанда «Адам топырақтан жаралған» деген сөздің қисыны бар деген тұжырымға келген болатын. Бірақ мұның ғылыми дәлелі жоқ.

Ағзаға қажетті элементтердің көрсеткіші белгілі болды. Бұл тепе-теңдік ағзаның аурудан аман, деннің сау, өмірдің ұзақ болуына тікелей әсер ететіні анық деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Десек те соңғы жылдарда ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі жиі байқалатын болып жүр. Ал бұл жетіспеушілік ағзаға қалай әсер етеді?

Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні белгілі. Олардың табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша, микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйекте және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Дегенмен элементтер басқа да кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады.

️Мырыш – қарын асты безінде;

️Йод – қалқанша безінде;

️Фтор – тіс кіреукесінде,;

️Флюминий, мышьяк, ванадий – шашта;

️Кадмий, сынап, молибден – бүйректе;

️Қалайы – ішек ұлпаларында;

️Стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында;

️Барий – көздің пигментті қабатында;

️Бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Олардың тиісті мөлшерден аз болуы тап осы ағза мүшесінің дертке шалдығуына себеп екені түсінікті.

Фтор жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний жетіспеген кезде көңіл-күй құбылады, адам ашуланшақ, жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. Ол жүрек соғысының ырғағын қалыпқа келтіреді, тамыр кеңейтуге атсалысып, оттегімен қамтамасыз етуге көмектеседі.

 Фосфор күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің көрсеткіші – адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Бұл элемент қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді.

Селеннің де ағза үшін орны ерекше. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Ал мырыш ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент.

Калий - жүрек қағысын реттеуде оның орны бөлек. Қуық саулығы үшін стронций керек. Бүйрегі жиі ауыратындар күнделкті ас мәзірінде молибденнің қалыпты мөлшері болуы қадағалауы тиіс. Олай болса, осы микроэлементтердің ағзада жетіспеуінің алдын алыңыз, сонда сау боласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 40 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: