08/01/2024, 10:45 | |
БАС САҚИНАСЫ Бас жиі ауырып, сақинасы ұстап қала берсе мынадай ем жасап көріңіз: Жақсы кептірілген лавр жапырағын ұнтақтаңыз. Оның 2 ас қасығын 300 мл өсімдік немесе басқа кез келген сұйық майға салу керек. Араластырып, жылы жерде жеті күн ұстайды. Сосын сүзіп аласыз. Оны бас ауырған кездерде самайға, маңдай тұсқа сіңдіре жағады. Бұл тұнбаны невралгия, артрит кезінде де қолдануға болады. Мұның ешқандай зияны жоқ. Бас «сынып» ауырғанда жасайтын тағы бір қызық ем бар. Қос қолды 3-4 минутқа салқын суға салады. Сосын оны сүртпей, толық құрғағанша ашық ауада күтесіз. Осылай 3-4 рет жасағанда басыңыздың ауырғаны қашан қойып қалғанын байқамай да қаласыз.
СТРЕПТОЦИД жайлы көпшілік біле бермейтін жайлар Суық тигенде ең қолжетімді дәрінің бірі – стрептоцид. Бірнеше жыл бұрын ОЛ стрептоцидпен қалай тиімді емделу керектігін үйренді. Ол кезде қатты ауырып қалды, қалтасындағы ақшасы стрептоцидке ғана жететін еді. Оның жұтқыншағы қатты ауырды, тонзиллит не фарингит деп топшылады. Ойланбастан стрептоцид сатып алды да, басқа шығынсыз емделіп шықты. Бастысы, емдеу кезінде сұйықтықты көбірек тұтыну қажет. Сонымен рецептке келер болақ, стрептоцидтың бір таблеткасын тілімізге қойып, шалқамыздан жатамыз. Осы қалыпта 15-20 минут жату керек. Дәрі өзі еріп, тамақты ашады. Екінші таблеткадан кейін-ақ нәтижені байқайтын боласыз. Егер дәрі-дәрмек алуға ақша жетпесе немесе ауру аяқ астынан басталса, стрептоцидті пайдаланыңыз, оны қолдану аясы кең.
Гaймopит және cинycит Стрептоцидтің бір таблеткасын алып, оны ас қасыққа салыңыз да, екінші қасықтың көмегімен ұсақтаңыз. Ол ұнтаққа айналғанда кез-келген түтікше арқылы мұрыныңызға тартыңыз. Егер мұрыныңыз бекітіліп, ауа жұту мүмкін болмай тұрса, алдын ала мұрынға раналған тамшыларды пайдаланыңыз, кейін еркін тыныс алған кезде ұнтақты түтік арқылы мұрынға тарту қажет. Гайморит кезінде стафилококк сияқты бактерияларды әдетте дәрі-дәрмек не ине егу арқылы антибиотиктермен емдейді. Қалай болғанда да ол ағзаға кері әсерін тигізбей қоймайды. Ал стрептоцид қабыну ошағына жергілікті қолдануға болатын микробқа қарсы құрал. Бұл процесс жағымды, ауырсынусыз өтеді.
Тамақ ауыруы, ангина Тамақ ісініп, ауырғанда жұтынудың өзі қиындап кетеді. Әр түрлі ұнтақты ерітіп, шайғанмен де нәтиже қуантатындай емес. Осы кезде стрептоцидті нұсқаулықтағыдай қолдансаңыз, екінші рет қолданғаннан-ақ, оң өзгерісті байқайсыз. Дәрінің дәмі аса жағымды болмаса да, ауру қатты асқынбай тұрған шақта жақсы көмектеседі. Стрептоцидті 3 жастан асқан балаларға қабылдауға болады. Алайда, емді бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп алғаныңыз жөн, өйткені, препараттың әсер ететін ауқымы кең болған сияқты, қарсы көрсетілімдері де біршама.
Қарсы көрсетілімдер Препараттың компоненттеріне сезімталдықтың жоғарылауы. Анемия, ауыр бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығының жоғарылауы, азотемия, порфирия, жүктілік, бала емізу кезеңі. Жаңа босанған аналарға қолдануға болмайды, өйткені, стрептоцид плазма ақуыздарынан билирубинді ығыстырады да, ядролық сарғаюды тудырады. Арнайы ескертулер: препаратты қабылдаған кезде оны сілтілі минералды сумен немесе ас содасының ерітіндісімен ішу керек. Стрептоцидпен ұзақ уақыт емделген кезде ауық-ауық қан талдауын жасап, бауыр мен бүйрек қызметін бақылауда ұстаған жөн.
БАУЫРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЕҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ ОСЫ Бауыр ағзадағы зиянды токсиндерді шығаруға, зат алмасу үрдісіне қатысады. Холестерин деңгейін реттейді, пайдалы минералдар мен витаминдерді сақтайды. Сондықтан басқа органдар сияқты, бауырдың сау болуы да өте маңызды. Ғалымдар бауырды тазалауға мына 7 тиімді азық-түлікті ұсынады: ✅1. Сарымсақ. Оның құрамындағы күкірт бауыр ферменттерін белсенді етеді. Әрі бауырды сыртқы зиян әсерлерден қорғап, токсиндерден тазалайды. Сарымсақты салаттарға немесе етке қосып та, сонымен қатар өзін де жей беруге болады. ✅2. Жылы су мен лимон. Жарты литр жылы суға лимонның жартысын (немесе үштен бір бөлігін) қосып, күнделікті таңертең ашқарынға және кешке ұйқы алдында 1 стаканнан ішіп жүру керек. Ол бауырдың көбірек ферменттер бөлуіне жәрдем береді, әрі бауыр табиғи жолмен тазалана бастайды. ✅3. Авокадо. Бауырдың саулығын қорғауда оған жетер жеміс жоқ: ол ағзада глутатион өндіруге көмектеседі. Ал глутатион бауырды токсиндерден тазалайды. ✅. Кинза. Бұл әмбебап шөпті кез-келген тағамға қосуға болады. Ол бауырдыауыр металдардан тазалайды. ✅5. Куркума. Бауыр бұл дәмдеуішті жақсы көреді. Өйткені куркума бауыр жасушаларын қайта қалпына келуіне көмектеседі. Өтте көп сөл бөлуіне ықпал етеді, зиянды токсиндермен күресуге күш салады. ✅6. Қырыққабат. Токсиндерді бейтараптандыруға жауап беретін ең маңызды бауыр ферменттерінің өндірісін белсендіреді. Сондықтан қырыққабаттан жасалған салаттар мен сорпаны көбірек ішкен жөн. ✅7. Зәйтүн майы. Құрамында негізгі антиоксидант болып табылатын Е витамині бар. Ол ағзаға әртүрлі зиянды токсиндерді соратын липидтік негіз береді. Нәтижесінде бауырды шамадан май тыс жүктелуінен қорғайды. Сондықтан салат пен тағамдарды зәйтүн майынан дайындаған дұрыс. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |