Халық емі
02/01/2024, 20:59

БАЛ+ДАРШЫН: ӨТЕ ШИПАЛЫ ЕМ!

Жүрек ауруы және холестерин деңгейін төмендету үшін:

2 стакан жылы суға 2 шай қасық бал, 2 шай қасық ұнтақталған даршын қосып, жақсылап араластырыңыз. Осыны 3-ке бөліп, таңертең, түсте дән кешке астан 30 минут бұрын ішеді.  Рецепт инсульт пен инфаркттің алдын- алу үшін де тамаша ем саналады: ентігу азаяды, жүрек соғысы қалыпқа келеді.

Артритке:

Бір стакан жылы суға 2 ас қасық бал мен бір шай қасық даршын қосып, араластырыңыз. Таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді.  Жүйелі түрде жалғастырса, тіпті созылмалы артритті де емдеуге болады.

Суық тию мен тұмауға қарсы:

Бір ас қасық балға бір шай қасық даршынның үштен бірін қосыңыз, барлығын бір стакан жылы суда араластырыңыз. Стаканның үштен бір бөлігі мөлшерінде  күніне үш рет ішеді.

Тұмау кезінде бұған аз ғана қара бұрыш қосуға болады. Мұндай жағдайда әр 3 сағат сайын 1 ас қасықтан ішу керек.

 

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУДІҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ

 Қыс та келіп жетті. Ағзасының қорғаныс қабілеті нашарлаған адамдарды бұл кездері суық тию, тұмау сияқты аурулар төңіректейтіні белгілі. Денсаулықтың мығым болуына бірінші кезекте ағзаның түрлі инфекциялардан қорғаныс қабілетінің мықтылығы кепіл. Бұл қабілетті қалай күшейтуге болады? Осы сауал төңірегінде зерттеу жүргізген Ресей мамандары бұл мәселеде мынадай тағамдардың маңызы зор екеніне көз жеткізіпті:

Йогурт, кефир. Йогурттың құрамында ағзаны зиянды бактериялар мен вирустардан қорғайтын заттар көп. Бұл заттар – «пробиотиктер» аталатын пайдалы бактериялар. Олар түрлі зиянды жерлерге қарсы лейкоциттерді көбейтеді. Ал лейкоцит қорғаныш қызметін атқарады (қалыпты мөлшерде болса, әрине). Кәдімгі кефир де йогурт сияқты әсер етеді, бірақ әлсіздеу, өйткені ол арнайы «кефир саңырауқұлақтарын» қосу арқылы дайындалады, ал оның құрамында пробиотиктер аздау.

Сарымсақ. Сарымсақтың құрамында күкіртті заттар көп. Ал бұл заттарда бактерияларға, вирустық, саңырауқұлақтық (грибковые) және паразитті инфекцияларды жоятын қасиет бар. Олар ағзаның қорғаныс жүйесін күшейтеді.

Тәтті қызыл бұрыш. Тәтті қызыл бұрыш құрамында ағзаға оңай сіңірілетін  аздаған қуаты бар  азықтық заттар көп. Құрамындағы С витамині мен бета-каротиндер ағза үшін аса пайдалы. Жалпы алғанда, оның құрамындағы С витамині жеміс-жидектегілерден әлдеқайда көп.

Көк шай. Шайдың құрамында антиоксиданттар, полифенолдар және суық пен тұмаудан қорғайтын басқа да химиялық заттар көп.

Асқабақ. Асқабақ бета-паратиндерге және басқа да азықтық заттарға өте бай, әсіресе онда А витамині көп. А витамині өз кезегінде ақуыздарға тіндер арасындағы байланысты күшейтуге көмектеседі. Бұл дегеніңіз ағзаның қорғаныс жүйесінің негізі. Ол сондай-ақ обырдың алдын алады.

Жалпы, ауа-райы суық, тұмау вирустары көп кезде құрамында А, Е, С, витаминдері, түрлі микроэлементтер, антиоксиданттар бар заттарды жиірек қолдану керек. Олар ағзаның иммундық жүйесін күшейтеді.

 

ВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАЙ

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 36 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: