Халық емі
26/12/2023, 11:05

КҮРІШ СУЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Бұл – ежелгі Қытай рецепті. Уақытпен тексерілген, тән саулығын сақтау мәселесінде басты шара саналатын, әдеттегі медициналық әрекеттер пайдасын тигізбеген кезде жасалатын амал деседі.

Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес. Дұрыс дайындалған күріш өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын өте пайдалы тағам.

Күріш жеп отырған кезде ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады, асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді.

Дегенмен күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, бұл жазбаны сақтап қойғаныңыз жөн. Ал айтарымыз мынау: мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді. Оба ауруының алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар. Саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Ертеде қазіргідей арнайы дайын сусын мен тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Бүгінде жиі айтылатын «бұрынғының балалары мықты болған» деген сөз осындай табиғи ас-судың арқасы екені жасырын емес.

Иә, ертеректе күріш суының арқасында дисбактериоз, гепатит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стакан суға бір ас қасық күріш жеткілікті. Күріш жартылай піскен шақта су түсі өзгереді. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды. Ал күрішті суға қайнатып, оған айран қосып ішсе, асқазан-ішекті тазартып, ағзаны, теріні жасартатын дайын детокс дей беріңіз. Үш немесе бес күнге созылған осындай диета ұстансаңыз  жасушалар да жаңарып, ағзаға жиналған тұздан арыласыз. Бұл «диетаның» ерекшелігі –  күріш+айран ботқасын қалауыңызша жей беруіңізге болады.

Айтпақшы, күріш қайнатылған суды жиірек ішу бауырды сауықтырады.

 

МЕЙІЗ ЖЕСЕҢІЗ МАЗАҢЫЗ ҚАШПАЙДЫ

 «Қалауын тапсаң қар жанады» дегендей, кәдімгі мейізді жөтелге, аллергиялық қышымаға ем ретінде пайдалануға болады. Ол үшін дәні мен сабағы бар мейізді таңдап алыңыз. Өйткені бұл мейіздің нәріөзінде сақталады.

Ем үшін жақсы кептірілген қара жүзімді алу керек. Қара жүзім нәрлі де дәмді келеді. Сондықтан оның емге тигізер пайдасы көп.

Жөтелген кезде мейіздің қайнатпасы  өте пайдалы. Бір уыс мейізді алып, тазалап жуып, 1,5 стакан ыстық суда 10 минут қайнатады. (Одан ұзақ қайнатуға болмайды). Сосын сусынды жылы күйінде күн ұзақ аз-аздап ішіп жүріңіз. Емнің әсері тиімдірек болу үшін мейіз қайнатпасына 1 ас қасық пияздың жаңа сығылған шырынын, осынша бал қосуға болады.

Ертеде денені теміреткі басқанда оған мейізді жарып, үйкеген. Терінің аллергиясына мейіздің қайнатпасын жаққан.

Мейізден теріге маска жасауға да болады. Ол үшін бір уыс мейізді алып жуып,  еттартқыштан өткізіп, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық қаймақ, 1 ас қасық сұлы ботқасын қосу керек.  Міне, бұл қоспадан бетке жағатын тамаша маска шығады.

Күніне 10 мейіз, 2 кепкен өрік, бір грек жаңғағын жеп, жылы су ішіп тұрсаңыз, жүрегіңіз жақсы жұмыс істеп, анау-мынау сырқатқа тез арада сыр білдіре қоймайды.

 

ТІЗЕҢІЗ АУЫРСА, ОСЫ ЕМДІ ЖАСАП КӨРІҢІЗ

Ацетилсалицил қышқылының (аспирин) 10 таблеткасын ұнтақтап, 200 г балмен (сұйық бал болса жақсы) мұқият араластырыңыз. Қоспаны 10 күн  жылы жерге қойыңыз, мезгіл-мезгіл араластырып тұрыңыз.

Тізе қақсап, ауырған жағдайда осы жақпаны жағып, сыртынан полиэтиленмен ораңыз. Сосын жүннен тоқылған матамен орап тастаған жөн.

Аспирин қосылған бал әсер ете бастағанда аздап қыздыру сезімі болуы мүмкін. Бұл жағымсыз әсер уақыт өте келе жойылады.

Тізесі ауыратын адамдар бұл процедураны жеңілдік сезінгенше күнделікті түнге қарай  жасағаны жөн. Ем кезінде буынды арнайы жаттығулармен және жеңіл массажбен дамытуды ұмытпаңыз.

‼️Бұл жақпаны ара өнімдері мен аспиринге аллергиясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 48 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: