Халық емі
19/12/2023, 09:41

ЖҮЙКЕҢІЗГЕ ЖӘРДЕМ БЕРЕТІН ВИТАМИНДЕР

А витаминінің жетімсіздігінен миды оттегімен қамтамасыз ету жүйесі бұзылады да, содан жүйке талшықтары зардап шегеді. А витамині тәтті келімдәрі мен сәбізде, тағы басқа тамырлы көкөніс түрлерінде көп. Бірақ бұл витаминдерді адам ағзасы өзіне сіңіруі үшін май аса қажет. Сондықтан диета ұстағанда ас мәзірінен май өнімдерін алып тастауға болмайды. Мәселен, үккіштен өткізілген сәбізге немесе тәтті қызыл бұрышқа бір қасық өсімдік майын қосса артықтық етпейді. Қайта ағзаның А витаминін дұрыс сіңіруіне көмегін тигізеді.

Д витамині адам сүйектері мен тістеріне ғана көмекші емес, ол сондай-ақ есте сақтау қабілетін сақтауда да аса маңызды роль атқарады. Егер күнделікті тамақ рационында ақжелкек (петрушка) мен ашыған сүт өнімдері, балық майы сияқты заттар жеткіліксіз болса, адам ағзасы тез әлсірейді. Таңертең және күн батар алдында денені күн сәулесімен қыздырса бұл витамин күлгін түстің әсерінен тері астына жақсы тарайды.

В9 витамині еске сақтау қабілетін жақсартады және мидың оттегімен қамтамасыз етілуін реттейді. Көкөністер, аскөк пен қырыққабат, асқабақ бұл витаминнің негізгі көзі.

В12 – адам ағзасына ең қажетті витамин. Егер ағзада бұл витамин жетімсіз болса, жүйке жұқарумен қатар адамда қаназдық орын алады. Адам шаршағыш әрі ұйқышыл келеді. Бұл витаминнің мал өнімдерінде ғана болады. Дегенмен оны тек ет өнімдерінен ғана емес, ашытылған көкөніс пен сыра ашыт¬қысынан да алуға болады.

РР витамині жүйкенің бұзылған торшаларын (клеткаларын) қалпына келтіреді. Ұмытшақтықтың (склероз) асқынуына қарсы күреседі. Қан тамырларының жұмысын жақсартады. Бұл витамин пияз бен сарымсақтың, сәбіздің құрамында көп.

 

БАУЫРДЫ ИТМҰРЫНМЕН ТАЗАРТУ

 Бауырды тазартудың қарапайым және тиімді халықтық әдісі – итмұрын.

 Екі уыс құрғақ итмұрынды  термосқа салып, 0,5 литр ыстық су құйыңыз.

 Шамамен 12 сағат тұндырыңыз. Стаканға итмұрын "шайын" құйып, оған 1 ас қасық бал қосып,  мұқият араластырыңыз.

 Мұны таңертең ашқарынға  ішіңіз, 20 минуттан кейін тағы бір стакан ішкен дұрыс.

 Бұл сұйықтықты ішкеннен кейін бір сағаттан кейін ғана таңғы ас ішуге болады.

Курс екі күнде 6 қабылдаудан тұрады.

 

КІМГЕ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНҒАН ДҰРЫС?

Кез-келген адам үшін дұрыс тамақтанудың маңызы өте зор. Өйткені денсаулықтың мықты болуы тамақтың қажетті витаминдерге бай әрі сіңімді болуына тікелей байланысты. Есіңізде болсын, дұрыс тамақтана білетін адам тез қартаймайды. Сондықтан мамандар асты дұрыс ішуді қалайтындарға азық-түліктің мынадай 10 түрін ұсынады.

️1. Қызғылт-қоңыр түсті күріште көміртегі мол. Көп адамдар семіріп кетерміз деп ондай күрішті жеуден қашқақтайды. Бірақ оның пайдасы бар екенінен хабары жоқ. Қызғылт қоңыр түсті күріш тағамдары холестеринді төмендетеді, жүрек-қан тамыр, ішектің қатерлі ісігі, өтке тас байлану, қант диабеті және семіздік ауруларына шалдығу мүмкіндігін тежейді. Сондай-ақ ішектің жұмысын жақсартады.

️2. Кейбіреулер кәдімгі жұмыртқаның пайдасы барын ескере бермейді. Жұмыртқа көзді катаракта ауруынан сақтайды, себебі онда белок пен лютеин көп. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, жұмыртқа тағамы қан ұйығынан, яғни инфаркт пен инсульттан сақтайды екен. Аптасына алты жұмыртқа жейтін адамда сүт бездері қатерлі ісігінің пайда болуы 44 пайызға дейін төмендейтін көрінеді. Ал күніне бір-екі жұмыртқа жегеннен холестерин арта қоймайды.

️3. Жас келген сайын кальций жетіспеушілігі арта беретіні белгілі. Сондықтан құрамында кальцийі бар тағамдарды жиі ішіп-жеу керек. Мұндайда майы бөлек алынған сиыр сүті аса пайдалы. Онда сүйекке және буындарға пайдалы кальций өте мол. Олай болса, күніне екі стакан сүт немесе майы жоқ йогурт ішіп, кальцийі көп жеміс жеп тұрыңыз.

️4. Тағамның дәмін келтіріп, құнарын арттыратын шпинат деген жасыл жапырақты өсімдік құрамында пайдалы заттар өзге тағамдарға қарағанда көптеу. Мұнда адамды инфаркт пен инсульттен қорғайтын С, А және К витаминдері, сондай-ақ антиоксидант¬тар молырақ. Шпинат ішекте болатын қатерлі ісіктен, остеопороздан және буын ауруларынан сақтайды. Ол да жұмыртқа сияқты люгеинге бай, көзге де пайдалы. Сондықтан таңертең жұмыртқа мен шпинатты қоса жеңіз.

️5. Бір ғана бананда 467 миллиграмм калий болады. Калий бұлшық еттердің, әсіресе жүрек бұлшық етінің сау, қуатты болуына көмектеседі. Ол қан қысымын төмендетеді. Банан жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады, қышқылды жояды. Бананды майдалап йогуртқа, сүтке, жеміс шырынына қосып жеуге де болады. Калий жасымық бұршағында, сардина балығында және кептірілген өрікте мол болады.

️6. Еттің ең дұрысы – тауық. Әсіресе төсі пайдалы (терісін алып тастап жеңіз). Өйткені онда май аз. Есесіне тауық етінде белок көп, ол сүйегіңіздің салмағын түсірмеуге септігін тигізеді. Тауық еті қатерлі ісіктің де алдын алады және мидың жұмысын күшейтеді.

️7. Қызыл балық майлы болғанымен холестеринді жояды, қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің және қан ұйығының алдын алады. Қызыл балық ұмытшақтықтан сақтайды. Оның құрамында Альцгеймер ауруынан қорғайтын никотин қышқылы болады. Аптасына кемі үш рет қызыл балықтың өзін немесе консервісін жеңіз. Сонымен бірге, жаңғақ пен қызыл балықтың құрамы бір-біріне жақын екенін ұмытпаңыз.

️8. Қара жидекте калория аз болғанымен, онда пайдалы витаминдер өте мол. Қара жидектегі антиоксиданттар адамды катаракта, глаукома, тамырдың кеңеюі, геморрой, асқазан жарасы, жүрек-қан тамыры және қатерлі ісік ауруларынан сақтайды. Қара жидек инсульттен кейін ми жұмысының жақсаруына пайдалы, асқазан бұзылуының да алдын алады.

️9. Тағамдық шөптердің түр-түрін асқа қосып ішкен дұрыс. Әдетте жас ұлғайған сайын адамның аузынан дәм кете бастайтыны белгілі. Сондай кезде дәмі шықсын деп асқа тұзды көп салып жатады. Ол дұрыс емес, тұз қан қысымын көтереді. Одан гөрі тағамның дәмін шөптермен кіргізу керек.

️10. Сарымсақтың да пайдасы зор. Ол қатерлі ісіктің, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады, инсульттің болуын тежейді. Буындары сырқырайтындар мен қант диабеті барларға пайдалы.

Мамандар мынадай төрт түрлі тағамнан алысырақ жүруге кеңес береді:

1. Тәттілер. Тәтті нәрсе семіртеді. Онда калория көп, бірақ пайдалы заттар жоқ. Қант жеуді азайтыңыз немесе мүлде тоқтатыңыз.

2. Тұз. Тұз қан қысымын арттырады. Тұзы көп ас пен соустарды да жемеңіз.

3. Ішімдік. Күніне 2 стаканнан артық ішімдік ішуге болмайды. Ішімдікте калория көп, ол ағзаның витаминдерді сіңіруіне кедергі жасайды. Ең зияны аздау дегені – кәдімгі қызыл шарап.

Май. Май етте, ірімшікте, тауықтың терісінде және балмұздақта болады. Май холестеринді ұлғайтады, салмақты ауырлатады.

Ендеше дұрыс тамақтана біліп, ауру-сырқаудан сау жүрейік, ағайын.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: