Халық емі
10/12/2023, 22:29

АҚЖЕЛКЕН (ПЕТРУШКА) – ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ НАҒЫЗ ҚОРҒАНЫ

Тұмау, ОРВИ, тамақ ауруы, қызылша (корь), желшешек (ветрянка):

1 шай қасық ұсақталған петрушка тамырына 1 стакан қайнаған суға құйып, қақпағын жауып, 6-8 сағатқа қалдырыңыз (түнде қалдыруға болады). Таңертең сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 5-6 рет (балалар 1 шай қасықтан күніне 3-4 рет тамақ алдында ішіңіз. Емді 15-20 күн жалғастыруға болады. Ол ауру өршіген кезде оның жеңіл өтуіне көмектеседі, профилактика үшін де көмегі жақсы.

Простатит:

Петрушка тамырын майдалап тураңыз. 1 ас қасығына 1/2 кесе қайнаған су құйып, бетін жауып, түнге қалдырыңыз (7-10 сағат). Таңертең сүзіп, тамақтан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан, күніне 4 рет ішеді. Емді 20 күн жасап, 10 күн демалу арқылы кемінде 3 рет қайталаңыз.

Артроз, артрит:

1 шай қасық кептірілген петрушка мен тамыры қоспасына 2 стакан ыстық суға құйып, 9 сағатқа қалдырыңыз. Кейін сүзіп алып, 3 күн бойы күнделікті асалдында 2-3 ас қасықтан ішіңіз. Араға 3-7 күн үзіліс салып, тағы қайталауға болады. Бұл сусын буын шеміршегінің серпімді боулына, ондағы тұздың ыдырауына жәрдем.

  Бүйрек пен қуық тастарына:

1 шай қасық майдалап туралған петрушка тамырын 1 шай қасық туралған жапырақпен араластырыңыз. Оған бір стакан қайнаған су құйыңыз, сүлгімен орап, 2-3 сағатқа қалдырыңыз. Созын сүзіп алу керек. Оны жарты стаканнан тамақтану алдында (таңертең және кешке) асықпай ұрттап ішу керек. Емді 7 күн жалғастырып, 7 күн демалады. Сосын тағы бір рет қайталаса тиімді.

 

МЕНОВАЗИНДІ ЕМГЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

▪️ Радикулит – егер  мойынның желке бөлігін, омыртқаны және отырықшы тамыр (седалищный нерв)  аймағын майласаңыз, айтарлықтай жеңілдік пайда болады.

▪️ Тұз жиналуы – егер ауыратын буындарға күнделікті меновазинді сіңдіре жағып жүрсеңіз,  уақыт өте келе ауру толығымен жойылады.

▪️ Жүрек ауруы – егер ауырсыну иыққа берілсе, бас немесе тіс ауырса, күніне 2 рет құлақтың айналасын майлаңыз.

▪️ Аяқ ауыруы – күн сайын аяқтың өкше, тобық,  тізе астындағы ойықтарды майлаңыз.

▪️ Отит – меновазинге малынған мақта тачқшасының көмегімен құлақтың қабынуын жеңілдетуге болады.

▪️ Безеу – терінің зақымдалған аймағын меновазинге батырылған құлақ таяқшасымен «күйдіріңіз».

▪️ Бас ауруы – бас ауруының кез келген түрінде самай мен маңдайды меновазин жағып, ысқылаңыз.

▪️ Жөтел мен суық тию – жөтелмен бірге жүретін суық тию кезінде кеуде мен арқаны меновазинмен сүртіңіз. Процедурадан кейін жылы жүн көрпемен орануды ұмытпаңыз.

▪️ Стрептококк –  ангина кезінде дәрі-дәрмек қолданумен қатар, тамақ аймағын меновазинмен сүртіңіз.

 

АЧПИРИННІҢ АЛМАЙТЫН ҚАМАЛЫ ЖОҚ

Ол жақында аспириннің жаңа бір «қырын» байқады. Туыс жеңгесінің тізесі ауыратын. Отырып-тұрғанда тізесін дұрыс баса алмай қиналатынын көріп те жүр. Түрлі қыздыратын майлар әсер етпей қойды. Әжесі жеңгесіне олар бұрын-соңды естімеген ем деп айтты.

«10 түйір аспиринді ұнтақтап, 200 грамм балға араластыру керек.  Балдың сұйықтау болғаны жақсы. Оны 10 күнге жылы жерге қойып, ара-тұра араластырып тұр. Осы балды ұйқы алдында тізеңе жағып, сыртынан жүннен тоқылған матамен, оның сыртынан клеенкамен орап таста. Тізе буының  суықтаған болса аздап қыздыру, қызару белгілері болуы тиіс. Одан қорықпа, бал суықты өзіне тартып алады ғой. Уақыт өте қызуы, қызаруы басылады. Есесіне тізеде жеңілдік болады, отырып-тұрғанда, жүргенде бұрынғыдай қиналмайсың», – деді әжесі.

Арада біраз уақыт өткенде әжесіне сәлем бере келген жеңгесі аспирин аралас бал шынында да жақсы көмектескенін айтты. Тізенің сықырлауынан түбегейлі жазылып кетпесе де, отырып-тұруында жеңілдік бар екенін байқады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 51 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: