27/11/2023, 09:14 | |
ІШЕКТІ ТАЗАЛАЙТЫН ТАМАША ТҰНБА (Барлық аурулар жойылады) Бұл әдіс әсіресе денені тұз шөгінділерінен тазартуда тиімді және буындарға, сүйектерге және тіпті бұлшықеттерге өте пайдалы. Тазартатын "сусын" дайындау үшін сізге қажет: 5 г туралған лавр жапырағын 300 г қайнаған су құйып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Термосқа орап, 4 сағат бойы тұндырыңыз. Ем нәтижелі болу үшін үш күн қатарынан пайдалану керек. Дайындалған 300 г тұнбаны тәулік ішінде кішкене жұтыммен ішіп тауысу керек. Дұрысы – белгілі уақыт аралығында бір ас қасықтан ішеді. Мысалы, әр 1,5 сағат сайын. Содан кейін бір апталық үзіліс жасап, қайтадан қайталаңыз.
СОЗЫЛМАЛЫ ШАРШАУ: ең жақсы бес рецепт Кейде адам жүйкесі жұқарып, қажып, шаршауы басылмай, үнемі қалжырап жүруі және ашуланшақ болып кетеді. Бұл – созылмалды шаршау белгісі. Оны жеңудің қарапайым да тиімді мына амалдарын жасасаңыз, өкінбейсіз. Бұл рецепт сонымен бірге иммунитетті арттырады және жүйке жүйесін нығайтады. Жаңғақ Бір стакан грек жаңғағын, бал мен лимон керек. Жаңғақты ұнтақтаңыз. Ал лимонды жуып, қабығымен қосып турау керек. (Дәндерін алып тастаңыз). Оған бал қосып, араластырыңыз. Дайын болған витаминдік қоспаны тоңазытқышта сақтау керек. Мұны 2 апта бойы күніне 3 рет 1 ас қасықтан жейді. Бұл қоспа ағза үшін керемет витамин қоспасы, ұйқыны тыныштандырады, иммунитетті нығайтады, қалжыраған ағзаға қуат береді. Жүзім шырыны Күнделікті астан бұрын 2 ас қасық жүзім шырынын ішіп жүру созылмалы шаршаудан құтылудың оғай да тиімді тәсілі. Қарағай инелері Әсіресе орманды алқаптан жиналған қарағай инелерінің шипасы керемет. Оны салқын суда жақсылап жуыңыз да, пеште (духовка) 15 минут кептіріңіз. Ұнтақтап, 2 ас қасығына 200 мл құйыңыз. Оны баяу отта 30 минут қайнатыңы. Аздап салқындаған соң 3 ас қасық қосыңыз. Сыртынан жылы орап, 1 сағатқа қалдыра тұрыңыз. Осымен емдік сусын дайын. Оны 10 күн бойы ұйқы алдында 1 ас қасықтан ішеді. Көне рецепт 200 мл сүт, 1 ас қасық бал және 0,5 ас қасық кептірілген түймедақ (ромашка) гүлдері керек. Түймедаққа сүт құйып, баяу отта 1-3 минут қайнатыңыз. Сүзіп алып, аздап салқындағанда бал қосыңыз. Бұл сусынды ұйқы алдында ішеді. Асқабақ дәні, бал және коньяк қоспасы 0,5 стакан асқабақ дәнін аздап ұнтақтап, сұйықтау бал қосады. Оған 2 ас қасық коньяк қосып араластырыңыз. Күнделікті таңертең және кешке 1 шай қасықтан ішіп жүрсеңіз пайдасы көп.
ҚАЛҚАНША БЕЗІНЕ ПАЙДАЛЫ АЗЫҚТАР Бал, жаңғақ, лимон – олар қалқанша бездің жұмысын белсендіреді. Теңіз қырыққабаты Құрамында йод және қалқанша безінің ауруларынан қорғайтын тағы 40 түрлі витаминдер мен элементтер бар. Құрма Пайдалы йодтан басқа оның құрамында магний, натрий, темір, А және А, С және Р витаминдері бар. Пияз Қалқанша безге, бауырға және жүрекке пайдалы. Құрамында иммунитетті күшейтетін көптеген микроэлементтер бар. Алма Қалқанша без үшін олар рак клеткаларынан қорғайтынымен құнды. Теңіз өнімдері Құрамында Β12 витамині мен мырыш бар, ол біздің ағзамызды төзімді етеді және иммунитетті нығайтады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 41 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |