Халық емі
15/11/2023, 23:34

АС ҮЙДЕ ӘРҚАШАН БОЛУЫ ТИІС 5 ТАҒАМ

Бал

Ол иммунитетті нығайтады және табиғи энергияның ең жақсы көзі болып табылады. Егер ас үйде бал болса, қант туралы ұмытуға болады!

Банан

Онда калий көп, ол бұлшықеттердің күшті, мығым болуына көмектеседі. Сонымен қатар, банан жүрекке пайдалы әсер етеді және инсульт қаупін азайтады.

Геркулес

Ол тамырларды тазартады және асқазан мен ішек ауруларын емдейді. Бұл жағдайда геркулестің құрамында ең аз калория бар.

Шпинат

Онда А, С және К витаминдері, антиоксиданттар мен темір бар, бұл сізге бұлшықет массасын арттыруға көмектеседі.

Зәйтүн майы

Оның құрамында Е витамині көп, ол А және К витаминдерін сіңіру процесіне қатысады, бұл май ағзаның жасаруына ықпал етеді және холестерин деңгейін төмендетеді

 

ЕГЕР ДӘРІ-ДӘРМЕК КӨМЕКТЕСПЕСЕ...

Калина – бүрген қосылған шай

Негізі "калинаны" жуып, қант араластырып қойса ұзақ сақталады. Керек кезде 2 ас қасығын стаканға салып, үстіне қайнаған суға құйыңыз. Бұл сергітетін сусын суық тиюге, жөтелге және дауыстың қарлығуында көмектеседі.

Дәріханадан шөп құрамдас жөтел таблеткаларын алыңыз. 2-3 таблетканы ыстық тәтті шайға немесе суға ерітіңіз. Бір күнде ересек адам мұны 3-4 рет қайталай алады.

Құрғақ жөтел

Дәміне қарай 1/4 кесе сары май, жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырыңыз. Қоспаны күніне 2 рет 2 шай қасықтан ішіңіз.

Жөтел және дауыстың қарлығуы кезінде

1/2 кесе мейізді 1 стакан суға қайнатыңыз, оған 1 ас қасық пияз шырынын қосыңыз. Оны түнде ұйқы алдында ішіңіз немесе тамақтан 20 минут бұрын күніне 3 рет 1/3 стаканнан ішеді.

 

БАС АУРУЫНЫҢ СЕБЕБІ

Фолий қышқылы және В12 витамині жетіспеушілігі бас ауруына себеп.

Фолий қышқылы брокколи, шпинат, спаржа, асқабақ, сәбіз, қызылша, авокадода көп мөлшерде кездеседі. В12 витамині тауық жұмыртқасында көп мөлшерде кездеседі.

Мыс және темір жетіспесе де бас ауырады

Темірдің орнын толтыру үшін теңіз қырыққабаты, күнжіт, асқабақ және пісте дәні, уароп, көк пияз, чалат жапырақтары, бұзау бауырын жиірек тұтыныңыз.

В6 витамині мөлшері аз болса да үнемі бас ауырады

Оның жетіспеушілігін толтыру және жүректің, қан тамырларының, нервтердің және мидың саулығын сақтау үшін диетаға дәнді дақылдар, жаңа піскен көкөністер, бауыр, бұршақ қосыңыз.

D витаминінің жетіспеушілігі де бас ауруына себеп

Өздеріңіз білетіндей, D витамині күн сәулесінің әсерінен денеде табиғи түрде өндіріледі. Ал қыста оны тағамнан, атап айтқанда бұршақтардан, теңіз өнімдерінен, жұмыртқадан және сүт өнімдерінен алуға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: