Халық емі
11/11/2023, 18:55

МАҚТАУЛЫ БЕС РЕЦЕПТ

Кейде адамның шаршауы еш басылмай, ештеңе істемесе де діңкелеп, өз-өзінен қажып отыратын кезі болады. Мұндай созылмалы шаршау синдромын елеусіз қалдырмай, ағзаға көмек беру керек. Осыған қатысты мақтаулы мына 5 рецепті ұсынбақпыз:

1. Грек жаңғағы, бал мен лимоннан ағзаға қуат беретін қоспа әзірлеңіз: 1 стакан жаңғақ дәнін аздап ұнтақтаңыз. Ал лимонды қабығымен еттертқыштан өткізіңіз. Одан да 1 стакан керек. Бұл екеуіне 1 стакан бал қосады. Бәрін жақсылап араластырып, қоңырлау түсті шыны ыдыспен тоңазытқышта сақтаған дұрыс. Оны күніне 3 рет, 1 ас қасықтан, 2 апта бойы астан жарты сағат бұрын (немесе кейін) қабылдау керек.

2. Қазір жүзім табу аса қиын шаруа емес. Күнде таңертең және кешке ас алдында 2-3 ас қасық жүзімнің жаңа алынған шырынын ішіп жүрсеңіз, өзіңізді тәуір сезінеріңіз хақ. Мұны кемі 2 апта ішеді, одан әрі де қалағаныңызша жалғастыра беруге болады.

3. Қарағай қылқаны табылса тіпті керемет. Оны жуып, жылы «духовкада» 15 минут кептіріп алу керек. Матадан тігілген қалтаға салып сақтаған жөн. Оның 2 ас қасығын сәл уақтап, 200 мл. су құйып, өте баяу отта 30 минут қайнатады. Оған 3 ас қасық бал қосып, 1 сағат жылы орап қою керек. Дайын болған тұнбаны 10 күн бойы ұйқы алдында 1 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз жағдайыңыз жақсарып қалады.

4. Созылмалы шаршауды басып, сергек жүруге көмектесетін үздік бес рецептің бірі түймедақ (ромашка) қосылған сүт. Ол үшін 200 мл. сүтке жарты ас қасық түймедақ (дәріханадан аласыз) қосып, 2 минуттай қайнатасыз. Аздап суыған соң 1 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырасыз. Сосын сүзіп алып, ұйқы алдында ішесіз. Мұны 15 күн жасау керек.

5. Сергек жүру және иммунитетті көтеруде асқабақ дәнінен жасалған қоспа да жақсы көмектеседі. Жасалу жолы оңай: жарты стакан қабығынан аршылған асқабақ дәніне осынша сұйық бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Оған 2 ас қасық коньяк қосады. Мұны күнде ұйқы алдында 1 ас қасықтан жейді.

 

ТЫРНАҚТАҒЫ АҚ ДАҚ НЕНІҢ БЕЛГІСІ?

Кей адамдардың тырнағында туылғаннан бастап доғал секілді ақ дақтар болады. Кейін ол өздігінен жоғалып кетеді. Бұл қалыпты жағдай. Ал егер тырнақта ақ дақ кенеттен пайда болса, бұл денсаулықта қандай да бір өзгеріс орын алғанын білдіреді. Мына белгілерге мән беріңіз:

1. Бас бармаққа түскен ақ дақ ми мен өкпенің күйін көрсетеді. (Темекіні жиі шегетіндерде дақ онша анық білінбеуі мүмкін). Бас бармақтағы кейіннен пайда болып, ұзақ уақытқа дейін кетпей қалған ақ дақ шизофренияның алғашқы белгісі немесе жүйкенің сыр бергенін білдіреді.

2. Сұқ саусақтың тырнағына түскен ақ дақ тоқ ішектің, бауырдың және ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуін білдіретін белгі. Сондай-ақ көз, құлақ, мұрындағы созылмалы ауруларды көрсетеді.

3. Ортаңғы саусақта жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей қатысты нүктелер бар. Яғни вегетативті-тамырлы дистонияның көріністері, қан қысымының жоғарылауы және жүрек жұмысының бұзылуы болса, саусақта ақ дақ пайда болуы мүмкін.

4. «Шылдыр шүмек», яғни төртінші саусақтағы дақ лимфа жүйесінің проблемалары, эндокриндік жүйенің бұзылуы және метаболизмнің бұзылуы туралы "айтады".

5. Кішкентай саусақтағы дақ ең бірінші кезекте аш ішектің күйін көрсетеді.

* * *

Сондай-ақ, саусақтағы даұтың түсіне назар аударған жөн. Сарғыштау болса, бауырдың айқын проблемалары бар деген сөз. Көкшіл – жүрек әлсіздігін көрсетеді, ақ дақтар денеде мырыш жетіспейтіндігін білдіреді, ал сары түс мидың дұрыс жұмыс істемеуін көрсетеді.

 

БАУЫРҒА ПАЙДАЛЫ ЕМДІК ӨСІМДІКТЕР

Жалбыз (мята) 1 стакан қайнаған суға 5 г. жалбыз жапырағын 15 минут тұндырыңыз. Әр 3 сағат сайын 1 ас қасықтан ішіңіз. Жалбыз улану кезінде өте пайдалы, бауырдың улы заттардан тазаруына және көбірек өт шығаруға көмектеседі.

Қырмызыгүл (календула) Календула бауырдағы метаболикалық процестерді жеделдетеді, секреторлық функцияны жақсартады, өт шығару процесін күшейтеді. 2 шай қасық календула гүліне 2 стакан қайнаған су құйып, 1 сағат тұндырыңыз. Содан кейін сүзіп алыңыз. Күніне 4 рет жарты стаканнан ішеді.

Түймедақ (ромашка) 1 ас қасық құрғақ түймедаққа 1 стакан қайнаған су құйып, 20 минут тұндырады. Сүзіп, таңертең және кешке жарты стаканнан ішіңіз. Түймедақ бауырдың ауырсынуына жақсы көмектеседі, құрысуларды тез жеңілдетеді, денеге тыныштандыратын әсер етеді

Шайшөп (зверобой) 1 ас қасық құрғақ шайшөпке 2 стакан қайнаған су құйып, өте баяу отта 15 минут қайнатыңыз. Сусынды 20 минут тұндырыңыз, сүзіңіз және күніне 3 рет жарты стаканнан ішіңіз. Бұл шөп қабынуды жеңілдетеді, сонымен қатар денені нығайтуға және жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 45 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: