31/10/2023, 16:11 | |
ГАЙМОРИТ КҮН СУЫҚТА КҮШЕЙЕДІ Оның гайморитпен ауырғаныма бірнеше жыл болды. Әу баста тұмаудың асқынуынан мұрынның екі шетіндегі гаймор қуысы қабынып, дем алуы қиындап кетті. Оның қандай ауру екенін жете білмегендіктен жүрдім-бардым ғана емделіп еді. Дәрігердің айтқанының бірін істесе, екіншісін ұмытып кететін. Содан болар, көп ұзамай мұрнынан қою сұйықтық ағып, ұйқысы бұзылды. Білмейді екенбіз, гайморит тіс түбі қабынса да пайда болады екен. Ары қарай біртіндеп ағзаны әлсірете беретінін де дерті әбден асқынғанда білді. Оның гайморитті емдеуге уақыт таппай жүргенін түсінген таныс дәрігері қатты ренжіді. Ол гайморитті дер кезінде емдемесе, кеңсірікке түскен ірің миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкін екенін де айтты. Сонда барып емделуге шын ниет еткен ол түрлі тәсілдерді байқап көрді. Гайморитті белгілі нүктелерді тауып массаж жасау арқылы емдеуге болады. Массаж қан айналымын жақсартады, оттегі жетіспеушілігін арттырады, тамақ, көмей, дауыс шымылдығын ашады. Ол үшін мұрын тұсын сұқ саусағыңызбен баса отырып, сағат тілінің бағытында 20-30 секундтай уқалаңыз. Уқалағаннан кейін мұрынды міндетті түрде теңіз тұзымен шаю қажет. Массаж таза мұрынға жасалады, сол себепті мұрында ірің болмауы керек. Массажды таңертең, түсте, кешке жасап тұрсаңыз, гайморит жоғалады. Мұрынды лимон шырынымен жуу да гаймориттен жазылуға көмектеседі. Ол үшін 1 лимонның шырынын шығарып, 1:10 көлемінде стаканға құйып, үстіне қайнаған су құяды. Дайын шырынды үлкен ыдысқа құйып, басыңызды иіп, мұрныңызбен сол тұнбаға демаласыз. Демалғанда тұнба мұрынның ішіне кетіп, аузыңыздан шығады. Бұл мұрынды тазалау үшін керек. Гайморитпен ауырмау үшін кариеспен зақымданған тістерді уақытында емдеп, тұмау сияқты жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтану керек. Гайморитті халықтық медицинамен де емдеуге болады. Мысалы, қабығымен қайнатылған картоптың суын төгіп тастаңыз. Басыңызды бүркеп, картоптың буына дем алыңыз. Болмаса гайморит дендеген орындарды бүтіндей пісірілген ыстық жұмыртқамен жылытады. Жұмыртқаны майлыққа орап, әбден суығанша мұрынның екі жағында ұстау қажет. Бұл процесс жатар алдында орындалса әсері мол болмақ. Тағы бір әдіс: қайнатылған жылы суға йод тұнбасының бірнеше тамшысын немесе марганцовканың бірнеше түйірін қосып, осы қоспамен мұрын танауларын шаю қажет. Тұзды сумен жуу да пайдалы. Бұл жағдайда тұз салынған жылы суды мұрынмен ішке тартып, ауызбен түкіріп тастайды. Мұның бәрі де жақсы көмектеседі дегенмен, дәрігермен кеңесіп отырмасаңыз, аурудың асқынуы қанша¬лықты қауіпті екенін жоғарыда еескерттім. Тағы бір айтарым, бұл дертке шалдыққан адам салқын тигізбеу, тұмау ауруының кез келген белгісі байқала салысымен тез арада емделуі керек. Әйтпесе тыныс алуды ауырлататын дерттен құтылу оңай емес.
БҮЙРЕКТЕГІ ТҰЗ бен ТАСТЫ ЕРІТЕДІ Кәдімгі итмұрынның (шиповник) тамыры бүйректің суықтауын, ондағы қабынуды, тіпті жиналған тұз бен құмды, жаңа пайда болып жатқан тасты ерітуге қауқарлы. Бұл өсімдіктің тамырын салқын суға жақсылап жуып, көлеңкелі жерде кептіру керек. Оны турап, құрғақ ыдыста сақтайды. Демдеп, ішіп жүрсе бүй¬ректегі қалдықтарды еш ауырсынусыз, біртіндеп ерітіп түсіреді.
ҚАН ҚЫСЫМЫН дәрі-дәрмексіз 5 минут ішінде қалай төмендетуге болады?
1 және 2 нүктелер Сызық құлақтың астынан басталып, суретте көрсетілгендей мойыннан төмен түседі. Осы сызықты саусақ ұшымен басыңыз да, басынан аяғына дейін ақырын сипай отырып, жеңіл ырғақпен төмеге қарай массаж жасаңыз. Процедураны бастың екі жағынан 10 рет қайталаңыз. 3 нүкте Келесі сызық құлақтың бет дақ тұсынан басталады. Оны доға түрінде уқалай отырып, мұрынға қарай массаж әрекетін жасаңыз. Мұны да екі құлаққа қатар жасау керек. Тым қатты басудың қажеті жоқ, жеңіл, баяу. Массаж жасағанда еркін, терең тыныс ала отырып, өзіңізді бос, еркін ұстаңыз, ештеңеге алаңдардың қажеті жоқ. Демалуға тырысыңыз. Бұл жаттығу 5 минут ішінде қан айналымын қалыпты күйге келтіреді: үйдегі қысымды төмендетудің табиғи және зиянсыз әдісі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |