23/10/2023, 21:42 | |
ЛИМОННЫҢ СӨЛІ ТАМАҚ АУРУЫНАН САҚТАЙДЫ Оның қызы баспа (ангина) ауруымен жиі ауырады. Бір жасқа толмаған шағында балмұздақ жеп, тамағы қатты суықтағаны бар. Содан бері қысы-жазы сәл салқын су ішсе, тер қатса бітті, тамағы ісіп, көмекей безі қабынып шыға келеді. Балаға дәріні көп бере беруге болмайды. Сондықтан ол баспаны асқындырмайтын халық емі тәсілдерін қарастырып жүреді. Соның бірі лимонға қатысты. Көмекей безі енді қызарып, ісініп келе жатқанда бір лимонның шырынын сығып алып, оған осынша мөлшерде қайнаған салқын су құйыңыз. Онымен сағат сайын тамақты шайып отыру керек. Қабығынан аршылған лимонды жұқалап кесіп, бір тілімін ауызға салып жүру де көмекей безінің қабынуынан сақтайды екен. Оны 15-20 минуттан соң, қышқылы кеткенде түкіріп тастауға да, жеп қоюға да болады. Бала балмұздақ жеп, салқын су ішкенде ауырып қалады деп қорықпай-ақ, осы шараны алдын-ала жасай беріңіз, зияны жоқ.
КӨКТАМЫР КЕҢЕЙСЕ, ТАЛШЫН КӨМЕКТЕСЕДІ Талшын (каштан) жемісінің де денсаулыққа пайдасы бар. Ол әсіресе көктамырдың кеңеюін тез кетіреді. Халық емшілері талшын жемісін ұнтақтап, камфор майы мен шошқа майынан 1:1 мөлшерде қосып, араластырып дәрі жасайтынын білуші еді. Мұны қара нанға жағып, жазылмай жүрген жараға таңып қойса, тез жазылуына көмектеседі. Ал балтырдың көктамырлары адырайып, аяқты сыздатып ауыртса талшын жемісінен бір стаканды ұнтақтап, 40 градустық спиртке 20 күн тұндырады. Оны күнделікті астан жарты сағат бұрын 25 тамшыдан ішеді. Күніне үш рет. Бұл тұнбаны таза дәкеге сіңіріп, түйінді тамыр үстіне жағып, уқалайды. 15-25 күн аралығында ем жасаған соң 7 күн демалып, емді тағы жалғастыру керек. Ем кезінде қанды сұйылту үшін долананы шай ретінде демдеп, ішіп жүрген жақсы. Сонда тамырдың түйілуі хирургиялық отасыз-ақ жазылады.
ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН АСҚАБАҚ РЕЦЕПТІ Асқабақ – шамамен 300 г Кептірілген өрік – 0,5-1 кесе Лимон мен апельсин қабығы Зімбір (міндетті емес) Дәмі мен қалауы бойынша бал қосылады. Дайындау: Кептірілген өрікті сумен жақсылап шайып, қайнаған суға құйып, жұмсартыңыз. Асқабақты тазалап, блендерде ұсақтаңыз. Кептірілген өрік, зімбір қосыңыз. Барлық ингредиенттерді блендермен қажетті деңгейге дейін ұнтақтаңыз. Сосын қалауыңызға қарай бал қосыңыз. Иммунитетті көтеруге арналған асқабақ рецепті дайын. Оны тоңазытқышта сақтауға болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 42 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |