Халық емі
17/10/2023, 11:20

АРША ДӘНІ АСҚАЗАНҒА ЕМ

1992 жылы асқазаны қатты ауырып, тамақ ішсе жарты сағат өтпей жатып-ақ аузынан қара суы ақтарылып, жүрегі айнып, ішкен тамағын құсып тастайтын болды. Қиналып жүргенінде әркім әртүрлі емделу жолдарын айтып жатты.

Аш қарынға капуста шайнап, көк алманың суын жұтып жүрді. Итмұрынның түйнегін суға қайнатып, күніне үш мезгіл 1 стаканнан ішті.

Оның жағдайын байқаған бір таныс кәдімгі аршаның (можжевельник)  дәнін жеңіз деді. Аршаның түрі көп қой, соның емдік қасиеті бары дәні қара-қоңыр болып, күз аяғында піседі. Қысқа қарай дереу көп етіп жинап алды да, таңертең, түсте, кешке бір уыстан жеп тұрды. Дәмі кәдімгі қант сияқты тәтті. Көп ұзамай жаздай жанын қинаған ауру басылып, тамақты тартынбай ішетін болды.

Сөйтсе, аршаның дәні асқазан бүрі кеткенін қалпына келтіреді, бүйрекке, бауырға, өтке де пайдалы екен. Қазір жылына бір рет қысқа қарай арша дәнін жеп тұрады. Талай құрдастары оның осы тәсілімен «емделіп», рахметін айтып жүр.

 

ЖӨТЕЛ мен БРОНХИТТІ БАНАН және БАЛ АРҚЫЛЫ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ

Бұл құрал тамақ пен өкпені қақырықтан тазартып, жөтел мен бронхитті аз уақытта толық емдеуге қабілетті.

Ем үшін керегі:

400 мл қайнаған су;

2 орташа піскен банан;

2 ас қасық бал.

Дайындау тәсілі:

Бананнан пюре жасаңыз. Металл ыдыс пайдаланбаңыз, өйткені банан емдік қасиетін жойып, қарайып кетеді.

Сосын  банан пюресін кастрюльге салып, қайнаған су қосыңыз. Бетін жауып,  жарты сағатқа қалдырыңыз.

Бөлме температурасына дейін салқындаған кезде балды қосыңыз.

Дозасы: бұл құралды күніне 4 рет 100 мл-нан ішеді. Бұл бір күндік мөлшер. Келесі күні жаңадан әзірлеп, емді кемі 10 күн жалғастыру керек. Алғашқы нәтиже 5 күнде байқалады.

 

ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТУ және МИ ТАМЫРЛАРЫН ТАЗАРТУ ҮШІН

Егер сіз бұл эликсирді бірнеше ай бойы күн сайын ішсеңіз, ми тамырлары тазарып, қан қысымы қалыпқа келеді және есте сақтау қабілеті жақсарады.

Оны дайындау үшін:

- 1 лимонды қабығымен ұнтақтаңыз

- 1 бас сарымсақты ұсақтаңыз

- 1 ас қасық  бал керек

- 1 литр жылы қайнаған су дайындаңыз.

Барлығын ыдысқа салып, бетін сүлгімен жабыңыз. 3 күн тұндырыңыз. Содан кейін дәкемен сүзіп алыңыз.

Мұны күніне 3 рет тамақтан 15 минуттан кейін 1-2 ас қасықтан ішіңіз.

Эликсирді қалауыңыз бойынша балсыз да жасауға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 49 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: