09/10/2023, 09:31 | |
ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ШАЛДЫҚПАУ ҮШІН ТЕЛЕФОНДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына қарасты қатерлі ісікті зерттеу орталығы (ІARC) телефонның қатерлік ісікке шалдықтыратынын және қатерлі ми өспесіне душар ететінін хабарлады. Ұйымның жауапты хатшысы Кристофер Уайлдтың айтуынша, радиация тарату деңгейі бойынша қалта телефондары ең алдыңғы қатарда тұр екен. Мидың қатерлі ісігінен сақтану телефонды дұрыс қолдану ережелерін білу маңызды. «Muftyat.kz» сайтында жарық көрген мына жайлар есіңізде жүрсін: Бірінші, құлаққап арқылы сөйлесу. Құлаққап арқылы сөйлескенде телефон адамның бас бөлімінен алыста болғандықтан зиянды радиациялық толқын күшін айтарлықтай азайтуға болады. Екінші, телефонды жабық орындарда қолдануға болмайды. Мысалы, лифт, поезд және метро сияқты жабық орындарда телефон қолданбағаныңыз дұрыс. Мұндай орындарда телефон желісімен байланыс өте әлсіз болғандықтан, оның тарататын радиациясы көп болады. Үшінші, телефон желісі (сеть) әлсіз уақытта қолданбау. Желі әлсіз болып тұрғанда немесе көлікте келе жатқанда радиация өте жоғары болады. Төртінші, ұзақ уақыт сөйлеспеу. Телефонмен сөйлесу уақыты екі минуттан асқаннан кейін оның кері әсерінен пайда болған толқынды адам миы бір сағат бойы ретке келтіре алмайды. Бесінші, смартфондардың радиациясы тіпті де жоғары. Қарапайым телефон мен смартфонның радиация тарату мөлшерін салыстырғанда, смартфонның зияны көп болған. Себебі сіз сөйлесіп жатқан уақытта смартфоныңыз ғаламтор желісімен байланысып тұрады. Смартфондағы әр-түрлі бағдарламалар бір мезетте ақпаратты алып немесе жіберіп жатады. Бұл жағдай радиация мөлшерін әдеттегіден еселеп жібереді. Сондықтан смартфонды сөйлесу кезінде интернет желісінен ажыратып қою ләзім. Алтыншы, телефонды құлақтан аулақ ұстау. Қоңырау соғылып жатқан сәтте оның радиациясы ең жоғары деңгейде болады. Сондықтан керек номерді теріп болған соң қарсы жақ телефонды көтергеннен кейін ғана тұтқаны құлаққа жақындатыңыз. Жетінші, телефонды жанқалтаға салмау. Зерттеулер нәтижесі бойынша, телефонды үнемі шалбарының қалтасына салып жүретін ер адамдардың ұрық мөлшері қалыпты ер адамдарға қарағанда 25% аз болады екен. Телефон радиациясының адамның әр түрлі дене бөліктеріне жасайтын әсері де түрліше, ер адамдардарға зияны тіпті де ауыр. Сегізінші, телефонды жатын бөлмеге қоймау. Қатерлі ісік ауруының пайда болуын жылдамдататын себептердің бірі ретінде телефонды ұйықтағанда бас жағына, жастыққа жақын қою аталып отыр. Бұдан адамның ұйқысы да қалыпты болмайды.
ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫНДАРҒА КЕҢЕС Бұл дертпен ауыратындардың жағдайын жеңілдетуге мынадай әдістер жәрдемдеседі: 1. Күн сайын картоп, капуста, қызылша, топинамбур шырынын ішіп тұру керек. Таңертең және кешке тамақтан жарты сағат бұрын, стаканның үштен бірі мөлшерінде. 1 стакан балғын қатыққа (кефир) 1 шай қасық уатылған даршын (корица) араластырып, таңертең ашқарынға және кешке ұйқыға жатарда ішіп тұрса да болады. (8-10 күн). Бұл әдістер қандағы қант мөлшерін қалыпта ұстау үшін қолданылады. 2. Тәтті бұрыштың шырыны да қабынудың алдын алуда жәрдемші. 10-30 миллилитрден бастап, күніне 2-3 мезгіл, тамақтан 20 минут бұрын ішіп тұру керек. Кейін оның мөлшерін 150 миллилитрге дейін жеткізуге болады. (1 ас қасық бал қосу керек). 3. Итбүлдіргеннің (қызылжидек, брусника) кептірілген бір түйір жапырақтарын ыдысқа салып, үстінен 3 стакан су құйып, 10 минут қайнатады. Оны күніне 3 мезгіл, 1 стаканнан ішу керек. 4. Шағын 2 пиязды «духовкада» қабығымен пісіріп, суыған соң тұз қосып, нансыз, құр өзін жеу керек. Су ішуге де болмайды. Бір сағат өткенде таңғы тамақ іше беріңіз. Бір ай бойы осылай ету керек. Ол қандағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. 5. Сарымсақты да пайдалануға болады. Ол үшін 100 грамм сарымсақ алып, «ботқа» болғанша езу керек. Үстіне 1 литр қызыл (құрғақ) шарап құйылады. Сосын оны күн сәулесі түспейтін жылы жерде екі апта тұндырады. Анда-санда шайқап қою керек. Дайын болғасын тоңазытқышта сақтап, күніне 3 мезгіл тамақтан бұрын1-2 ас қасықтан ішіп тұрса болады. Мынадай да тәсіл бар: ыдысқа сарымсақтың 3-4 бөлшегін салып, үстіне жарты литр қайнап тұрған су құяды да, 20 минут жылы орап қояды. Оны күні бойы, шай ретінде ішіп тауысу керек. 6. Аздап топинамбур жеп тұрса да болады. Күн сайын, 3 мезгіл тамақтан 10 минут бұрын. Оның тамыржемісінен тұнба жасап ішуге де болады. Ол үшін үккіштен өткізілген 3-4 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 1 литр қайнаған су құяды. 2-3 сағат тұндырып, қант қоспай ішеді.
КҮРІШТІ КӨБІРЕК ЖЕҢІЗ Күріштің пайдасы адам үшін өте көп. Соның бірқатарына тоқтала кетейік. Ол ас қорытуды жақсартады. Ішек ұмысы, зат алмасуы үшін пайдалы. Күріш ботқасын пайдалана отырып салмақ тастауға болады. Өйткені ол ішек жұмысын жақсартады, калориясы аз. Ол баяу қорытылады, өйткені құрамында күрделі көмірсулар бар. Сондықтан күріш жеген адам өзін көп уақытқа дейін тоқ сезінеді, қуаты қалыпта болады. Күрделі көмірсулар бұлшық етті нығайтады, адамның төзімділігін арттырады. Күріш ботқасы – табиғи абсорбент, ол өзіне ағадағы тұзды, асқазан, ішек қабырғаларындағы қалдықтарды, улы заттарды сіңіріп алады, асқазан-ішек жолдарын тазартып, зиянды заттарды сыртқа шығарады. Сондықтан оны астан уланғанда, ішімдікті шамадан тыс қолданғанда жесе, ағзаны тазартады. Күріш ботасы емізулі әйелдерге де пайдалы. Ол сүтті көбейтеді. Ендеше әрбір үйден табылатын күрішті ас ретінде ғана емес, ем ретінде де қолдана жүріңіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 52 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |