Халық емі
26/09/2023, 23:14

КОМПОТТЫ КӨБІРЕК ІШІҢІЗ

Жазда адамды жиі шөл қысады. Мұндайда тек су іше берген де дұрыс емес. Шөл қандыратын, әрі ағзаны қалдықтардан тазалауға, иммунитетті көтеруге көмек-тесетін компот балалар үшін ғана емес, ересектерге де өте пайдалы.

Өрік компоты. Ол жүрегі ауыратын адамдарға өте керек. Мұндай сусын жүрек-қан тамырларының жұмысын жеңілдетіп, шаншуды азайтады. Бүйрекке тас байланудан сақтайды және бауырды қалдықтардан тазалайды. Бірақ асқазаны ауыратындарға оны аз мөлшерде ішу керек.

Құлпынай компоты. С витаминінің қайнар көзі саналатын ол шаршағанда, бас ай-налғанда, әлсіздікте жақсы жәрдем болады. Тамаққа тәбетті ашып, ішкі ағза мүшелерінің жұмысын реттейді. Артық салмақтан арылтатын оны кез келген адамның іше беруіне болады.

Алмұрт компоты. Асқазан ауырып, бүйрек сыздаса алмұрт қайнатып ішіңіз. Ол маусымдық инфекциялар (іш өту, мұрыннан су ағу, аллергия) өршісе де  көмектеседі,  жүйкені тыныштандыруға да жәрдем береді.

Шие компоты. Ауызға ащы дәм келіп, өт қалтасы толған жағдайда шие компотын көбірек ішу керек. Ол бауыр мен өтті қалдықтан тазартып, жұмысын жақсартады, атеросклероз, артрит пен бүйрек, жүрек ауруларының асқын¬бауына көмектеседі.

Алхоры компоты. Асқазан жұмысын қалыпқа түсіріп, терідегі түрлі жараның жазылуына жәрдем болады. Қан аздық, ревматизмде де оның көмегі көп. Бір ай бойы үздіксіз су орнына осы компотты ішіп жүрген адамның терісі жұмсарып, жасара түседі.

Жүзім компоты. Іш қатып, асқазаныңыз қорытпай жүр ме? Онда жүзім компотын ішіңіз. Ол жүзіңізді жасартып, иммунитетіңізді көтереді, іш өтуден сақтайды, дене қызуын түсіруде де септігі бар.

Мұндай компотты дайындауға көп қаржы және уақыт кете қоймайды. Ең бастысы, оның ағзаға зияны жоқ. Cу орнына ішіп жүрсеңіз тіпті жақсы. Тоңазытқышта болса ол 2-3 күнге дейін жарай береді. Ал салқындау жерде болса тәулікке жеткізбей ішіп қойған дұрыс. Жазы бойы осындай сусын ішіп жүрген баланы қыста баспа онша мазаламай¬ды, ал ересектердің қан қысымы көтерілмейді. Олай болса, жазда сусын орнына компотты көбірек ішіңіз.

 

ӨКПЕДЕГІ ҚАРА ДАҚТЫ КЕТІРУ

Кейде балалар түгіл үлкен кісілер ауа райының ылғалды күндері желең-желпі жүремін деп, суық тигізіп алады. Әрине, мұның әсері ә дегенде өкпеге тиеді. Сосын өкпеде қара дақ пайда болады. Тез емделмесе мұның соңы өкпе туберкулезіне айналып кетуі мүмкін. Сондықтан өкпеге түскен дақтың үлкейіп кетпеуі үшін  бұрыннан келе жатқан ем-домның бірі – сүт пен кебегі ажыратылмаған сұлыны пайдаланған дұрыс.

1 литр сүтке 1 стакан кебегі ажыратылмаған  сұлы қосып, бір сағат жайлап қайнатылады. Сосын қайнатпа сүзіліп, кебегі алынып тасталады да, оған сүт немесе бал қосып, ыстықтай ішу керек. Бұл емді әсіресе түнде ұйқы алдында қолданған тиімді.

Емді ұзақ, бір жылға дейін қою қақырық түсіп, өкпе әбден тазаланғанға дейін қолданады. Сонымен бірге, туберкулездің алдын-алу үшін қайыңның 1 ас қасық бүртігіне 1 стакан медициналық спирт пен бал қосып, 9 тәулік  тұндырып, сүзіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан, тұнба таусылғанша ішу керек.

 

ҚАН ҚЫСЫМЫН ҚАЙТАРАТЫН ТҰНБА

Бұл амал қан қысымы көтеріліп, маза қашқанда, иммунитет төмендеуі мен ағзаның жалпы әлсіздігінде  өте жақсы көмектеседі. Оның әсіресе аденома мазалайтын ер-азаматтарға көмегі көп екеніне көз жеткізгенбіз.

2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құясыз. Енді оны баяу отта ақырын ғана 5 минут қайнатады. Оттан түсіріп, 1 сағат тұндырып қойған соң таза стерилді дәкемен сүзіп алу керек. Тұнбаның түсі қарақошқыл болса, үстінен аздап су құюға болады. Сосын 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Емделу мерзімі – бір ай. Бір апта үзілістен кейін емді тағы бір қайталап жіберуге болады.

Жасы үлкен кісілердің көпшілігін осы уақытта жоғары қан қысымы мазалайтынын білеміз. Бәзбіреудің анасы ондайда мынадай амал жасайды: 4 ас қасық емен күлін 1 литр суға қайнатып, 1 тәулік тұндырып қою керек. Сосын ерітіндіні бірнеше қабатталған дәкеден екі-үш рет өткізіп, күніне 3 рет тамақ алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек. Емді 2 апта жалғастырып, 5 күн үзіліс жасап, қайта қолдануға болады.

Анасының айтуынша, кеудедегі сырылдан арылу үшін жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып, кеудеге қою керек екен. Киіміңіз былғанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл процедура ұйықтар алдында жасалады. Осыны күнара 7 рет рет қайталаса кеудедегі ысқырық, сырыл кетеді және бүкіл дене жеңілденеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 57 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: