26/09/2023, 22:51 | |
ҚАУЫН ҚАЛДЫҚТЫ ҚУАДЫ Иісі мұрынды жарып, сары ала қауын пісті. Біз оны маусымдық тәтті жеміс деп қана емес, ем ретінде де пайдалануды ұсынар едік. Өйткені қауынның денедегі айды табиғи жолмен ыдыратып, холестеринді, мал майларынан қалған қалдықты сыртқа қуатын қасиеті бар. Сондай-ақ асқазан, бауыр, бүйрек жұмысының жақсаруына сеп. Мысалы, егер артық салмақтан арылғыңыз келсе таңертең бір стакан күрішті суға пісіріп жеңіз, оған дәм кіргізу үшін соя соусын қосуға болады. Осыдан кейін шамалап қауын жейсіз. Бір апта осылай ете отырып, тәтті сусындар мен майлы астан бас тартсаңыз жақсы нәтиже күтіп тұр. Ұрып, көгертіп алған, күйіп қалған жерге қауын қабығын жапсырсаңыз тез жазылатын қасиеті бар. Ал мұрын қанаса, одан су ақса қабығын қалыңдау етіп кесіп, танау ішіне тамызуға болады. Көз жиегіне сыздауық шықса қауынның жұмсағын сәл қыздырып, көзді соның буына ұстаса да ем. Бас ауырса асықпай отырып 200 грамм қауын жұмсағын жеп көріңізші. Аллергия асқынып кетсе бір стакан қауын шырынын жылы суға қосып, соған шомылуға кеңес берген болар едік. Оны жеті рет жасаса өте пайдалы.Өкпесіне су толатын адамдар қауын шырынын аз-аздап жиірек ішіп жүрсе пайдалы. Ал асқазанның, 12 елі ішек жарасы бар, ішектері ауыратын, қант диабеті белгісі бар жандар қауынды жемегені жөн.
АРАНЫҢ ҰЯСЫ КӨП КЕСЕЛГЕ ДӘРУ Қазір қыбырлаған жәндіктердің белсенділігі артып тұр. Біле білсек, олардың да денсаулыққа пайдалы тұстары бар екен. Мәселен, кәдімгі шаққан жерін удай ашытып, ойбайлата жөнелетін сары араның ұясы көптеген кеселге шипа екен. Қол-аяқ жасызданғанда сары ара ұясының үлкендеуінен бір данасы, оған қосымшак кішілеуінен 3-4 данасын алып, жалқы өскен сарымсақпен қосып жаншып, аурырған жерге таңу керек. Араның ұясы тері қышымасына да пайдалы. Ол үшін ара ұясын өңделген спиртке 7 күн шылап, 8-ші күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады. Әйелдерде омырау безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп, сол күлдің 6 грамын суға бұқтырып, онымен ауызды шаяды. Спиртке ірнеше рет шылап алса, ара ұясы өңделген болып саналады. Ыстық-суықтан тіс қақсағанда соны суға бұқтырып, сол сумен ауызды шаюға болады. Қажетті мөлшерде алып, қақсаған тіске басады. Іш ауруы (дизентерия) кезінде ара ұясын кептіріп, ұнтақтаған соң, күніне 0,3 граммнан екі-үш рет ішеді. Баланың кіндігі сыртқа шығып кеткенде, ара ұясын өртеп, күлін кіндікке тағады. Бұл рецепттер XY ғасырдағы ғалым-шипагер, қазақ халық медицинасының негізін қалаған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының жазбаларынан алынған. Ғалым онда араның ұясын күзде немесе қыста жинау керек депті. Сосын оны азырақ булағаннан кейін, өлген араларды алып тастап, кептіріп қою керек. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшпа май бар бұл ұяны құрғақ жерде сақтаса, қай кезде де қолдана беруге болады екен.
АҚ МАТА мен ЖҰМЫРТҚА МИ ШАЙҚАЛУЫГЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЕМІ ЕКЕН Ол көршісі Қарақатқа сондай риза. Онан бес жас кіші болса да көңілге түйгені мен өмірден көргені көп жан. Сондықтан қай істі де байыбына барып, тындырып істейді. Осы көршісінің көмегімен ол алты жасар қызының ми шайқалуын (сотрясение) ешбір дәрісіз, ауруханаға жатпай-ақ емдеп жазды. Жазғы демалыста лагерьге кеткен қызы алтыншы күні басым қатты ауырып жатыр деп хабарласты. Жыламсырап тұрды. Кеш болғанына қарамастан көлік тауып, қала сыртындағы лагерьге қарай құстай ұшты. Мұздай бассейнге түскеннен суықтап қалды деп ойлаған-ды. Олай емес сияқты: қызуы жоқ. Жөтелмейді. Тек басым дей береді. Неге екенін өзі де, жетекшісі де түсіндіріп бере алмады. Қызын таңертең әкелермін деп үйге алып қайтты. Үйге келген соң тынышталғандай болған. Түнде ол көзі ілінсе денесі селк етіп, шошып шықты. Таң қылаң бере жүрегі айни бастады. Жедел жәрдем шақыруға тура келді. Қызы дәрігерлерге биіктен құлап түскенін айтты. Миы шайқалған болуы мүмкін деген күдік туды. Оны дәрігерлер де растады. Жұмыстан сұранып, дәріханаға шапқылап жүрген оны көрген Қарақат себебін сұрады. «Сотрясение» дегенді ести сала бар шаруасын тастап, үйге келді. Өзімен бірге ені 2 сантиметр болатын етіп ұзын ақ мата мен 2 дана үй жұмыртқасын әкеліпті. Қызының жанына отыра қалған ол үлкен апалар сияқты: «Бісміллә, менің қолым емес, Бибі-Бәтима анамның қолы», – деді де, әлгі «мата-лентаны» қызының басына орап, тәж (корона) секілді өлшеп алды. Сосын сәл артықтау етіп кесті. Оған жұмыртқаның сарысын қалыңдау етіп жақты. Сөйтіп оны қызының басына орап, матаның екі ұшын бір-біріне айқастырып қойды. Жұмыртқаның уызы жағылған соң матаның екі ұшы бір-біріне жабысып қалды. «Үш күнге дейін мына матаны шешпеңдер. Әбден кепкен соң өзі түсіп қалады. Болмаса төртінші күні жайлап өздерің шешіп аларсыңдар. «Сотрясениенің» ең керемет емі осы. Жұмыртқа құрғаған сайын мата басты қысыңқырап, мидың шайқалуын өзі-ақ қалпына елтіреді. Мотоцикл қағып кетіп, миым шайқалғанда мені апам осылай емдеген», – деді ол. Укол-система десе жаны шыға шыр ете қалатын қызы Қарақаттың арқасында осылай «сотрясениеден» дәрісіз айықты. Бұл – Қарақаттың жадына түйіп жүрген жүз шипалы амалының бірі ғана. Керек болар деп көпшілікпен бөлісіп отыр екен. Осындай көршісінің барына шүкір! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 55 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |