26/09/2023, 22:26 | |
МИДЫ ТЫНЫҚТЫРАТЫН МЫҚТЫ ШӨП ШАЙ Бүгінде адамды жүйкелететін нәрсе көп. Оның үстіне қазір күз келді. Оған қосымша салмақ көп түседі. Осы кезде жұрттың жүйк етыныштандырады деп түрлі дәрі-дәрмектер ішіп жататыны бар. Бірақ дәрі іше берген де дұрыс болмайды екен. Дәрігерлер лажы болса жүйке тынықтырудың мынадай тәсілдерін қолдануға кеңес береді: ▪Ұйқыңыз толыққанды болуына жағдай жасаңыз. Ол психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Дұрыс тыныққан адамның көңіл-күйі орнықты болады, ол тиісті шешімдерді қиналмай жасайды. ▪Шынығыңыз, әсіресе ауыспалы душқа түсіп тұрған пайдалы. Ол адамды сергітеді, миға жайлы, эндорфендирдердің (бақыт гормоны) түзілуін тездетеді. ▪Дұрыс тамақтаныңыз. Өйткені аш адам ашушаң болады. Ағзаға қажетті витаминдер аз түседі. Мұндайды болдырмас үшін В тобы витаминдері мен кальцийі мол тағамдар, теңіз капустасы мен түрлі-түсті капуста сияқты йоды мол өнімдерді жиірек тұтыныңыз. ▪Спортпен айналысыңыз. Жүйкеге түскен салмақтан арылуда физикалық жаттығулар жақсы жәрдемші, ол эндорфендирдерді түзілуіне жол ашады. ▪Көп серуендеңіз. Мүмкіндік туса, саяхатқа шығыңыз. Музыка тыңдаңыз, жақсы кітап оқыңыз, ой бөліп, қызықтыратын көрмелерге барып тұрыңыз. Қысқасы, жаныңызға жағымды ортада жиірек болыңыз. Мынадай бес түрлі шөптен жасалған тұнбаның миды тынықтырып, сергітуге себі бар: ▶1. Шүйгіншөп, (валериана) 15-20 тамшысы. ▶2. Долана (дәріханалық) 15-20 тамшысы. ▶3. Тау жалбызы (пустырник), 1 стакан қайнаған суға 3 ас қасық. Бір ас қасыөқтан 3 мезгіл. ▶4. Қырмызы (календула), 1 стакан суға 1 ас қасық. Жарты стаканнан күніне 1 мәрте ішеді. ▶5. Шайшөп (зверобой), 1 стакан суға 1 ас қасық. Жарты стаканнан күніне 3 мезгіл. ...Қысқасы, жүйкем жұқарды деп химиялық жолмен шығарылған дәріні көп іше бермеңіз. Мүмкіндігінше жоғарыдағыдай әдіс-тәсілдерді қолданыңыз. Болмай бара жатса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс болмақ.
ЖҮЙКЕҢІЗ ЖҰҚАРСА ЖАСАП КӨРІҢІЗ Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт рецепт ұсынбақпын: 1. Бір стакан аршылған жаңғақ, бірдей мөлшерде бал мен лимон алыңыз. Жаңғақ дәндері мен лимонды мейлінше ұсақтап тураңыз, оған сұйық бал құйыңыз. Бұл қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Мұны екі апта бойы күніне 3 рет, астан бұрын 1 ас қасықтан жеп жүрсеңіз, иммунитет пен жүйке жұмысы нығаяды. 2. Жаңа сығылған жүзім шырыны керек. Күнделікті таңертең және кешке 2 ас қасығын ішіп жүрсеңіз, қысы-жазы сергек жүретініңіз анық. Жүзім шырынын мейлінше ұзақ уақыт қабылдаған жөн. 3. Қарағай инелерінің созылмалы шаршауды тез жоятын қасиеті бар. Орманда жиналған инелерді шайып, пеште (духовка) 15 минут ұстаңыз. Сосын 2 ас қасық инелерді ұсақтап, оған 1 стакан су құяды. Баяу отта 30 минут қайнату керек. Енді оған 3 ас қасық бал қосыңыз. Сосын 1 сағатқа жылы орап қояды. Осылай дайындалған тұнбаны 10 күн бойы ұйықтар алдында 1 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз, өзіңізді сергек, жеңіл сезінесіз. 4. Ежелден келе жатқан өте тиімді рецепт – 1 стакан сүтке 0,5 ас қасық құрғақ түймедақ гүлдерін салып, баяу отқа қойыңыз. Бұрқ етіп бір қайнағанда өшіріп, сәл салқындаған соң сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосыңыз. Мұны күнделікті кешке ұйқы алдында ішіп жүрсеңіз пайдасы көп: шаршаудан құтыласыз, иммунитет көтеріледі. Ішек жұмысы жақсарады.
ВИТАМИН ЖЕТІСПЕУІНІҢ ТӨРТ БЕЛГІСІ Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты витамин тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей қалуы жиі кездесетін жағдай. Ал витамин тапшылығын қалай анықтауға болады? Төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз. 1. Аяқ-қолыңыз жиі ұйып қала ма? Әлде аяғыңыз тез талып, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде балтыр тұсында шаршау, әлсіздік сезіле ме? Жүрек қағысының жиілеуі, есте сақтау қабілеті бұзылып, адамдардың түрін танып тұрғанмен атын еске түсіре алмау, қолдағы затыңызды қайда қойғаныңызды ұмыту жиіледі ме? Бұл тиамин мен В1 витамині жетіспегенде болатын белгілер. Әйткенмен «жарасы жеңіл»: жүгері, қара нан, фасоль, шпинат, сыра ашытқысы мен сәбізді жиі тұтыну, күнделікті ас мәзіріне енгізу арқылы жағдайды қалыпқа келтіре аласыз. 2. Соңғы кездері жиі суықтап қала бересіз бе? Аз қозғалыстың өзіне бойды әлсіздік билеп, бас себепсіз ауыра ма? Бұл сізде пантотен қышқылы мен В3 витамині тапшы екенін білдіретін белгі. Жасыл бұршақ, сиыр (әсіресе бұзау) бауыры, қызыл фасольды жиі тұтыну арқылы аздың орнын толтырып, жоғарыдағы жайсыздықтан құтылуға болады. 3. Қанша күтім жасасаңыз да қол мен бет терісі құрғап, жарылып кете бере ме? Шашыңыз көп түсіп жүр ме? Күтпеген жерден басыңыз айналып, тез қойып қала ма? Бұл ағзаға пиридоксин мен В6 витамині қажет деген сөз. Оның орнын бұршақ (горох), өңделмеген күріш толтырады, жиі тұтынуға тырысыңыз. 4. Түнде дұрыс тынығып, жайлы ұйықтасаңыз да таңертең аяқтарыңыз, әсіресе балтыр қатты талып, шаршап тұра ма? Бет пен қол терісі қабыршақтанып, қайызғақтанып кете ме? Бұл рибофлавоноид пен рутин жетіспейтінін білдіреді. Керегіңізді қызылша, брусника, анар, қара өрік, итмұрын жемісі мен сәбізден табасыз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 50 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |