26/09/2023, 21:45 | |
КҮЙІП ҚАЛҒАНДА тез арада мынадай ем жасаңыз: ▪Ауырған жерге майдалап туралған (үккіштен өткізілген) сәбіз басу керек. Бұл әдіс сонымен қатар жара мен тіліп (кесіп) алған жердің тез жазылуына көмектеседі. ▪Шикі жұмыртқаның сарысын ыстық майсыз табаға салыңыз. Ол күйіп, аздап майы қалады. Осы май күйікке қарсы ең жақсы құрал. ▪Күйіп қалғаннан жағдайда жаңа алынған (свежий) жұмыртқаның сарысына сары май қосыңыз. (Сары май мөлшері қоспа қоймалжың болғанша). Оны таза дәкеге жағып, күйген жерге жағыңыз керек. Ауырсыну тез басылады, ал жара көп ұзамай жазылады. ▪Күйген жерге үккіштен өткізілген картоп қойса, ауырсынуды жеңілдетеді және терінің тез қалпына келуіне ықпал етеді. ▪Тағы бір әдіс бар – қарақұмық (гречка) ұнын сарғайғанша қуырыңыз, оны суға илеңіз де, дайын болған "қаырды" күйген жерге жағыңыз.
БАУЫР МЕН ІШЕКТЕРДІ тазалайтын сусын ▪Алдымен бауырдың жағдайына мән беріңіз: шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп жатқан жоқ па? Бауырдп өзгеріс бар екенін білдіретін басты белгілер – әлсіздік, энергия жетіспеушілігі, бас айналу, жүрек айну, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, ас қорыту проблемалары және терідегі бөртпе. Егер осы белгілер болса, бауырды мына әдіспен тазартуға болады: ▪Құрамы: бір уыс жас жалбыз жапырақтары; 1 лимон шырыны; 1 апельсин шырыны; 1 литр су; 3 ас қасық бал. ▪Дайындау: суды шұңғыл металл ыдысқа құйып, өте баяу отқа қойыңыз. Оған жалбыз жапырақтарын қосып, 5 минут қайнатыңыз. Сосын бөлме температурасына дейін суығанша күтіңіз. Одан кейін 1 лимон , 1 апельсин шырынын және бал қосып, жақсылап араластырады. Сүзіп алып, асықпай ұрттап ішеді. ▪Бұл сусын улануға қарсы көмектеседі, асқазан-ішек жолына жақсы әсер етеді, ыстықта шөлді қандырады! Бауырды тазарту процестерін бастау үшін күніне 1 стакан осындай сусын ішсе жеткілікті.
АҚША АҒАШЫ ДА ДӘРІ БОЛА АЛАДЫ Бүгінде «Ақша ағашы» деп аталатын өсімдікті көп үйден кезіктіруге болады. Яғни оны үйге ақша шақырады деп өсіреді. Бұдан бөлек, оның бактерияға, вирусқа, қабынуға қарсы да әсері зор екен. Білетіндер бұл жөнінде былай дейді: «Егер үйде біреу сырқаттана қалса, бөлмедегі ақша ағашының ахуалы нашарлай бастайды. Ол солып, жапырағы түседі. Яғни ол зиянды қуатты өзіне тартады. Адам сауыққан кезде оның жағдайы да жақсара бастайды». Осыған орай гүл өсірушілер мынадай рецептер ұсынады: * Ақша ағашы ерінге ҰШЫҚ шыққанда (герпес) пайдалы. Ол үшін бірнеше жапырағынан шырынын сығып алып, бүлінген жерге әр 30 минут сайын қойып тұру керек. Шырынды матаға сіңіріп, оны бүлінген жерге «пластырьмен» бекітіп қойса да болады. * АНГИНА, ТОНЗИЛЛИТ мазалағанда 10 жапырағынан сығылған шырынға 200 миллилитр су араластырып, онымен тамақты күніне 3-5 рет шайып тұрған дұрыс. Таңертең тамақтан 1 сағат бұрын 2 жапырағын әбден шайнап жеу керек. * Оны ПИЕЛОНЕФРИТ, ЦИСТИТке де қарсы пайдалануға болады. 5 жапырағын уақтап, үстіне 200 миллилитр ыстық су құяды, сосын 1 сағат тұндырып, сүзіп алады. Күніне 1 ас қасықтан, 3 мезгіл, тамақтан 15 минут бұрын ішеді. * АРТРИТ, АРТРОЗға қарсы қолдану: 10-15 жапырақтың шырынын сығып, бүлінген буынға ұйқыға жатар алдында жақпа май есебінде қолданады. * Ақша ағашының жапырағын тіліп, ГЕМОРРОЙға қолданса, көмектеседі. * Жарақат, жара, күйік, сіңір созылуы, соққы әсерін жою кезінде де ақша ағашының жапырағынан ботқа жасап, зақымданған жерге жағу, үстінен дәкемен бекіту керек. Әр 2-3 сағат сайын (кебуіне қарай) таңғышты алмастырып тұруға болады. ЕСКЕРТУ: Ақша ағашында мышьяк көп, сондықтан одан жасалған тұнбаны тым көп ішуге, жалпы, оны шамадан тыс қолдануға болмайды. Осыны ұмытпаңыз! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 52 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |