19/06/2023, 20:36 | |
ВЬЕТНАМ БАЛЬЗАМЫ 1980 жылдары «Вьетнам бальзамы» атты жақпа майдың даңқы шыққаны белгілі. Ол – сыртында бес жұлдыз суреті бар вазелин құтысындай ғана ыдыстағы май. Әсіресе оны басы ауыратындар жиі қолданатын, сырқырауын сап тыйды деп мақтап жүретін. Бұл бальзамның атауы – «Алтын жұлдыз». Ол бірнеше өсімдіктерің эфир майларын біріктіретін кристалды ментолдан тұрады. Сонымен қоса құрамында камфор майы, жалбыз, эвкалипт, қыша майлары бар. Олар ағзаны суытып, жергілікті жүйке талшықтарын тітіркендіріп, қан айналымын күшейтеді, сол арқылы жарақатты жазады, қабынуға қарсы әрекетін күшейтеді. Тіс ауырғанда «Алтын жұлдызды» саусаққа, бас бармаққа, қарақұс жаққа жағады. Бас ауырса (әсіресе суықтағанда, стреске ұрынғанда, қаты шаршағанда), оны самайға, қарақұсқа жағады. Ол ауырсынуды басады, себебі құрамындағы майлардың тыныштандыратын, сергітетін қасиеті бар. Сондықтан оны бас айналғанда да қолдануға болады. Невроз, стресс кезінде оның бірнеше тамшысын жылы ваннаға қосып шомылу керек. Шаршау мен мазасыздануды басады. Жөтелді басу үшін оны самайға немесе кеудеге сіңгенше жағады. Ингаляцияға да қолдануға болады. Оны ангинаға қарсы қолданса да шипалы. Радикулит кезінде де оның пайдасы бар. Ауырған жерге сіңгенше ысқылау керек. Күніне 2-3 мәртеден, бірнеше ай бойы қолданса болады. Аяқ-қол домбыққанда, аяққа күс пайда болғанда майды проблемалы жерге жағады. Бірнеше ай бойы күніне 2-3 мәрте жағып тұру керек. Бұлшық етті, буынды ауыртып, соғып алғанда ауырсынуды басу үшін соққы тиген жерге сіңгенше ысқылау керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 51 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |