Халық емі
12/06/2023, 22:23

ЖӨТЕЛГЕ ҚАРСЫ ХАЛЫҚ ЕМІ

Жас баланың жөтелі қарсы: көлемі бірдей 1 алма, 1 пияз және 1 сәбізді үккіштен өткізіңіз. Оған 2 ас қасық бал қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Күніне 4-5 рет жылы (бөлме температурасында) 1 шай қасықтан беріңіз.

30 гр. мейізді қайнап, суыған суға 45 минут салып қойыңыз. Сосын сүзіп алып,  мейізді ұйықтар алдында ыстық сүтпен жеп қойыңыз. Бұл өте қатты жөтелге де көмектеседі.

10 пиязды текшелерге бөліңіз, сарымсақтың 1 бөлігін ұсақтаңыз. Оған 500 мл сүт құйыңыз, жұмсарғанша пісіріңіз. Қоспаға жалбыз бен табиғи бал қосыңыз. 1 сағат тұндырып,  сүзіп аоамыз. Күніне бірнеше рет 1 ас қасықтан ішіңіз.

2 ас қасық майда туралған алма, 2 ас қасық бал және 1 ас қасық майда туралған пияз. Бәрін араластырып, күніне 4-7 рет 1 шай қасықтан жейді.

 2 дана жақсы піскен бананды ұсақтап, 200 мл ыстық су құйыңыз, 10 минут қайнатыңыз. Сүзіп, бал қосыңыз. Жылыдай  ішіңіз.

 

ВИТАМИН ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Қолдарыңыз немесе аяқтарыңыз жиі ауырып, аяқтарыңызда әлсіздік сезімі байқалса, жүрек соғысының жиілеуі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы мазалай ма? Бұл сіздің ағзаңызда тиаминнің немесе В1 витаминінің жетіспеушілігін көрсетеді. Жүгері, қара бидай наны, бұршақ, шпинат, сыра ашытқысы, сәбіз жетіспеушіліктің орнын толтыруға көмектеседі.

Көру қабілеті төмендеп, көздер тез шаршайтын болса, тіс эмальдарында жарықтар пайда бола бастаса, онда сізге D витамині қажет. Ол ультракүлгін сәуленің әсерінен өндіріледі. Бірақ ол витаминдермен байытылған өсімдік майлары, треска балығының бауыры, камбала, скумбрия, тауық жұмыртқасының сарысы сияқты  тағамдарда кездеседі.

Жиі суық тие ме? Қалшылдау, әлсіздік, невралгия мазалайтын болды ма? Бұл пантотен қышқылының немесе В3 витаминінің жетіспеушілігін көрсетеді. Диетаңызға көбірек жасыл бұршақ, сиыр бауыры, қызыл бұршақ қосуға тырысыңыз.

Тері бозарып, сарғыш реңкке енсе, қызыл иек қанай бастаса, салмақ жоғалту, асқазан-ішек жолдарының қабынуы байқалса, бұған фолий қышқылының немесе В3 витаминінің жетіспеушілігі себеп. Ол түсті қырыққабатта, ақжелкенде, брокколи,  сиыр бауыры, жас қырыққабатта көп.

Шаш түсуі, терінің құрғауы, бас айналуы, ұйқышылдық, ойлау мен қимылда аздап тежелу жиілей бастады ма?. Бұл сіздің ағзаңызға В6 витамиіні немесе қажет екенін көрсетеді. Жетіспеушілікті бұршақ, өңделмеген күріш, бұршақ жеу арқылы толтыруға болады.

Бет пен қолдың терісі қабыршақтанса, тамырларда түйін, ісіну пайда болса, таңертең аяқтың ауырсынуын және қатты шаршауын сезінсеңіз, онда сізге рибофлаваноидтар жетіспейді. Оларды қызылша, мүкжидек, анар, қара өрік, итмұрын, сәбізден табасыз.

Жұқпалы аурулармен (тұмау, вирусты жұқпалы аурулар, т.б.) жиі ауырасыз ба? Ұйқының жиі бұзылуы, терінің кейбір тұстары бөртіп, жаураған сияқты бөртіп кететінін байқадыңыз ба? Сізге аскорбин қышқылы қажет, ол тұздалған қырыққабат, қарақат (смородина), мүкжидек (клюква), итмұрын (шиповник), болгар бұрышы, цитрус жемістерінде көп.

 

ОШАҒАН ҚАЙНАТПАСЫМЕН БАУЫРДЫ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Бауыр, асқазан-ішек жолдарының аурулары, безеулер кезінде:

1 ас қасық ошаған (расторопша) 200 мл қайнаған су құйып, жабық эмальданған кастрюльде су ваннасында 30 минут қайнатады. Сосын 3 қабат дәке арқылы сүзіп, 200 мл-ге дейін қайнаған сумен толтырады. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіңіз. Тамақтанудан 20 минут бұрын.

 Гепатит кезінде:

30 грамм ұнтақталған ошаған тұқымына 500 мл су құйыңыз, сұйықтықтың 1/2 бөлігі буланғанша баяу отта қайнатыңыз, 10 минут тұндырып, сүзіп алады. Мұны әр сағат сайын (8-ден 20 -ға дейін)  1 ас қасықтан ішеді. Емдеу курсы 21 күн, 2 апта үзіліс, және қайтадан 21 күн  кепек.

 Улы заттарды кетіру және бауырдың зақымдануын болдырмау үшін:

Дәріханадан тамырымен қоса кептірілген ошаған сатылады.  2 ас қасық  ұнтақталған шикізатқа 0,5 литр қайнаған су құйыңыз, түні бойы тұндырыңыз.  Күніне 3 рет 3/4 кеседен ішіңіз. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 66 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: