Халық емі
02/05/2023, 23:33

ШИПАЛЫ БОЛУ ҮШІН ШАЙҒА НЕ ҚОСУҒА БОЛАДЫ?

1. Қалампыр

Бас ауруын жеңілдетеді және тыныс алуды сергітеді. Қалампыр қосылған шай ауыр күннен кейін жүйкеңізді тыныштандыруға және ойларыңызды ретке келтіруге көмектеседі.

2. Тимьян

Бұл тойып тамақ ішкеннен кейінгі ас қорытуды жақсартуға және асқазан аймағындағы жағымсыз сезімдерді кетіруге көмектеседі.

3. Зімбір

Иммундық жүйенің қорғаныс қызметін ынталандырады және суықта ұзақ серуендегеннен кейін ағзаның тез жылынуын қамтамасыз етеді. Егер сіз кенеттен аяғыңызды сулап, жаурап қалсаңыз немесе суық тию, ЖРВИ, тұмаудан кейін зімбірмен шай ішіңіз.

4. Даршын

Қандағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді, сондықтан даршын қосылған шай тәттілер мен нанды ірімшікпен жуған дұрыс.

5. Жалбыз қосылған шай

Ұйқыға және қалпына келтірілген күштермен оянуға көмектеседі, өйткені ол нервтерді тыныштандырады, стрессті жеңілдетеді.

6. Β бұл дәмдеуіштер: ваниль, даршын, тимьян, зімбір, қалампыр антиоксидант деңгейі саңырауқұлақтарға, көкөністерге және тіпті жаңа піскен жидектерге қарағанда жоғары.

 

ПРОСТАТИТ – ХАЛЫҚ ЕМІ

Еркектерде ең жиі кездесетін ауру – қуық асты безінің (простата) қабынуын халық емі тәсілдерімен емдеуге бола ма?! Соған орай біз халық емінің энциклопедиясынан бірнеше рецепт ұсынуды жөн көрдік.

1) Простатит кезінде 0,5 кило тазаланған асқабақ дәнін (қуырмай, шикідей) еттартқыштан өткізіп, 1 стакан балмен араластырып жеу керек. Күніне 1 рет, ашқарынға жейді. (Дәріні таусылғанша жеу керек). Емді жылына 1 рет қана жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.

2) Әрқайсысы 1 ас қасықтан қайың  (береза) мен аюқұлақ (толокнянка) жапырағы, жүгері шашағы, қызылмия (солодка) тамыры керек. Осының бәрін араластырып,үстіне 1 стакан салқын су құяды. Оны 6 сағатқа қалдырасыз. Одан кейін 15 минут баяу отта қайнатып, сүзіп алады. Күніне 3 рет стаканның төрттен бір бөлігі мөлшерінде астан жарты сағат бұрын ішеді. Ем курсы – 10 күн. Келесі емдік курсты 15 күннен кейін қайталауға болады.

3) Түнге қарай әрқайсысы 1 ас қасықтан түймедақ (ромашка) пен қазтабан (лапчатка) гүлін термосқа салып, жарты литр қайнаған су құйыңыз. Таңертең сүзіп аласыз. Оны жылы күйінде (термоста) сақтап, түнде клизма жасау керек. Бұл емді аптасын 1 реттен 3 рет жасауға болады.

4) Ақбас жусан (тысячелистник), аюқұлақ (толокнянка), теңгежапырақ (манжетка), қайың бүршігі мен андыз (аир)дың әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып, араластырыңыз. Осы құрғақ қоспаның 2 ас қасығына 0,5 литр қайнап тұрған су құяды. Оны 5-7 минут қайнату керек. 30 минут жылы орап тұндырып, сүзіп аласыз. Дайын болған тұнбаны төртке бөліп, арасына біркелкі уақыт қалдыра отырып (4,5 – 5 сағат), тәулік ішінде тауысу керек. Әр күнгі қоспаны жаңадан әзірлей отырып, емдік курсты 10 күн жалғастырады.

Дегенмен мұны дәрігер тағайындаған емнен қол үзбей, қатар жасау керек. Ал, жалпы, диагноздың дұрыс болуы мен простатиттің негізгі себебін анықтап алу керек.

Қуық асты безінің қабынуы бірнеше себептен болады: үрпі, қуық қабынғанда, үрпіні құралдармен зерттегенде қуық безіне микробтар енуі мүмкін. Простатитті көбіне стафилококк, стрептококк, ішек таяқшалары, трихомонадалар туғызады.

Простатит – ер адамдар арасында жиі кездесетін урологиялық кесел. Дерт 30-дан асқан еркектерде пайда болады. 30 жастан соң еркектердің 30%-ы, 40 жастан соң 40%-ы, ал 50 жастан соң тең жартысы простатиттен жапа шегеді деп есептеледі. Оның жасырын дамитн түрі де бар. Сондықтан ер адамдар жылына бр рет дәрігерге қаралып тұруы тиіс.

 

ЖҮРЕК пен ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕКІ РЕЦЕПТ

1) 2  лимон мен 2 апельсинді бірнеше бөліктерге бөліп, дәндерін алып тастап, еттартқыштан өткізіңіз.

Массаны 2 ас қасық таза балмен араластырыңыз.

Бөлме жағдайында шыны ыдыста 1 күн тұрсын. Содан кейін тоңазытқышқа салыңыз.

Мұны күніне 2-3 шай қасықпен  тамақ алдында тұтыну керек.

2) Еттартқыштан 500 г лимонды қабығымен (дәнін алып тастап), 500 г мүкжидек (клюква), 500 г итмұрын (шиповник) тұқымынан тазартылған болсын, 500 г бал қосып, бәрін араластырыңыз. Тығыз жабық шыны ыдыста 1 күн ұстаңыз.

1 ас қасықтан, тамақтанудан 15 минут бұрын күніне 3 рет тұтынады. Тоңазытқышта сақтаңыз.

 

ТАМАҚ АУЫРҒАНДА ТАПТЫРМАЙТЫН ДӘРІ

Жаздыгүні бала деген балмұздаққа құмар келеді ғой. Күніне бірнешеуін жеймін деп қызының даусы шықпай қалды. Сонда бала кезде анасының оған істеген емі есіне түсті.

Кішкентайында олар қаладан қашықта тұратын. Ауылдарына аңшылар көп келетін. Әр келгенінде анасы олардан үш-төрт бөтелке май сатып алып қалушы еді. Бірде күннің ыстығында мұздай су ішемін деп оның тамағы ісіп, ыстығы көтеріліп, төсек тартып жатып қалды. Сонда анасы әлгі майдың әрқайсысынан 1 шай қасықтан ыстық сүтке салып, оған ішкізетін. Майдың дәмі ұнамайтындықтан ол оны ішкісі келмей, қиғылық салатыны есінде. Бұлардың бағасы өте қымбат тұратын, бастысы, табыла қоюы қиын аю, борсық, қабанның майлары екенін айтады анасы. Олардың емдік қасиеті де күшті болатын көрінеді. Егер бұл майларды ішпесе дауысының мүлдем шықпай қалатынын, сөйтіп операция жасатуға тура келетінін жеткізді. Операцияны естіген соң көзді жұмып жіберіп, сүтті сіміріп салатын.

Үнемі мұздай су ішіп, тау өзенінің салқын суына шомыла беру қойсын ба, ода гайморит те бар болатын. Ол тынысты тарылтқанда басы қатты ауырушы еді. Бұл кеселден балық майының көмегімен арылды. Одан бөлек, гайморитке сары майды жылытып тамызуға да болады екен.

Бала кезде есінде қалған, өзіне көмегі тиген осы амалдарды ол қызына пайдаланды. Ол көп ұзамай-ақ тәуір болып кетті. Ал ол халық емі тәсілдерін біліп жүрген қандай жақсы деп қуанып жүр. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 62 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: