Халық емі
17/04/2023, 08:50

ДИАБЕТКЕ ДЕ ЕМ ДЕЙДІ

Жаңғақтың маусым-шілде айларындағы жапырағынан жасалған тұнба көптеген ауруға ем екені рас. Мәселен, жаңғақ жапырағының тұнбасы мен қайнатындысы ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Сондай-ақ витамин жетіспеушілігі кезіндегі әлсіздікті жоюға кө-мектеседі. Асқазан мен ішектің қабынуларында, мидың атеро¬скле¬розында, мешел ауруын-да, созылмалы экзема мен буын ісігі мазалағанда да көмегі көп. Ол үшін 1 ас қасық ұсақталған құрғақ жапырақты (немесе жасыл қабықшаны) 1 стакан қайнаған суға 20 минут бұқтырып, сүзгіден өткізу керек. Оны күніне 3-4 ас қасықтан ішкен жөн. Қант диабетімен ауырғандарды емдеу үшін 1 стакан үгітілген жапыраққа 3 стакан қайнаған су құйып бетін жауып, 20-30 минут қойып қояды, содан кейін тұнбаны қайнатып, тағы да ыдыста 6 сағат мөлшерінде ұстайды. Күніне 3-4 рет тамақтан кейін 30-40 минут өткен соң жарты стаканнан ішу керек.

Жараны емдеу үшін жапырақтың майлы тұнбасын алу керек. Ол үшін 80 грамм кептірілген таза жапырақты немесе жасыл қабықшаны 300 грамм тұщытылған өсімдік (зәйтүн) майына салып, бөлме температурасындай жылылықта күнара араластыра отырып, 15-20 күн қойып қояды. Содан кейін сүзіп алады. Осы қойыртпақты жараның бетіне жағып жүрсеңіз тез жазылады. Күйікті, жарақатты осы жаңғақ майымен майлауға болады. Жаңадан үгітілген жапырақтарды жарақатқа, сыздауыққа басады.

Жазда бар қорегін бойына жиып үлгерген жаңғақтың жас жапырағы мен дәнінің қабықшаларынан шірінше (золотуха), лимфа түйіні ауруларын емдеу үшін ванна дайындауға болады. Ол үшін жас немесе кептірілген жапыраққа суық су құйып, жақсы жабылатын ыдыста 45 минут қайнатып, оны ваннадағы жылы суға қосып шомылсаңыз жетіп жатыр. Толық ванна үшін 1 кило, жарты ваннаға 0,5 кило, отыратын немесе аяқты малатын суға 250 грамм жапырақ немесе қабық жетеді. Түк те қиындығы жоқ бұл ванна өзіңізді сергек сезінуге, аллергияның бәсеңдеуіне, суықты айдауға да көмектеседі. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 69 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: