Халық емі
03/04/2023, 19:20

КҮНІНЕ 2 МИНУТ УАҚЫТ БӨЛСЕҢІЗ, АҒЗАҢЫЗ АУРУДАН АМАН БОЛАДЫ

Бұл амал көп уақытыңызды алмайды. Есесіне бүкіл ағзаңызды тазартып, денсаулығыңызды нығайта түседі.

Күнде таңертең зәйтүн майына лимон шырынын араластырып, ашқарынға 1 ас қасығын қабылдап тұрыңыз. Ол өт пен бауырды тазартады, соның арқасында ас қорыту жақсарады, ағза қажетті витаминін сіңіріп, жеңілдік сезінесіз. Өйткені ішекте де тазару жүреді, оның жұмысы жанданады.

Егер аз уақытта тезірек жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе ем кезінде қышқыл дәмді жемістер жеп жүрсеңіз болады. Лимон, мүкжидектің көмегі керемет. Бір ай ішінде күнделікті екі минутыңызды ғана алатын бұл амалдың басқа да оңды нәтижелері көп. Бірақ мен оған тоқталмай-ақ қояйын, өздеріңіз байқап көріңіздер, өкінбейтіндеріңіз анық.

 

БАУЫРДЫ ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Көбірек су ішіңіз.

Суға лимон қосыңыз. Су мен лимон шырыны бауырды токсиндер мен қалдықтардан (шлак) тезірек арылуға ынталандырады.

Тағамға сарымсақ пен пияз қосыңыз. Сарымсақ пен пияздың құрамында ағзадағы шөгінділерден майды ыдырататын, сонымен қатар бактериялар мен саңырауқұлақтарды ағзадан шығаруға көмектесетін заттар бар.

Ошаған шөбін демдеп,  шай ретінде ішіңіз  немесе осы өсімдіктің сығындысын суға қосып ішіп жүріңіз

Ошаған құрамында силимарин бар, ол бауыр жасушаларын улы қалдықтардан қорғайды, сонымен қатар глютатионның (бауырдан токсиндердің шығарылуын қамтамасыз ететін антиоксидант) жойылуына жол бермейді.

 

ДӘМДЕУІШТЕРДІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Біздің көпшілігіміз тамақтың дәмін кіргізетін түрлі дәмдеуіштерді қолданамыз. Дегенмен көптеген дәмдеуіштер тек қана тамақтың дәмін кіргізумен қатар адам ағзасына пайдалы әсерін тигізетінін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.

Қара зире. Тамақтың дұрыс қорытылуына әсер етумен қатар жөтелді, асқазанның және ішектердің ауруын басады.  Оны тек дәмдеуіш ретінде ғана емес, одан шай демдеп ішкен де ағзаға пайдалы. Ол үшін 1 шай қасық езілген қара зире дәнін 1/4 литр қайнаған суға демдеп, 10 минуттан соң сүзіп аласыз. Дайын болған шайды жылы күйінде ішіңіз. Бұл ішке жел қармасқанды, асқазанның ауырғанын басады.

Жауқазын (шафран). Бұл дәмдеуіш қан аздықты жоюға, жүрек қан-тамырлары ауруларына көмектеседі. Сондай-ақ қанды тазартуға, бел қуатының төмендеуіне қарсы әсер етеді.

Зімбір (имбирь). Ауруды басатын қасиетке ие. Сонымен қатар жараның тез жазылуына, суықтағанға және қабынуға жақсы көмектеседі.

Кардамон. Үнді медицинасында ас қорытудың бірден-бір емі ретінде қолданылады. Сондай-ақ ол сарымсақ, ащы қызыл бұрыш, пияз сияқты асқазан сөлін қышқылдандырмайды. Үнді дәрігерлері оның асқазанның қорытпай қалуы кезінде, жүрек айнығанда және асқазанның қыжылдағанда жақсы жәрдем беретінін айтады.

Қалампыр (гвоздика). Жүрек қан-тамырлары ауруына, атеросклерозға, жас елгендегі есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, грыжаға және бронхитке таптырмас ем болады. Ол тәбетті ашып, асқазанның ауруын басады.

Жалбыз (мята). Оның тұнбасы астың дұрыс қорытылуына, асқазанға ауыртпалық түскенде, және үлкен дәреттің қалыпқа түсуіне көмектеседі. Егер оны шай ретінде демдеп ішсеңіз, асқазандағы қыжылды кетіреді. Ол үшін мұндай шайды күніне 2-3 стакан ішу керек.

Шалфей. Астың қорытылуын жақсартып, жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді.

Қыша (горчица). Суықтаудың алдын алады.

Аскөк (петрушка). Ағзадағы сұйықтықтың дұрыс сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қабақтың ісінуін басады. Ол үшін оны еттартқыштан өткізіп, оның үстіне 1/2 мөлшерінде қайнаған ыстық суды құйып, 8-10 сағат тұндырып қоясыз.  Содан кейін оны сүзіп, үстіне 1 лимонды сығып, шырынын қосасыз. Оны 5-7 күн бойы  күніне 3 рет тамақтан алдын 1/3 стакан мөлшерінде ішуіңізге болады. Бірақ жүкті әйелдер оны ішуіне болмайды.

Мускат жаңғағы. Мускат жаңғағы бірнеше ғасырдан бері бүйрек пен асқазанды емдеу үшін қолданылып келеді. Сонымен қатар жаңғақтың бұл түрі қан айналымын жақсарту үшін, қан тамырларының ауруларын емдеуге де қолданылады.

Куркума. Астың қорытылуын қалпына келтіріп, қанды тазалайды. Бауырдың жұмысын жақсартып, жөтелдің, тұмаудың алдын алады. Бет терісінің жылтырап, жақсы қалыпқа келуіне де септігі тиеді.

Даршын (корица). Суыққа және қабынуға қарсы бірден-бір ем. Асқазан мен жүректің жұмысын жақсартады. Бауыр, бүйрек және зәр жолдарының, қуықтың жұмысын жақсарту үшін қолданылатын диета кезінде оның тұнбасын ішу аса пайдалы.

Қызыл бұрыш. Ащы келімдәрінің құрамы көмірсутегі мен белокқа, минералды тұздарға және түрлі витаминдерге аса бай. Әсіресе оның құрамындағы С витамині  лимонға қарағанда әлдеқайда көп. Қызыл келімдәрі тәбетті ашып қана қоймай, астың тез қорытылуын, қан айналымын жақсартады. Сондай-ақ түрлі бактерияларды жойып, ревматизмді емдеуге көмектеседі.

Жоғарыда келтірілген деректерді ас мәзірінде дұрыс қолдана білсеңіз дәммен бірге ем де қабылдаған болып саналасыз.Олай болса, асыңыз дәмді болсын!

 

 

ЖҰМЫРТҚАНЫ ЕМГЕ ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Жөтелге қарсы құрал

2 ас қасық сапалы сары май, 2 жаңа алынған үй жұмыртқасының сарысы, 1 шай қасық бидай ұны және 2 шай қасық табиғи бал. Бәрін жақсылап араластырыңыз. Күніне 3-4 рет 1 шай қасықтан ішсеңіз, жөтелді дәрісіз, қиындысыз құтыласыз.

Термиялық күйік

2-3 жұмыртқаны әбден қайнатыңыз, сарысын бөлек алып, табадағы майсыз баяу отта қара, тұтқыр масса алынғанша қуырыңыз. Осы "ботқаны" күніне 2-3 рет күйген жерлерге жағу керек. Артылған тоңазытқышта сақтаңыз.

Суық және тұмау кезінде

500 мл. аздап жылытылған сүтке жаға алынған жұмыртқа қосып, жақсылап араластырыңыз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық сары май қосыңыз. Мұқият араластырып, түнде ұйқы алдында ішу керек. Сосын жылы оранып жатқан дұрыс. Келесі күні сізде жөтел де, мұрыннан су ағу да болмайды. Мұны 2-3 рет қайталауға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 86 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: