Халық емі
27/03/2023, 07:28

ТАМЫР СОҒЫСЫ ҚАНДАЙ АУРУЛАРДАН БЕЛГІ БЕРЕДІ?

Кейбір дәрігерлер мен емдік қасиеті бар жандардың сырқат адамның тамырын ұстап отырып-ақ мазалаған дертін дөп басатыны бар. Егер тамыр бүлкілінің жылдамдығын білсеңіз, сіз де өзіңізге диагноз қоя аласыз. Мамандардың пікірінше, ол үшін медициналық білімнің қажеті жоқ екен, тек уақыт есептейтін сағатыңыз бен тамыр соғысын сезе алатын қабілетіңіз болса жеткілікті.

Тамыр соғысын тұрып та, отырып та, жүріп те, жатып та тыңдасаңыз болады. Тек мына жай жадыңызда болсын: сау адамның тамыры минутына 60-80 рет соғады. Ритмикалық соғуы бірқалыпты болуы тиіс. Осы көрсеткішке қарап, ауру түрлерінің нәтижесін шығара аласыз. Айтпақшы, қате болмау үшін тамыр соғысын тамақтанып болған соң, денеге физикалық жүк түскенде, қарын аш кезде тыңдамаңыз.

Тамыр соғысының жиілігі кімде қанша?

Минутына 45-тен төмен болса, ол жүрек ауруынан немесе әлсіздік пен шаршағыштықтан хабар береді. Мұндай жағдайда кардиологқа көрінгеннің артықтығы болмас еді.

59-46 – ағзадағы қалқанша безінде темірдің аздығын ескертеді. Эндокринолог маманнан кеңес алыңыз.

81-100 – гипертония ауруының белгісі болуы мүмкін.

100-ден жоғары – бұл қалқанша безіндегі темірдің көбейіп кетуін білдіреді.

Егер тамырыңыз біресе баяу, біресе қатты соқса, ол жүрек ақауының белгісі. Тамыр соғысы мүлде баяу сезілсе, қаназдықтан хабар беріп жатқан болуы мүмкін.

Ескерту: тамыр соғысын тыңдағаннан кейін өз бетіңізше ем жүргізбеңіз. Егер денсаулығыңызда қандай да бір сенімсіздікті байқасаңыз, міндетті түрде маман дәрігерге қаралыңыз.

 

ЖАҢБЫР СУЫМЕН ЕМДЕЛІҢІЗ

Ерекше бір рецептпен бөліседі. Бұл оңай әрі «қызық» амал. Дегенмен көмегі күшті, өзі қолданып көрген соң жазып отыр.

Жаңбыр (немесе қар) суын жинаңыз да, қайнатып, тұндырып, 1 литрін бөлек ыдысқа құйып алыңыз. Осы суға 90 грамм ас тұзын араластырыңыз. (Көз мөлшерімен айтқанда, ас қасықты тым толтырмай, бетімен тегіс болып келетін тұз шамамен 30 грамм болады).  Емге керек 9 пайыздық тұз ерітіндісі дайын. Енді стерильді дәкені 8 қабаттап, осы ерітіндіге малып, сәл ғана сығып алады да, ауырған жерге басады. Жылуы басылмай тұрып сыртынан қойдың таза жүнін ораңыз. Ол үшін, әрине, жүнді алдын-ала әзірлеп алған дұрыс. Оның сыртынан жылы орамалмен орап тастайды. Клеенка қолдануға болмайды. Компресті түнге қарай жасап, таңертең шешеді.

Оп-оңай бұл рецепт несімен пайдалы? Тізенің сықырлауы, қақсауы,  буындардың ісінуі тез басылады, компресс сүйекке өткен суықты тартады. Оны ауыр жұмыс немесе жарақаттан болған омыртқа, бел, құйымшақ, жамбастағы ауырған жерге жасаса жәрдемі бар. Мойын остеохондрозында да жақсы көмектеседі. Шыққан, сынған сүйекке де тұз компресін тартады. Көгерген жер тез жызылсын десеңіз де осы компресті жасаңыз. Суықтау салдарынан дене дел-сал болып, бұлшық еттер сырқырап ауырғанда да осы тұз ерітіндісімен емделіңіз.

Бұл сонау XV ғасырдан – Өтейбойдақ бабамыздың дәуірінен келе жатқан ем түрі. Тұзды ерітінді мен қой жүнінің жылуында денедегі суықты, тұзды, токсинді тартатын ерекшелік бар, оны өзі жасағанда байқады.

Айтпақшы, жаңбыр (қар) суының орнына дистилденген су пайдалануға да болады. Компресті кемі 5-7 күн жасаған дұрыс.

 

 

ҚЫЗЫЛ МАЙДЫҢ ЕМІ КҮШТІ

Осыдан 15 жыл бұрын асқазаны ауырып, іші тоқтамай қалған болатын. Қандай ем қолданса да, нәтижесі болмады. Салмағы 70 кило жан еді, үш айдың ішінде 42 килоға дейін түсіп қалды. Ақырында жұмыста отырғанда іші қатты ауырды. Ішіне кірпі кіріп кеткендей болып, шаншып ауырып, құлап қалды. Содан операция жасатамын деп жүргенде бір емшіні тауып, сол кісі жазып берген болатын.

Қысқасы, асқазан бүрі кетіп, жеген асың бірден сұйық болып өте беруінің емі –  қызыл май екен. Таңертең, түсте, кешке тамақтан 30 минут бұрын қызыл майды 1 ас қасықпен ішіп аласың да, төсекке бір қырыңмен жатасың. Әр ретте 2-3 минуттан осылай 3-4 рет қайталайды. Ол әбден неше түрлі дәрі-дәрмектен күйіп қалған ішектің айналасын түгел майлау үшін керек. Және сау кезде жеген тамақтың мөлшерін барынша азайтып, соның жартысындай ғана асты, оның өзің асықпай, екі-үшке бөліп жейді. Ол ауырған асқазанға салмақ түсірмеу үшін жасалады. Ащы, ыстық не өте суық немесе қатты қуырылған, майлы тамақ жеуге болмайды. Осы тәртіпті 10 күн ұстанған адам асқазан дертінен мен сияқты толық жазылып кетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 100 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: