19/03/2023, 22:05 | |
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР Ұйқы безінің жұмысын жақсарту үшін 2 ас қасық қарақұмық (гречка) ұнын жарты литр майсыз айранға араластырып, түні бойы қойып қояды. Таңертең ашқарынға соны түгел ішеді. Таңғы асты осыдан соң екі сағат өткенде ғана ішуге болады. Емді 10 күн жалғастыру керек. Зәр жүрмей, жүрсе де жолы ашып, тұтылу болса жарты стакан балға иістікөк (петрушка) тұқымынан бір ас қасық ұнтақтап қосады. Жүгері шашағынан қайнатып ішіп, соңынан әлгі қоспадан шай қасықпен жейді. Он күнде бұл ауру қайталанбайтын болып жазылады. Денені күйік шалғанда 100 грамм тұзы жоқ сары май, жаңадан алынған бір жұмыртқаның сарысы екеуін араластырады. Оны күйген жерге тәулігіне бір рет жағады. Нәтижесі бір аптада көріне бастайды. Көздің сыртқы қабатына аса жұқа қабат өсіп, түйіліп ауырған кезде 1 ас қасық иістікөк (петрушка), 1 ас қасық сәбіз шырынын қосып, күнделікті таңғы астан бұрын ішіп отырса, көздің көру қабілетін арттырып, ауруын тежейді. Аллергиядан зақымданған теріні қалпына келтіруде арша жапырағының пайдасы көп. Ол үшін жарты кило аршаның жас бұтақтарын жапырағымен қоса қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста екі сағат ұстайды. Осы суға шомылу керек. Бір ай жалғастырған жақсы.
КӨКТЕМДЕ БУЫНҒА КӨМЕК КЕРЕК Тірек-қимыл мүшелеріне де көктемде көмек керек. Әсіресе буындарға. Өйткені олар бұл кезде витамин, минералдарды молынан қажет етеді. Осы орайда мынадай жйлар есіңізде болсын: Ешкінің балғын сүзбесі мен ірімшігін пайдаланыңыз. Ағза олардан кальцийді жеңіл сіңіреді. Сонда-ақ бұл кезде күн көзінің әсерінен Д витамині жақсы түзілуіне де оның әсері мол. Егер вена қан тамырлары мен буындарда проблема болса, солярийге көп бармау керек. Егер буындар қозғалысы нашарласа, аяқ ұйып, домбықса, оған суықтан компресс (криотерапия) басқан пайдалы. Ауырсынуды басып, қан айналымын жақсартады. Қыста адамдар көбіне бүрісіп, иығын қуштитып жүреді. Оның тірек-қимыл мүшелеріне зияны бар. Сондықтан осы күйніде қалыптасып кетпес үшін дене жаттығуларын жасап тұру керк. Кімге қандай жаттығу жәрдемдесетінін дәрігер нақтылап бере алады. Әсіресе арқа бұлшық еттерінің босаңсып кетпеуін қадағалаған жөн. Осы орайда мынадай жаттығу жасап тұрыңыз: 1. Барынша еңкейіп, демді ішке тартқан кезде иықты барынша оңға қарай керіп, кеудені алға созу арқылы арқа бұлшық еттерін шынықтыру керек. Ал дем шығарғанда денені қалыпты жағдайына келтіресіз. 2. Аздап алға еңкейіп, иықты барынша алға тартып, арқаны барынша қайқайту. Бұл екі жаттығуды күніне 3-4 мәртедан жасап тұрған дұрыс. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 68 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |