13/03/2023, 23:21 | |
АҒЗАНЫ КӨКТЕМДЕ ТАЗАРТҚАН ТИІМДІ Көктем – табиғатпен қатар адам ағзасы да оянатын уақыт. Адам ағзасы қыстан соң қайта ретке келтіруді қажет етеді. Ағзаны тек ашығу арқылы емес, басқа да әдістермен тазалауға болады. Ағзаны зығыр дәнінің көмегімен тазалау: зығыр дәні бүкіл ағзаға, әсіресе ішек, тері және бауырға өте пайдалы. Оның көмегімен барлық токсинді шығаруға болады. Ас қорыту ретке келеді және сыртқы келбетіңіз де жақсара түседі. Ол үшін таңертең ашқарынға бір ас қасық зығыр дәнін жеу керек. Дәнді бір минут шамасында жақсылап шайнап, бір стакан сумен ішіп жіберіңіз. Таңғы асты арада 30 минут өткен соң ғана ішіңіз. Таңғы асқа мейлінше суға піскен сұлы ботқасын ішу ұсынылады. Ағзаны қажетті су мөлшерімен тойдыру: барлық биохимиялық өзгеріс секілді, тазалау да сулы ортада жүреді. Сондықтан әр күніңізді 1-2 стакан жылы су ішумен бастағаныңыз жөн. Күні бойы судың жеткілікті мөлшерін ішсеңіз, бүйректеріңіз дұрыс жұмыс істейді және олар артық затты ағзаңыздан оңай шығарады. Рационға қарапайым тағамдар қолдану: күнделікті рационыңызда көбірек жеміс пен көкөніс қолданыңыз. Ағза көбірек жасұнық (целлюлоза) алған кезде, ол жерде табиғи тазару процесі жүреді. Ал бұл маңызды элементті жеміс-жидек, көкөніс, жарма және астық дақылдардан таба аласыз. Таза ауада көп жүру: кешке немесе таңертең саябақта, орманда жаяу ұзақ жүру ағзаңыз оттекпен қамтамасыз етіп, өкпеңізді токсиндерден тазалауға ықпал етеді. Пробиотик қолдану: потагендік бактерияның орнын пробиотик деп аталатын пайдалы бактерия басу керек. Олар сүтті өнімдер және биологиялық белсенді қосымшаларда болады. Сондықтан да рационыңызда құрамында қанты жоқ айран мен йогурт қосыңыз. Рационнан қантты, майлы және қуырылған тағамдарды алып тастаңыз. Егер көктемде ағзаңызды тазартам деп шешсеңіз, фаст-фуд, жартылай дайын өнім, дайын түшпара-мантылар, майлы және тәтті тағамдардан толығымен бас тартқаныңыз жөн. Бірнеше апта өткеннен соң өзіңізді жақсы сезіне бастайсыз. Көктем айларында ағзаңызды шлактардан тазартатын процедураларды ерінбей жасап тұрғаныңыз жөн. Ағзаңызды тазартудың арқасында ұйқыңыз тыныш та жайлы болып, өзіңізді тың да сергек сезінесіз. Сонымен қатар, беттеріңіз тазара түсіп, салмағыңыз азаяды. Ал көктемгі тазаруды тап қазіргі уақытта бастаған жақсы. Іске сәт! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 61 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |