06/03/2023, 07:49 | |
АСҚАЗАН ҚЫШҚЫЛЫН ЖАЛБЫЗ БАСАДЫ Бірнеше жылдан бері асқазаны ауырады. Соның салдарынан тамақ жей алмайтын кездері де болады. Сондайда ол емге бұрыш жалбызды (мята перечная) бірнеше емдік шөптермен араластырып пайдаланады. Жақсы көмектеседі. Өзі білетін осы рецептпен бөлісуді жөн көрді. Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты сүбеденің (вахта трехлистная) жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 грамм алып араластырады. Осы қоспаның 2 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға салып, 2 сағат буландырады. Даяр болған дәріні салқындатып, сүзіп алады да, шетінен ұрттап ішіп бір күнде тауысу керек. Дәріханаларда аталған шөптердің барлығы да бар. Сондықтан оны дайындау түк те қиын емес. Жүрек тұсы шаншыса, асқазан мен ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы көмектеседі. Бұл өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері де бар.
ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСІН! Суық тиіп, қатты жөтел қысқан кезде 2 тал лавр жапырағын 1 стакан суға салып, үстінен 1 ас қасық ас содасын салады. Оны 15 минут ақырын қайнатып, лавр жапырағын алып тастап, үстіне 1 ас қасық бал қосып, күніне екі рет жылыдай ішеді. Көп ұзамай жөтел тоқтап, қақырық шыға бастайды. Бірақ емді бір жеті жалғастыру керек. Созылмалы бүйрек қабынуында жұмыршақ (пастушья сумка) гүлінен 15, жалбыздан – 30 грамм, таспа жоңышқадан да осынша алып, үшеуін қосып қайнатып ішеді. Оны жарты стаканнан күніне 3 рет ішсе, бір жеті ішінде оңды нәтиже береді. Ал егер зәрде белок көп болса, аюбас тікен гүлінен 15 грамм қосып ішуге болады. Қытай халық медицинасында буын ауруларына, сулы бөртпеде ащы ермен (полынь горькая) қайнатпасын қолданған. Буын қабынып, сыздап аурыған кезде ащы ерменді қайнатып, жылы суына ауырған жерді жуу керек. Ал сулы бөртпеде ащы ерменге 10 грамм қызылмия тамырын қосып қайнатып, салқындаған кезде жуып отырған. Кеңірдектің созылмалы қабынуында өгейшөп, ақжүрек, өрік дәнінің әрқайсысынан 15 грамм алып, оған 30 грамм науат қосып, ұнтақтап, тамақтан соң қайнаған сумен ішу керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 66 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |