20/02/2023, 07:28 | |
ТАХИКАРДИЯДАН ЕМДЕЛУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ Тахикардиямен ауыратын адамдар мынадай халықтық ем түрлерін қолданса болады: * Күнде кешкісін уақталған екі жаңғақ дәнін екі шай қасық балға араластырып жеп тұру керек. (Кішкене лимон қосса да болады). Асықпай шайнаған жөн. Артынан 200 миллилитр су ішу керек. Сосын ештеңе ішпей, ұйқыға жатқан жөн. Арасында әр 40 күн сайын 10 күн үзіліс жасап, екі жылға дейін жасауға болады. * Термосқа долана мен итмұрын жемістерін ұсақтап салып, үстінен 1 ас қасық көк шай жапырақтарын, сасықшөптен (пустырник) 1 ас қасығын салып, термостағы 500 миллилитр суға қосады. Жарты сағат тұндырып, екі бөліп ішу керек. Оны 20 күннен, арасына 10 күн үзіліс салып ішіп тұру керек. Бұл жүрекке пайдалы. * Долана жемістерін, жалбыз жапырағын, ваалериана тамырын, сасықшөп шөбін, душица, пион шөптері мен итмұрын жемісін уақтап, қайнаған суға шай секілді (1 ас қасық) демдеп ішу керек. Ол жүрек бұлшық еттерінің жұмысын реттеуге пайдалы. * Дәрілік түймедақ (ромашка), жалбыз, фенхели, зере (тмин) жемістері, валериана тамырын теңдей мөлшерде уақтап, күнде кешкісін одан 1 ас қасығын 200 миллилитр қайнаған суға демдеп, 1 сағат тұндырып, сүзіп алу керек. 20 күн ішкен дұрыс. Бұл жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдалы. * Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін мынадай дәрмек жасап ішуге болады: үшжапырақ субеде (вахта трехлистная) мен жалбыздың кептіріген жапырақтары мен балдырған (дягиль) тамырын ұнтақтап қою керек. Бір ас қасығын200 миллилитр қайнаған суға демдеп, баяу жанған отта 2 минут қана қайнатып, сосын қақпағын жауып, 3 сағат тұндыру керек. Дайын тұнбаны күніне 2 мәртеден, 100 миллилитрден ішеді. * Қырмызыгүлдің (календула) кептірілген жапырақтары мен валериананың уақталған тамырын араластырып, 1 ас қасықтан термосқа салып, 400 миллилитр қайнаған суға тұндырады. 3 сағаттан соң сүзіп алады. Күніне 4 рет, 100 миллилитрден ішіп тұру керек. Курсы – 20 күн. Бір аптадан соң тағы бір рет қайталауға болады. * 1 ас қасық кориандрды 200 миллилитр қайнаған суға демдеп, 2 сағатқа тұндырады. Сосын сүзіп алып, күніне 50 миллилитрден 2 мезгіл ішеді. Курсы – 30 күн. Үзіліс – 10 күн. Мұны қолданған кезде тахикардияға қарсы басқа дәрі ішпейді. * 100 грамм уақталған мелиссаны 20 миллиграмм спритке 10 күн тұндыру керек. Сосын оны сүзіп алып, күніне 4 мәрте 1 шай қасықтан 50 миллилитр суға араластырып ішеді. Тұнбаны балғын шөптен де, кепкен шөптен де жасауға болады.
ПИЯЗҒА ШЕКЕР ҚОССА ЕМ БОЛАДЫ Түсі қызғылт көк сияқты пияз бағасы неге басқаларынан қымбат, білесіздер ме? Көпшілік оны өзгеше сұрып (сорт) болғандықтан бағасы көтеріңкі болады деп санайды. Ал негізі мәселе пияздың емдік қасиетінде. Пияздың бұл түрінен созылмалы цирроз, «водянка» сияқты ауруларды жеңуге көмектесетін «дәрі» жасауға болады. Бір кило пиязды еттартқыштан өткізіп, оған 850-900 грамм шекер қосады. Араластырып, 10 күнге салқын жерге қойыңыз. Одан кейін сүзіп, шырынын таза шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтау керек. Дайын болған «дәріні» күніне 3 рет, әр жолы 2 ас қасықтан ішеді. Қажет болған жағдайда араға бір ай үзіліс салып, емді тағы қайталауға болады. Бірақ тәттіге немесе пиязға аллергиясы бар, асқазан қыжылы мазалайтын адамдар 2 емес, 1 ас қасықтан ғана, онда да абайлап қабылдағаны жөн.
ПАНКРЕАТИТКЕ ҚАРСЫ ҚАРАПАЙЫМ ЕМ Біраз жыл бұрын ол қатты уланып, ауруханаға түскені бар. Ауруханадан шығарда дәрігерлер диета ұстауды тапсырды. Бірақ көңілі қалаған асты іше алмау деген азап екен. Кейде тұзды, ащы тағамдарды жеуге зауқы соғады. Содан оларды аздап жей бастады. Көп ұзамай асқазаны бүріп ауыратын болды. Бауыр жұмысы бұзыла бастағанын бетіне шыққан қара дақтардан байқады. Ауылда тұратын туыстарының бірі оған саумал ішуге кеңес берді. Бірақ оның дәмі оған ұнамады, іше алмады. Бірде нағашы апасы ешкінің сүтін ішкенің дұрыс деді. Базардан сүтті көп беретін тұқымы жақсы екі ешкі сатып алды. Сөйтіп күнделікті соның сүтін ішіп жүрді. Бір ай шамасында бетіндегі дақтар кетті. Асқазаны да анау-мынауға сыр бермейді. Бұрын жүрек тарсылдап кетуші еді, ондай әдеттен құтылды. Холецистит, панкреатит дегендермен баяғыда қоштасқан. Осыдан кейін ол ешкі сүтін жыл бойы дастарханынан үзбейтін болды. Күніге таңертең бір кесе ешкінің сүтіне бір шай қасық бал салып ішуді отбасымен әдетке айналдырды. Қазір жер үйде тұратын таныстарға да тым құрығанда асыл тұқымды екі ешкі асырау туралы айта жүретін болған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 71 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |