13/02/2023, 20:40 | |
ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРЕТІН ҚОСПА 3 дана лимон мен 100 грамм орман жаңғағын (фундук) еттартқыштан өткізіңіз. Оған 5 ас қасық таза бал қосып, біркелкі болғанша жақсылап араластырады. 3 күн тоңазытқышта сақтаңыз. Иммунитетті көтеретін қоспа әзір. Оны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қолдану керек. Лимон, жаңғақ, бал қоспасы жүрек, ішек жұмысы үщін де өте пайдалы.
АРҚАҢЫЗ АШЫП АУЫРА МА? Күнұзақ компьютерге «арқандалып», қозғалыссыз отыратын адамдарда арқаның ашып ауыруы, желке тұсының тартылуы жиі кездесетін жай. Осы бір жайсыздықтан оп-оңай құтылғыңыз келе ме? Онда табаныңызды уқалаңыз! Таңқалатын ештеңесі жоқ: табанда ішкі ағза мүшелерінің жұмысын белсендіретін нүктелер орналасқан. Сол сияқты табанның «ішкі» жағында омыртқа нүктелері бар. Яғни омыртқадан бастау алған жүйке талшықтарының ұшы осы жерде. Бас бармақ тұста мойын омыртқасының нүктелері басталады. Өкшеге жақын жерде сегізкөз-құйымшақ тұсы аяқталады. Тегіс жерге малдас құра отырып алып, табаннан «желке тұсыңызды» тауып алыңыз. Сосын оған асықпай, қаттырақ баса отырып массаж жасау керек. Кейбір тұстары ауырса, ол омыртқаның осы бөлігінде қалыпсыздық бар екенін білдіреді. Оны омыртқаның өзін сипалай отырып салыстырып көрсеңіз де болады. Табандағы «омыртқаға» күнделікті 20 минут массаж жасау жүйке талшықтарын босаңсытады. Ол бүкіл ағзаға жайлы әсер етеді. Әрі ағзаны сауықтырады. Арқаның ашып, желкенің тартылуынан уақытша болса да осылай құтылуға болады. Жасап көріңіз!
ТІЗЕГЕ ЛИМОН ШЫРЫНЫН ЖАҒЫҢЫЗ Осыдан біраз уақыт бұрын бір орында сәл отырып тұрса балтырдан санына дейін жіңішке бір шаншу қадалып, соның салдарынан тізесін толық жаза алмай, ақсаңдап қала берді. Тіпті екі минут тізе бүккеннің өзінде қылтасы тартылып қалатын. Оған қыздыратын жақпа (мазь) жағып, уқалағаннан пайда болмады. Оның отырып-тұрғаннан кейін ақсаңдап қала беретінін байқаған бір әріптесі одан жазылудың оп-оңай тәсілін айтты. Бастапқыда сенбеген еді, жасап көрген соң тиімділігіне көзі жетіп, алғысын айтты. Лимонды жапырақтап турап, соның бір жапырағын кешке ұйқыға жатарда өкшеден бастап балтырдың үстіне дейін уқалай отырып, лимон шырынын сіңдіре жақты. Бір апта бойы осылай істеп, бір айға созылған азабынан арылды. Сөйтсе лимон шырыны қылтадағы тартылып қалған сіңірді жұмсартады екен ғой. Сосын тізенің керіліп-созылуы жақсарады.
АҒЗАДАҒЫ БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕР НЕНІ БІЛДІРЕДІ? Адам бойындағы кез келген өзгеріс оның ағзасында болып жатқан құбылысты білдіреді. Соның ішінде қазіргі маусымда жиі байқалатын мына өзгерістерге ерекше мән берген дұрыс: 1. Аяқтың ісуі. Аяқ үнемі ісетін болса, вена қан тамырының тосылуы болып табылады. Мұндай болғанда дереу емханаға көріну керек.Әйтпесе өкпе қызметінің төмендеуі сияқты ауруларға соқтыруы мүмкін. 2. Қолдың терлеуі. Қолғаппен жүрсеңіз де, саусақтарыңыз жаурамаса да қолдың терлеуі денсаулықтың қалыпсыздығын білдіреді. Әйелдерде алақан және дененің қызуы, терлеу ахуалы байқалса, бұл бүйрек қызметінде бір мәселе бар екендігінен хабардар етеді. 3. Көру қабілеті төмендеуі. Көзі бұлыңғырлану, көзі құрғау, анық көре алмау сияқты көру қабілеті төмендеудің бейнесі болып табылады. Бұл бауыр қызметінің нашарлауынан хабар береді. 4. Тамаққа деген тәбеттің күрт артуы. Қанша көп тамақтансаңыз да салмағыңыз төмендеп кетсе немесе суды ішкен сайын кіші дәретіңіз көп келсе бұл диабет ауруының белгісі. 5. Асқазанның сазып ауыруы. Егер сізде бұрыннан асқазан ауруы бар болып, енді асқазаныңыз қайталай ауырса, бұл қарапайым асқазан ауруы деп қалмаңыз. Әдетте жүрек ауруын тудыратын асқазан ауруында асқазан қатты ауырып кетпейді, тек қарныңыз ашпағандай сезінесіз. Кейбір кезде жүрегіңіз аздап айниды. Бұлар жүрек ауруын қозғайтын асқазан аурулары. 6. Сілекей ағу. Көптеген адамдардың ұйықтағанда ауызынан сілекей ағады. Олар басқалардың көріп қалуынан ыңғайсызданып бұл жағдайды көбінде айтқысы келмейді. Бұған сал қарауға болмайды. Бұл жүйке жүйесінің тосылғанынан дерек береді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 73 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |