Халық емі
30/01/2023, 22:44

ҚАНДЫ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ

Қанның қою болуы адамды ауруға душар ететіні белгілі. Оны сұйылту үшін дәрігерлер үлкен кісілерге аспирин, аспирин кардио, тромбо АСС және басқа да дәрілерді ішуді ұсынып жатады. Бірақ бұл дәрілерді ұзақ ішкенде асқазан мен түрлі органдарына кері әсері болуы мүмкін. Негізі таблетканы үш ай ішсеңіз, кемінде 5-6 ай демалу керек дегенді естіп жатамыз. Мұндай кезде қан сұйылтудың табиғи әдістеріне көшу – өте тиімді әдіс. Мысалы: 
Өсімдік қоспаларынан әзірленген тұнбалар қан сұйылтуда жақсы нәтиже береді. Қанды сұйылтуға жақсы көмектесетін екі түрлі шөп бар: ол бал нәрлі хош иісті өсімдік – түйежоңышқа (донник) және ақ талдың қабығы. Екеуі де біздің елде бар шөптер. Дәріханадан алып, қолдану тәсілі бойынша дайындап ішу керек. Бұл дәрілік шөптерді үш апта ішсе жеткілікті. Төрт айдан кейін ғана қайталау керек. 
Мүкжидектен (клюква) компот қайнатып, соны жиірек ішіп жүрсеңіз, ағзаға күш-қуат сыйлап, иммунитетті көтересіз, қанды қоюланудан сақтайсыз. Оның тұмаудың алдын алуда да көмегі күшті. Бұл сусын бауыр мен асқазан және ішек ауруларын емдеу үшін аса пайдалы. Тағы бір қасиеті – жөтелден құтылуға көмектеседі. Ол үшін үш мезгіл мүкжидек шырынына бал қосып ішу керек. Таңертең ұйқыдан тұра сала таза су ішсеңіз, талай аурудың алдын аласыз. Қанды судың көмегімен сұйылтуға болады. Жалпы адамдар өте аз көлемде су ішеді. Ал ағзада судың көлемі аз болуы қанның қоюлануына әкеп соғады. Қан сұйылту үшін адам тәулігіне 1,5 литр таза су ішу керек. 
...Қан қою болса, адамның есту және көру қабілеті нашарлап, буын аурулары пайда болады. Басы ауырып, аяғы мен қолын басқаруы қиынға түсуі мүмкін. Біздің ағзамыздың 70%-ы судан тұрады. Ал ғалымдар адам бойындағы судың мөлшері небәрі 2%-ға азайса, күш-қуатымыз 20%-ға әлсірейтінін дәлелдеген. Мұндай қатерге жол бермеу өз қолыңызда.

 
ӘЖІМДІ АЗАЙТУДЫҢ АМАЛЫ КӨП

 1. Банан. Бананды езіп, оған жарты қасық зәйтүн майын қосып, біркелкі араластырып, бетке жақса әжімді кетіреді.

2. Күріш. Бұқтырылып піскен күрішті ыстықтай сүзіп алып, онымен бетті күріш майланып, қарайғанша ысқыласа тері көздеріндегі май мен кірді тартып алады. Соңынан таза сумен жуып тастаса тері көзі ашылып, жақсы тыныстап, әжім азаяды.

3. Мандарин. Оны қабығымен жаншып, спиртке шылап, тең мөлшерде бал қосып, бір апта тұндырып қою керек. Осы қоспаны бетке жақса теріні жұмсартуға және әжімды кетіруде көмегі көп.

4. Қызанақ. Оны ұсақтап турап, жаншып, шырынына азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді жақсы кетіреді. Құрамындағы С витамині теріні құрғап кетуден, жарылудан сақтайды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ондағы мол А витамині терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп, мүйізгектенуінің алдын алады.

5. Сүт. Бет жуған соң сиыр сүтін жағып, иектен жоғары өрлей массаж жасап, теріге толық сіңірсеңіз беттің қан айналымын тездетіп, терінің қоректенуін жақсартып, оттегімен қамдау мөлшерін жоғарылатады. Сонда тері әуелгідей серпімді қалыпқа келеді, жүзіңіз нұрланып, әжіміңіз азаяды.

6. Жұмыртқа. Азырақ жұмыртқа ағына жаңа сауылған сүт, бал және ұн қосып араластырып, қоймалжың ботқа жасап, бетке тегіс жағады. 15 минут өткен соң жуып тастаса теріні жұмсартады, жияды, әжімін кетіреді.

7. Талшын. Талшын (каштан) жемісінің дәнін ұнтақтап алып, балға араластырып, бетке жақса теріні үлбіретіп, бетті жылтыратады.

 

 

 

БЕЛ АУЫРСА, АДЫРАСПАН КӨМЕКТЕСЕДІ

Адыраспан – ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Емдік мақсатта адыраспанның шөбін яғни сабағын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Кезінде Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесі қабынуы кезіндегі шаншуды басатын дәрі ретінде пайдалануға кеңес берген.

Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатпа суық тигенде, безгек ауруларына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болады. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауру-сырқауы бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады.

Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы бас ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға көмектеседі. Сонымен қатар, белге суық тигенде адыраспан көмегімен емдеуге болады. Ол үшін кептірілген, ұнтақталған 50 грамм адыраспан шөбін шүберекке түйіп, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бер рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға қайталап салып төрт рет пайдалануға болады.

Адыраспан улы өсімдік, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 74 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: