23/01/2023, 20:26 | |
ҚАРА БҰРЫШ ЖҮРЕКТІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ Суық тиіп, дене температурасы көтерілгенде 1 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш пен жарты стакан арақтан тұнба дайындаңыз. Ол үшін қара бұрышты шыны ыдысқа салып, үстіне 50 градусқа дейін қыздырылған арақты құйыңыз да, 2-3 сағатқа қалдырыңыз. Қабылдамас бұрын сүзу қажет. 1-2 шай қасықтан қабылдаған жөн. Диарея кезінде 30 миллилитр суға 1\2 шай қасық қара бұрыш қосып ішу қажет. Құрғақ жөтел тынышыңызды кетірсе, жылы сүтке жарты шай қасық қара бұрыш қосып ішіңіз. Қара бұрыш пен сүт қосындысын күніне 2-3 мезгіл ішеді. 1 стакан бал, 1 шай қасық қара бұрыш пен 1 шай қасық даршын (корица) қоспасы да құрғақ жөтел кезінде көмектеседі. Барлығын ыдысқа салып, жақсылап араластырыңыз. 1-2 шай қасықтан тамақтан кейін күніне 3 рет қабылдаңыз. Ревматизм, суық тию, невралгия кезінде қара бұрышты таңып қоюға болады. Таңғышты жасау үшін сізге 1 шай қасық ұнтақталған қара бұрыш, 1 шай қасық бал және 1 шай қасық ұн қажет. Ингредиенттерді біркелкі массаға айналғанша кішкене ыдыста араластырыңыз. Массаны матаның бір бөлігіне тегістеп жағып, ауырып тұрған жерге қойыңыз да, науқастың сыртына қалың көрпе жабыңыз. Кішкене қыздырғанша дәкені алып тастамаңыз. Алып тастағаннан кейін орнын жылы сумен жуыңыз. Тамаққа қара бұрыш қосып жеу тек асқазан-ішек жолдары үшін ғана емес, жүрек-қан тамыр жүйесі үшін де өте пайдалы. Дәмдеуіш құрамындағы белсенді заттар қанды сұйылтады, қан тамырларын, соның ішінде ми тамырларын тазартады. Сондықтан жүрек пен қан тамырларына жүктеме азаяды, яғни инсульт, инфаркт қаупі төмендейді. Аюрведалық медицинада жылына бір рет үш апта ағзаны қара бұрышпен тазарту ұсынылады. Ол үшін 3 апта ішінде әр тамақтан кейін 3 дана қара бұрыш бұршағын жеу керек. Ағзаны тазалау кезінде вегетариандық тамақтануды ұстаныңыз. Бүйрек, бауыр, ұйқы безі және өт қабы ауруларымен ауыратын адамдарға қара бұрыш қарсы көрсетілген.
ҚАРАҚҰМЫҚ ҰНЫНЫҢ ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ПАЙДАСЫ
Күйік кезінде: қарақұмық ұнын сары-болғанша қуырыңыз, сумен қоймалжың күйге дейін араластырыңыз. Бұл композицияны күйген жерлерге жағу керек, ол тартылып қалған теріні майлайды тыртық қалдырмайды.
Аяқтың ісінуі және балтыр бұлшықеттерінің құрысуы кезінде 1 ас қасық қарақұмық ұнын осынша сумен араластырып, күн сайын бір қасықтан ішеді.
Қант диабеті кезінде таңғы асқа және кешкі ас алдында 30 мин. Бұрын бір стакан айранға 1 ас қасық қарақұмық ұнын қосып, кем дегенде 3 ай ішіңіз.
Анемия – қан аздық кезінде табада күйдірілген қарақұмық жармасынан ұнтақ дайындаңыз, оны күніне 4-5 рет жылы сүтпен араластырып, 2 ас қасықтан ішіңіз.
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 81 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |