03/01/2023, 19:00 | |
ҚҰЛАҚТЫҢ ШУЫЛЫН БАСАДЫ Бір бума аскөкті жуып, 1 сантиметр болатындай етіп турайды. Оған 0,5 литр қайнаған су құйып, термоста 1 сағат тұндырады. Күніне 3 рет, астан 20 минут бұрын 100 миллиграмнан ішеді. Емді кемі 2 ай жалғастыру керек. Араға 1 ай үзіліс жасап, тағы қайталауға болады.
ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛҒАН МЫҚТЫ ДӘРІ Мұндай жақпа майды үй жағдайында кез келген адам жасап қоюына болады. Пайдасы өте көп. Оны гайморитке, іріңді жараларға, ангинаға, күйікке қарсы, ойық жараға, тіпті тіс, буын, асқазан ауруларына, фибриома, мастопатия, маститке қарсы да қолдануға болады. Дайындау тәсілі мынадай: жұмыртқаны пісіріп, сары уызын бөлек ыдысқа алады да, аздап мыжиды. Эмальды ыдысқа екі стакан жоғары сұрыпты, тазартылған өсімдік майын құяды. Сосын оған үлкендігі екі сіріңке қорабындай балауыз салады. Оны балауыз еріп біткенше баяу жанған отқа қояды. Шыжылдай бастағанда үстіне жұмыртқа уызынан бірнеше шымшымды салады. Сол кезде май көпіре бастайды, ыдысты оттан алып қою керек. Майдың көпіруі басылғасын ыдысты қайтадан отқа қояды да, қалған жұмыртқаны (уызын) алғашқыдағыдай әдіспен майға тастай тұрып, оның түсі қоңыр-қышқылға айналғанша араластыра береді. Сосын ыдысты оттан алып, сұйықтықты 15-20 минут суытады да, капрон мата арқылы сүзеді. Сүзіп алынған дәрмекті суытып, аузы жабылатын шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қояды. Ол 10 ай бойы тиіс. Міне, осындай жолмен әзірленген жақпа майды түрлі дерттерге қарсы төменде көрсетілгендей тәсілдермен қолданады: Гайморитке ем Егер де бұл майды тамызу тәсілімен қолдану қажет болса, оны алдымен 40 градус ыстық «су моншасында» ерітіп алу керек. Гайморит кезінде осындай ерітілген майды пипеткамен алып, мұрынға тамызады. Арасына 1 сағат салып, екі мәрте тамызса, жетіп жатыр. Ол гаймор қуыстарына нығыздалған жалқық пен іріңді тесіп, сыртқа тартады. Бұлықты да тартады Ортаңғы құлақ қабынғанда (отит), құлаққа бұлық қатқанда аз ғана мақтаны әбден шиыршықтап, құлаққа қояды. Сосын құлақ сыртын майлайды. Мақтаны қажетіне қарай алмастырып тұру керек. Ол қабынуды басады, іріңді сорады. Ангинадан арылтады Тамақ ауырып, ісінгенде, іріңді ангина кезінде оны маймен майлап, мойын аумағына компресс жасау керек. Кешке қарай, әр сағат сайын жасаса, іріңді ісік жарылады. Шиқаннан, теріскеннен құтқарады Теріге – шиқан, көзге теріскен шыққанда бронхит, асқазан, ішек ауыруы кезінде күніне 3 мәрте (ас алдында) жарты шай қасық май ішіп тұру керек. Тіс пен буынға да шипалы Тіс, буын қақсап ауырғанда, домбғып-ісінгенде, күйікке, түрлі жарақаттарға қарсы да қолдануға болады. Майды проблемалы аймаққа ұйқыға жатар алдында жағып, қажет болса, сыртынан орап қойған дұрыс. Мазалаған жайдан көп ұзамай арылатыныңыз анық. Әйелдерге жәрдемі бар 10 айға дейінгіфибриома, жұмыртқа бзі өскіні (киста), мастопатия, маститке қарсы қолданады, ұрық жолдарының қабынуы кезінде одан тампон жасап, қынапқа қою керек. Таңертең және кешкісін алмастырылады. Ал кеудеге майға шыланған сулықты қойып, үстіне компреске арналған қағаз немесе целлофан қояды. Оны әр 2 сағат сайын алмастырып тұру керек. Гангренаға қарсы Трофикалық жара, гангрена кезінде жара үстіне майға шыланған сулық қояды, оны 2 сағаттан кейін алмастырады. Ол бүкіл іріңді сорып алады. …Ескерту: Майды ұйқыға жатарда жағу керек. Ал компресс жасағанда үстіне ораған дұрыс. Майға қажетті қажетті балауыздың табиғи, аранікі болуы шарт. Майды дене сыртына қолдану қажет болса, жақпа даярлауға кез келген өсімдік майы жарайды. Ал жақпа іште қолданылатын болса, оған зәйтүн майын пайдаланған дұрыс.
КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІСТІ КӨБІРЕК ЖЕҢІЗ Жемістердің пайдасы бәрімізге белгілі. Дегенмен күз бен қыс маусымында оларды табу қиын. Бірақ бұл мәселенің шешімі бар: оны кептірілген түрлерімен алмастыру керек. Сонда ағза өзіне қажетті минералдардан тарықпайды. Бұл жемістің балғын жеміс-жидектерден айырмашылығы – сусыз болуы. Кептіру кезінде ондағы пайдалы витаминдер мен минералды заттардың жартысы жоғалады. Әйткенмен натрий, магний, калий, кальций, темір және пектин сынды микроэлементтер мен жасұнықтар сол күйінде сақталады. Кептірілген жеміс-жидектердің құрамындағы пайдалы элементтер қан қысымын қалпына келтіріп, шаштың түсуін тоқтатады, тырнақты қатайтады, жүрек жұмысын жақсартып, жүйкені тыныштандырады және ағзадағы артық суды шығарады. Сонымен қатар қандағы гемоглобинді бір қалыпта ұстап, барлық клеткаларды оттегімен қоректендіреді. Асқазан және ішек жұмыстарын бір қалыпқа түсіреді. Ал олардың жеке-дара пайдасы мынадай: Кептірілген алмұрт. Құрамындағы биологиялық белсенділігі өте күшті заттар иммунитетті көтеріп, ағзадағы зиянды токсиндерді шығарады. 100 грамм кептірілген алмұрт құрамында 2,3 грамм ақуыз, 62,12 грамм көмірсу, 257 ккал бар. Кептірілген інжір. Жемістің құрамындағы ерекше ферменттер ас қорытуды жақсартып, ағзаны темірге байытады. Ал басқа жемістермен салыстырғанда калийге өте бай. 100 грамм кептірілген інжірде 4,5 грамм ақуыз, 54, 6 грамм көмірсу, 298 ккал болады. Ананас. Оның құрамында витаминдер өте көп. Әсіресе А, С, көмірсу, жасұнық, магний, йод және беромелин ферментіне өте бай. Осы элементтердің арқасында ас қорытуды жақсартады. 100 грамм кептірілген түрінде 0,8 грамм ақуыз, 82,6 грамм көмірсу, 339 ккал болады. Кептірілген банан. Құрамында көп мөлшерде қант болатындықтан адамға мол қуат береді. 100 грамм кептірілген банан құрамында 4,5 грамм ақуыз, 54,6 грамм көмірсу, 295 ккал бар. Кептірілген манго. Бұл жеміс ағзаны қажетті барлық минералдармен қоректендіріп, қандағы қант құрамын төмендетеді. Теріні жасартатын қасиеті де бар. 100 грамында 9,5 грамм ақуыз, 57,6 грамм көмірсу, 640 ккал болады. Ежелгі Қытай елінде үйлену тойына кептірілген жеміс-жидек беріледі екен. Тас ғасырынан бері жалғасып келе жатқан бұл үрдіс әлі де сақталған. Орта ғасырда кептірілген жемістер жеңсік ас (деликатес) саналған. Қазір оның түр-түрін сауда нүктелерінен қиналмай-ақ табуға болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 95 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |