21/12/2022, 18:59 | |
АСҚАЗАН АУЫРҒАНДА КӨМЕГІ КӨП 1. Шырғанақ майымен асқазан жарасын емдеудің өте нәтижелі әрі кең таралған түрі. Шырғанақ майын тамақтан бір сағат бұрын үш апта бойы ішесіз. 2. Ақбас орамжапырақтың шырыны асқазанға өте пайдалы. 3. Картоп шырыны да жақсы нәтижелер береді. Бұл шырынды дайындау үшін таза әрі ескірмеген картоп керек. Қызыл сортының болғаны тіптен жақсы. Шырынды таңғы ас пен түскі астың алдында жарты стақаннан ішіп тұру керек. 4. Айран мен өсімдік майының қоспасын жатар алдында ішіп тұру асқазан жарасының бетін қайтарады (бір стақан айранға бір ас қасық май). 5. Ауруыңыз асқынып кеткен болса, таңертең жарты ас қасық шикі жұмыртқаның ағын ішіп жүріңіз. 6. Жара пайда болған жағдайда сұлы тұңбасы әжептеуір әсер етеді. 7. Жалбыздың жапырағы мен мыңжапырақтан, түймедақ гүлдерінен жасалған тұнбалар да оң әсер береді. Бұл ем-домдарды пайдаланбас бұрын дәрігерге қаралып, толық тексеруден өту керек. Асқазанда қандай ақаулардың бар екенін анықтамай, өз бетіңізше емделу денсаулығыңызды нашарлатып жіберуі мүмкін. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 78 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |