Халық емі
12/12/2022, 21:24

ТАБАН ТЕККЕ МҰЗДАМАЙДЫ

Аяқтың, әсіресе башпайлардың үнемі мұздап, жаурап жүруі тегін емес. Бұл сізде қан айналымының дұрыс емес екенін білдіреді. Сондай-ақ мұның мынадай себептері бар:

Варикоз. Бұл жағдайда аяқ ұштары үнемі жаурап мұздағаннан басқа, өкшенінің ісінуі, жүрген кезде тізенің ауыруы, тамырлардың түйіліп тұруы байқалады.

Жүрек жұмысының нашарлауы, бұл кезде өкше ісініп, ентігу пайда болады.

Қант диабеті. Бұл кезде аяқ терісінің сезімталдығы басқа ағзаларға қарағанда жоғары болады.

Қалқанша безі жұмысының бұзылуы – оның функциясының нашарлауы. Бұл аяқтың жаурауымен қатар жүрек соққысының баяулауына, аритмия мен температураның түсуіне алып келеді.

Егер сіз өзіңізден осы симптомдардың ішінен біреуін байқасаңыз, онда тез арада дәрігерге көрінгеніңіз жөн. Бұл жағдайда мынандай тексерістерден өтуқажет: қан анализі, аяқ тамырларының УЗИ-і, және ЭКГ.

Ем, әрине, диагноз нәтижесіне қарай белгілі болады.

 

БҰЛТТЫ КҮНІ БУЫН СЫРҚЫРАЙДЫ

Мұның бірнеше себебі бар.

Бұлтты-жауынды, желді-ызғарлы күндер келе жатыр. «Қазгидромет» қараша айы жауынды-шашынды болады деп хабарлаған. Айдың екінші жартысында Орталық, ал аяғына қарай Оңтүстік-Шығыста алғашқы қар жамылғысы түседі дейді. Ауа-райын болжаушылар ең жылы аймақ – Оңтүстік нағыз қарды желтоқсанның соңына қарай көреді депті. Дегенмен өңір жауын-шашынсыз болмайды.

Ауа райының құбылуы, әсіресе күн бұлттануы буын ауруы бар адамдарға жайсыз әсер ететіні бар. Бұлтты күні ересектер буыным сырқырады деп жатады. Бұлт пен буынның қандай байланысы бар? Буын ауруы неден туындайды, оны қалай емдейді, соған тоқталайық.

Буын ауруының бірнеше себебі бар. Орта жастағылар арасында жарақат салдарынан сүйектердің қисық бітуі байқалса, ересектерде буындардағы шеміршекаралық майдың таусылуы жиі кездеседі. Егер жамбас, тізе буындарындағы буынаралық шеміршек майы азайса, екі сүйек бір-біріне қажалып, мүжіледі. Отырып-тұрғанда тізенің сықырлауы да шеміршек майының азайғандығын білдіреді. Ревматологиялық дерт те буын ауруына соқтырады. Жалпы, буын ауруының негізгі себептері осындай.

Мынадай дерек бар: әлемде әр он адамның үшеуінде буын ауруы кездеседі екен, ал алтауында түбінде соған апаратын алғашқы белгілері бар болып шықты. Қысқасы, көрсеткіші көбейіп барады. Неге?

Мәселе енді ғана басталып келе жатқан аздаған ауырсынуды елемей, уақыт өткізіп алуда дейді мамандар. Бірақ бастапқыда болар-болмас қана сезілетін ауру біртіндеп үдей түсетіні белгілі. Мысалы, ауыр жұмыс жасағанда, ұзақ жүргенде немесе бір жерде ұзақ отырғанда, баспалдақпен жоғары көтерілгенде бел және жамбас сүйектері ауырады. Әйткенмен сәл демалғаннан кейін ауырғаны басылып қалады. Содан адамдар мұны елеусіз қалдырады. Ал сүйектер осылай біртіндеп осылай қажала ереді де, түбінде адам тізесін бүге алмай, ақсаңдап қалады. Осындай асқыну салдарынан мүгедектікке ұшырағандар да бар.

Соңғы жылдары салауатты өмір салты туралы жиі айтылады. Мұның буын ауруына да тікелей қатысы бар. Мәселе мынада – фастфуд өнімдері мен газды сусынды көп тұтынған адам ағзасында зат алмасу процесі бұзылады. Оларда ең алдымен аяқтың башпайлары құяң (радикулит) дертіне шалдығуы мүмкін. Оған қимыл-қозғалыстың жоқтығын қосыңыз. Буын ауруының басты себебі тап осы әдет. Таңнан кешке дейін компьютер алдында отырған адамның қозғалысы шектеледі. Содан ағзада тұз жинала бастайды. Әрине, тұз буындарға іркіледі.

Үнемі уақыт жетпейді деп асығып жүретін, тіпті жүре тамақтанатын адамдар да буын ауруына бейім келеді. Себебі тез даярланатын тамақтар семіздікке душар етеді. Ал артық салмақ буынға күш түсіреді.

Буын кеселінің алдын-алу үшін кальций ішу керек деп жатады. Ол дұрыс. Бірақ кальцийді дәрігер кеңесімен қабылдаған дұрыс. Кальцийге қатысты тағы бір мәселе бар. Етеккірі тоқтап, климакс басталған әйелдерде кальций сүйекке сіңбей, қанның құрамында ғана жүреді. Осы мәселені анықтау үшін кальцийді бір ай ішкеннен кейін анализ тапсырып көру керек. Егер қан құрамындағы кальций қалыпты болса, онда сүйек өзіне керекті алып жатыр деген сөз, витамин қабылдауды жалғастыра беруге болады. Ал кальций көрсеткіші мөлшерден жоғары болса, қалқанша безге зиян. Осыны ескеріңіз. Буыны ауыратын адамдар ауа райына да тәуелді болатынын айттық. Буындардың қақсап, сыздап, сырқырап ауыруы ауа райы бұзылардан бір-екі күн бұрын басталады. Мұның себебі магниттік өріс, жаратылыс заңдарына байланысты болуы мүмкін. Бұлтты күні буыны сыздап, сырқырайтын адамдар дәрігер тағайындауымен ауырсынуды, қабынуды басатын мазь қолданса болады. Тек пайдалы екен деп өз бетінше ем жасаудан аулақ болғайсыз. Ол жағдайды ушықтыруы – ауруды асқындыруы мүмкін.

 

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

1) Таңғы ас ішпеген кезде асқазан бұзылады.

2) Күніне 10 стакан су ішпеген кезде бүйрек бұзылады.

3) Түнгі 11-ге дейін ұйықтамау мен таңертең 8-ден кеш оянған кезде өт қабы жұмысы бұзылады.

4) Салқын тамақ пен мерзімі өткен ас жеген кезде аш ішек бұзылады.

5) Қуырылған және ащы тағамдарды көп жегенде тоқ ішек бұзылады.

6) Қоршаған ортадан түтін мен лас ауаны жұтқанда өкпе жұмысы бұзылады.

7) Майлы және қуырылған тағамды жиі жесеңіз бауыр бұзылады.

8) Тұз бен холестерині көп тағамды жегенде жүрек жұмысы бұзылады.

9) Қантты көп жесеңіз ұйқы безі жұмысы бұзылады.

10) Қараңғыда мобильді экранмен немесе компьютермен жұмыс істегенде көру мен көз тамыры жұмысы бұзылады.

11) Жаман да жағымсыз ойларға жиі берілсеңіз ми жұмысы бұзылады.

Ағзаны бүлдіру оңай, қалпына келтіру қиын, кей жағдайда тіпті мүмкін емес. Денсаулықты сақтау өз қолыңызда!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 103 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: