Халық емі
14/11/2022, 20:25

АЯҚТЫҢ ІСІНУІН ҚАЙТАРАДЫ

 Орыстарда «Кәрілік аяқтан басталады» деген сөз бар. Өте дұрыс айтылған. Жас қырықтан асқан соң адамның жүріп-тұруы, қимыл-қозғалысы ауырлай бастайды.

Бір рецепт ұсынайық. Дәріханалық 300 грамм спирт, 1 құты (10 мл) камфорлы спирт, 1 құты йод, 10 түйір анальгин керек. Бұрандалы қақпақпен жабылатын ыдысқа бәрін құйып, анальгинді ұнтақтап араластырады. Мықтап жауып, қараңғы да салқын жерде 21 күнге қою керек. Дәрі дайын.

Мұны остеохондроз, радикулит, артрит, артроз белгісі болса, жалпы бел, буын, омыртқа, аяқ, арқа ауруларында қолдануға болады. Сіңдіре жағып, аздап уқалап, сыртынан жылы орап қою керек. Ем нәтижелі болу үшін 10-15 күн жалғастыру маңызды.

 

ҚЫСТА ҚУАТ БЕРЕТІН ТАҒАМДАР

Қыс мезгілінде адамның иммунды жүйесі жаз кезіндегіден осалдау болады. Оның себебі ағзаның жылу мен артық қуат жұмсауында болса керек. Бұл «шығынның» орнын тағаммен толтыру арқылы ағзаға көмек беру қажет. Мына тағам түрлеріне басымдық беріңіз:

Ашытылған қырыққабат. «Шикі» түріне қарағанда ашытылған қырыққабатта В мен С витаминдері мол. Ол ас қорытуды жақсартуға да оңды әсер етеді.

Итмұрын. Қыстыгүні аса керек С витаминіне ең бай жидек. Ағзаға күнделікті керек фосфор, темір, калий, магний және мысты да итмұрыннан табуға болады.

Қарақат. Оның мұздатылған түрі де, тосап күйінде де өте пайдалы: B, C, E, D, P, K витаминдеріне бай. Ол иммунитетті нығайтады, ағзаның вирусқа қарсы күресуіне көмектеседі.

Цитрустық жемістер (лимон, апельсин, грейпфрут) құрамында аскорбин қышқылы көп. Онда А, В, РР витаминдері, магний, калий, темір, фосфор мен кальций да жеткілікті.

Қымыздық (щавель) пен шпинат мұздатылған күйінде де құрамындағы қасиетін толық сақтайды екен. Ол жоғарыда айтылған витаминдермен қатар, ағзаны қажетті мөлшердегі мыс, цинк пен марганецпен қамтамасыз ете алады.

Болгар бұрышы қан айналымын жақсартып, қан тамырларын нығайтады. Жалпы айтқанда, қан жүйесін жақсартады.

Көк пияз қыс мезгілінде ең пайдалы иммуномодулятор болып табылады.

 

ИММУНИТЕТТІҢ ӘЛСІЗ ЕКЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

1. Бір жыл ішінде 10 реттен көп тұмауратасыз, суық тиіп ауырасыз.

2. Шашыңыз көп түседі, буындарыңыз қақсайды, тамағыңызда бірдеңе тұрғандай болады.

3. Үнемі әлсіз, шаршап тұрғандай сезімде боласыз. Тіпті ұйқыдан оянғанда да еңсеңіз басылып тұрады.

4 Ерніңізде ұшық жиі пайда болады. Ұшық ағзадағы вирустардың артып кеуін білдіреді, ал иммунитет вирустардың көбейіп кетпеуін қадағалайды.

5. Тұмау тисе, қабынып, төсек тартып ұзақ жатып қаласыз.

Осы жағдайдың бірін бойыңыздан байқасаңыз, иммунологқа көрініп, тиісті ем-дом қабылдаңыз әрі маусымдық жеміс-жидектермен ағзаңызды витаминге байытуға тырысқаныңыз жөн.

 

БАС САҚИНАСЫ

Бұл кеселге қарсы халық емінде мынадай ем бар:

Бас сақинасын үй жағдайында тоқтату үшін мынадай әдістерді қолдануға болады:

Сәбіз, қияр және саумалдық шырындарын ішу керек, шикі пиязбен маңдайға компресс жасаған немесе құлақты пиязға шыланған мақтамен тығындаған дұрыс;

Бас сақинасы басталар алдында тәтті немесе ащылау тағам жеген жөн;

Жаңа лимонның кесілген түйірін самайға қою керек;

Күн сайын таңертеңгісін екі ас қасық аскөк шырынын ішу керек;

Лаванда гүлі мен мелисса жапырақтарының бір-бір уысына қайнаған су құйып, 15 минут қойып қояды, тұндырмасын шомылғыға құйып, оған 20 минут жатады. Су температурасы 37 градус болуы керек;

Қыша қосылган шомылғы да жақсы жәрдемдеседі. Бір уыс қыша ұнтағын 50 градусқа дейін ысытылған суға салып, ботқаға айналғанша араластырады. Содан кейін оны 38-39 градусқа дейін қыздырылған бір шелек суға салып араластырады. Оған қолды немесе аяқты батырады. Бұл жалпы шомылғыға қарағанда тәуір әсер береді. Ал жалпы шомылғыны 5-10 минут қана қабылдау керек. Денеге жұққан қышаны себілмен шаюға болады;

Бас сақинасының алғашқы белгісінде лаванда майының 20 тамшысы мен тәтті бадам майын араластырып, самайға басады да, сипалайды.

Сәбіз (3 бөлік), бақбақ (1 бөлік), саумалдық (1 бөлік) шырындарының қоспасын тамақтан бұрын күніне 3 рет ішу керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 92 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: