26/10/2022, 06:50 | |
АС СОДАСЫМЕН ДЕ ЕМДЕЛУГЕ БОЛАДЫ Күнделікті өмірде жиі қолданылатын ас содасының тап қазір, яғни қыс мезгілінде бас көтеретін суықтау мен тұмауратуға қарсы керемет емдік қасиеті бар екенін білесіз бе? Қатты жаурағанда мұрын бітеліп қалса да дәріханаға жүгірмей, ас содасының көмегіне жүгінсеңіз болады. Тұмаудың белгісі білінсе, тыныс алу қиындап, тамағыңыз жыбырлай бастаса орта көлемдегі ыдыстағы қайнаған ыстық суға 1 шай қасық ас содасын салып, тыныс жолдарын 80 градус шамасындағы буға бұлау қажет. Бұлауды су суығанша жалғастырған жақсы. Бұлау кезінде көзді жұмып, басқа сүлгі не орамал жауып алған жақсы. Сонда сода аралас ыстық бу тура тыныс жолдарына әсер етеді. Ол еркін демалуға көсектеседі, мұрынның бітелгенін ашып, тамақтың жыбырлауын тоқтатады. Ас содасы қосылған суға тамақты шаю баспа (ангина) көтерілуден сақтайды. Бала кезімізде мұздай су ішіп немесе қар мен мұз жеп көреміз деп тамағымызды жиі ауыртып алатынбыз. Сонда әжелеріміз аузымызға дәрі тықпаламай, содамен-ақ сауықтырып шығатыны әлі есімізде. Қыстыгүні аяқтан қолаңса иіс шығып тұрады. Ас содасының көмегімен одан да құтылудың жолы бар. Ол үшін қайнаған жылы суға керегінше ас содасын салып, араластырасыз. Бұл қоспаға мақтаны малып алып, сүртіну керек. Аптасына екі-үш рет осылай етіп тұрсаңыз көп ұзамай жағымсыз иістен құтыласыз. Міне, әрбір үйде кездесетін кәдімгі ас содасының осындайда пайдалы, емдік қасиеттері бар.
ҚАН ТАЗАРТА АЛАМЫЗ БА? Адам ағзасының тін аралығындағы қоректер, түссіз сұйық зат (лимфа) қатарындағы пайдалы сұйықтықтың бірі – қан. Оның негізгі атқаратын қызметі – тыныс жүйесі, ас қорыту және ағзадан бөліп шығару. Қан айналымының араласуы ағзада зат алмасуға және бірқалыпты дене температурасының сақталуына көмектеседі. Уытты заттарды бейтараптандырады. Ең тиімді жол – қанның қалыпты қызмет жасауы үшін оны әлсін-әлсін тазалап отыру. Ол үшін түрлі емдік шөптерден жасалған шай ішіп отырса болғаны. Бақбақ шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған бақбақ тамырын салып, термоста 1 сағаттай бұқтырып алады. Осы тұнбаны күніне тамақ алдында 1/3 стакан 30-40 минут бұрын ішкен жөн. Мыңжапырақ шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған шөп салып, 1 сағаттай жылы жауып бұқтырып алып, сүзілген тұнбаны күніне 1 стаканнан 3-4 рет тамақтан жарты сағат бұрын қабылдайды. Жусан шайы: 1 стакан қайнаған суға ұнтақталған жусан шөбінен бір шымшымдай қосып, 10 секундтай бұқтырып, суыған тұнбаны асықпай бір жұтымдап ішу керек. Қалақай шайы: Бұл қан тазартуға өте пайдалы шөп. Қалақай негізінен ас қорыту, бүйрек пен қуық жолдарының жұмысын жақсартады, ағзаны жетіспеген витамин, минералды заттармен жабдықтайды. Қанды қалақай шайымен тазартуды айдың соңында бастап, екінші айдың басында аяқтаған жөн. Одан соң екі жұма демалып, екінші ем кезеңін келесі толық аймен ай біткенше қатар бастау керек. Дені сау адамға (14 күндік) екі реттік ем кезеңі жетіп жатыр. Ағзаны керексіз заттардан тазартамыз деген адамға емді үш кезеңге ұзартса болғаны. Қалақайды айдың соңында жинаған абзал. Және де жас жапырақтарын ғана пайдалану керек. Жапырақтарды жумай, шаң-тозаңынан тазартып, кептіріп, ұнтақтап алған жөн. Сөйтіп 1 стакан қайнаған суға кептіріп, ұнтақталған қалақай шөбінен 1 ас қасық салып, жарты сағат бұқтырып, сүзіп, шамалы қайнаған су қосып, күніне 3-4 рет қабылдаған дұрыс. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы | |
| |
Просмотров: 99 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |