10/10/2022, 19:21 | |
ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕЙТІН ТАҒАМДАР Күніне кемінде 100 грамм ірімшік жеуді әдет етіңіз. Адамның жүйке жүйесі бірқалыпты жұмыс істеуі үшін В12 витамині қажет. Ал ірімшік бұл витаминге өте бай. Күнделікті таңертең ең аз дегенде 3 ас қасық сұлы ботқасын (овсяные хлопья) жеу керек. Ол мидың жақсы жұмыс істеуі мен ақпаратты тез сіңіруіне, есте сақтауына септігін тигізеді. Тәулігіне бір дана банан жесеңіз тіпті жақсы. Банан магнийге бай. Ол депрессия, стреске қарсы күресте көмекші. Есте сақтау қабілетін же жақсартады. Мангоның құрамында жүйке жасушасын қалыпқа түсіретін витаминдер көп. Бұл жемістің миға, әрі жүйке жүйесіне пайдасы зор. Күніне кем дегенде 100 грамм жеген жақсы. Әр күні орташа көлемдегі бір дана апельсин жеудің пайдасы – ол мидың қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемші, әрі оны негативтен де қорғайды. Бұл жеміс С витаминіне бай. Күнделікті 1 ас қасық асқабақ дәнін жеп тұрсаңыз өкінбейсіз. Онда май қышқылдары – Омега-3, Омега-6, А мен Е витаминдері көптеп кездеседі. Бұл минералдар эмоция, ұйқы мен есте сақтау қабілетіне жауап беретін жүйке жасушасының жұмысын жақсартады. Әр күні бес дана грек жаңғағын жеп жүрсеңіз есте сақтау қабілетіңіз жақсарады. Жаңғақтың құрамында жүйке жасушасын жаңартатын қышқыл бар.
ҚАНАЗДЫҚТА ҚОЛДАНЫП КӨРІҢІЗ Итмұрынның бес ас қасық құрғақ жемісін термосқа салады да, үстінен 0,5 литр қайнаған су құяды. 10-15 минуттан соң термосты нығыздап жауып, бір тәулік тұндырады. Сосын сүзгіден өткізіп, күніне екі-үш рет тамақтан соң жарты стаканнан ішіп тұрады. Ол инфекциялық аурулар, қаназдық, шаршаңқылық, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Бел қуатын арттырады.
ТОЗАҢЫ ГАЙМОРИТКЕ ЕМ ТІКЕН Шошқамұрын деген тікен гайморитке таптырмас ем. Орысшасы – бурнаки. Шошқамұрынды емге пайдалану үшін бір данасын алып, сыртындағы тікендерінен тазартады. Астында жұқа қауашағы бар. Оның ішіндегі ұрығын да алып тастау керек. Сонда қолда домалақ жұқа «сетка» қалады. Оны аздап мыжысаңыз тозаңы түседі. Осы тозаңды шашып-төгіп алмай, бір қағазға немесе таза матаға жинау керек. Ол өте аз болады. Оны екіге бөліп, кішкене түтікшемен мұрынның қос қуысына кезек-кезек тартады. Тағы бір тәсілі бар: дәкені (бинт) кішкентай етіп кесіп алып, екіге бөлген ұнтақты соған түю керек. Бірін мұрынның бір қуысына салып, арасына аз уақыт сала отырып үш рет терең тыныс алады. Оны тастап, екінші дәкедегіні келесі мұрын қуысына дәл солай қолданады. Көп ұзамай түшкіру басталады. Сосын мұрыннан су кете бастайды. Мұны ешқайда бармайтын кезде – демалыс күні, ертерек жасау ләзім. Себебі гаймор қуысына жиналған сұйықтық кешке дейін ағады. Ал ірің қатып қалған болса, түшкірген сайын біртіндеп жібіп, сұйықтықпен бірге шығады. Осы жерде ескертетін жай – мұрынды сіңбіруге болмайды. Түшкірген кезде, жалқық аққанда да терең тыныс алып, оны кері қайтаруға да болмайды. Тек қана сүртіп отыру керек. Әйтпесе инфекциялы іріңді жібітуге кіріскен тозаң ми қалташасына барып, қатып қалуы мүмкін. Ем кезінде шалқадан немесе бүйірден жатпаңыз. Қай жағдайда да бас тіке тұруы тиіс. Отырғанда да осыны қатаң қадағалаған дұрыс. Ал жатқысы келсе етпеттей жатып, бірақ басты тіке ұстау шарт. Арада 3-4 күн немесе бір апта өткенде рентгенге түсіп, гаймор қуысын тексертіп көріңіз. Сұйық түгел ағып кетпесе, емді тағы бір қайталайды. Сонымен гаймориттен құтылдым дей беріңіз. Екі дана шошқамұрын мен екі емдік процедура 10-15 жылғы гаймориттен де толықтай құтқарады. Бұл ежелден келе жатқан халық емі.
ӨТ ШАЯТЫН ШАЙ Кейде майлы тамақтан кішкене ғана ауыз тисең оң жағыңда ауырлық пайда болып, жегенің қорытылмағандай күй кешесің. Мұндай жағдай сізге таныс па? Бұл өт қалтасының толғанын немесе өттің қоюланғанын білдіреді. Өт толуының негізгі белгілері мынадай: * Ағзаға түскен физикалық күштен кейін оң жақ бүйірдің шаншып, тартып ауруы; * Оң жақ бүйірдегі жайсыздық: бірдеңе бөгет жасап, басып тұрғандай сезім; * Еңкейгенде, бұрылғанда оң жақтың ауырсынуы; * Ыңғайсыз қалыпта ұзақ отырғаннан оң қолдың ұюы, оң жақ жауырынның ауыруы; * Ауыздың кебуі немесе ащы дәм сезіну, тері түсінің бозаруы; Өт жұмысындағы мұндай қалыпсыздықтар ас қорыту процесінің бұзылуына әкеледі. Зат алмасудағы ауытқулар: авитаминоз, остеопороз, өтке тас жиналу, холецистит те осы өттегі қалыпсыздықтан бастау алады. Мұны елеусіз қалдыруға болмайды. Өт қоюлануының соңы бауыр циррозы, қант диабеті сынды ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ертерек ем жасаған жөн. Әрине, дәрігер кеңесінің жөні бөлек. Өт шаятын шайлар жайлы да біле жүргейсіз. Жүгері шашағы. Тұнба дайындау үшін Термосқа жарты литр қайнаған су құйып, оған 3 шай қасық жүгері шашағын салады. Жарты сағат тұндыру керек. Дайын болған тұнбаға бірдей пропорцияда су (қайнаған) құйып, тамақтан 30 минут бұрын 1 стаканнан ішеді. Қызылша шырыны. Қызылшаны шала піскенше суға қайнатып алыңыз. Сосын үккіштен өткізіп, дәкеге салып, шырынын сығып алады. Емдік мақсатта шырынды күніне 4-5 рет, астан бұрын 2 ас қасық мөлшерінде қабылдайды. Жалбыз жапырағы. Өт қызметін қалыпқа келтіруде жалбыз жапырағынан дайындалған шайдың көмегі күшті. Ол жүрек айну мен оң жақ бүйірдегі ауырлықты да жояды. Жапырақтарды суға салып қайнатып, дайын болған шайды күніне 2-3 стаканнан қант қоспай ішу керек. Өсімдік майы. Жарты стакан рафинадталған майды қыздырып, жылы күйінде ішіп, оң бүйірмен жатыңыз. Қабырғаңыздың астына қыздырғыш қою маңызды. Одан кейін сұйық сорпа, жылы шай ішу керек. Бақбақ тұнбасы. Кептірілген бақбақ гүлін майдалап турап, баяу отта 20 минут қайнатады. Оны жылы күйінде күніне 3 рет, жарты стаканнан ішеді. Алма шырыны. Жасыл сұрыпты алмадан дайындалған табиғи, химикатсыз шырынды бір айы бойы үзіліссіз, күніне 3 рет жарты стаканнан ішу керек.
БАЛ+ШЫРЫН: ӨТЕ ШИПАЛЫ ЕМ! Жүрек ауруы және холестерин деңгейін төмендету үшін: 2 стакан жылы суға 2 шай қасық бал, 2 шай қасық ұнтақталған даршын қосып, жақсылап араластырыңыз. Осыны 3-ке бөліп, таңертең, түсте дән кешке астан 30 минут бұрын ішеді. Рецепт инсульт пен инфаркттің алдын- алу үшін де тамаша ем саналады: ентігу азаяды, жүрек соғысы қалыпқа келеді. Артритке: Бір стакан жылы суға 2 ас қасық бал мен бір шай қасық даршын қосып, араластырыңыз. Таңертең және кешке жарты стаканнан ішеді. Жүйелі түрде жалғастырса, тіпті созылмалы артритті де емдеуге болады. Суық тию мен тұмауға қарсы: Бір ас қасық балға бір шай қасық даршынның үштен бірін қосыңыз, барлығын бір стакан жылы суда араластырыңыз. Стаканның үштен бір бөлігі мөлшерінде күніне үш рет ішеді. Тұмау кезінде бұған аз ғана қара бұрыш қосуға болады. Мұндай жағдайда әр 3 сағат сайын 1 ас қасықтан ішу керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 110 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |