Халық емі
03/10/2022, 12:20

ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕЙТІН ТАҒАМДАР

 Алма. Құрамындағы пектиндер өт қышқылын азайтып, оның тез ыдырауына көмектеседі. Алманың арқасында ағзада холестерин мөлшері азаяды, тіс жегісі, қан қысымы, асқазан дерттері ауыздықталады.

Бұршақ. Оның құрамындағы сапонин аспен бірге ағзаға түсетін холестерин молекулаларын жоятын қасиетке ие. Сондай-ақ ол бауыр қызметін реттейді.

Зімбір (имбирь). Ондағы гингерол өт түзілуін реттейді, күніне 2 грамм ғана зімбірдің өзі бауырдың табиғи түрде тазаруына сеп болады.

Сарымсақ. Ол ағзадағы зиянды холестеринді, сонымен бірге ауру шақыратын микробтарды өлтіреді. Суықтың алдын алудада көмегі көп. Бұл сарымсақ құрамындағы аллииннің «жұмысы».

Көк шай. Ол ағзадағы майдың ыдырауына, астың сіңірілуіне, қан қысымының реттелуіне, қан тамырларының тазаруына көмектеседі.

Зығыр (льняное семя) Күніне 3 ас қасық зығыр майы ағзадағы холестрин мөлшерін реттеп, бауыр мен бүйректің қалыпты жұмыс жасауына сеп болады. Ол ер адамдардың есте сақтау қабілетінің нашарлауы мен жыныстық әлсіздігінің алдын алады.

Жаңғақ. Оның кез келген түрі холестеринді 7,4 пайызға дейін азайта алады. Өйткені құрамындағы майлы қышқылдар иммунитетті көтеруге, әлсіздікті жеңуге де жәрдем.

Шоколад. Күніне 45 грамм таза шоколад жеу қант диабетінің алдын алатыны дәлелденген.

 

АЯҚТЫҢ ІСІНУІН ҚАЙТАРАДЫ

Орыстарда «Кәрілік аяқтан басталады» деген сөз бар. Өте дұрыс айтылған. Жас қырықтан асқан соң адамның жүріп-тұруы, қимыл-қозғалысы ауырлай бастайды.

Бір рецепт ұсынайық. Дәріханалық 300 грамм спирт, 1 құты (10 мл) камфорлы спирт, 1 құты йод, 10 түйір анальгин керек. Бұрандалы қақпақпен жабылатын ыдысқа бәрін құйып, анальгинді ұнтақтап араластырады. Мықтап жауып, қараңғы да салқын жерде 21 күнге қою керек. Дәрі дайын.

Мұны остеохондроз, радикулит, артрит, артроз белгісі болса, жалпы бел, буын, омыртқа, аяқ, арқа ауруларында қолдануға болады. Сіңдіре жағып, аздап уқалап, сыртынан жылы орап қою керек. Ем нәтижелі болу үшін 10-15 күн жалғастыру маңызды.

 

СІЗДЕ ҚАЙСЫ ВИТАМИН ТАПШЫ?

Ағзада қандай витамин жетіспейтінін қалай анықтауға болады?

Егер бас айналып, құлақ шуылдай берсе, онда В6 және Е витаминдері және марганец пен калийді көбірек тұтыну қажет.

Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В2 витамині жетіспейді деген сөз.

В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді.

Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С витаминдеріне басымдық беруді ойлаңыз.

С витаминінің жетіспейтінін дененің жеңіл ұрып алған жерінде де көгерген із қалып, оның көпке дейін кетпеуінен білуге болады.

Ұйқы бұзылса, В тобының витаминдерін қабылдау керек.

В6 витаминінің аздығын жаттығу жасап біле аласыз. Екі алақаныңызды жоғары қаратып созыңыз. Сосын екі қолыңыздағы төрт саусақтың екі буынын бір мезгілде жұмып, саусақ ұштарын алақаныңызға тигізіңіз. Саусақтар мен алақан арасындағы буынды бүкпеңіз. Егер осы жаттығуды ойдағыдай жасай алмасаңыз, сізде В6 витамині тапшы.

Осы жайларға мән бере жүріңіз. Қажетті витаминді жеміс-жидек, азық-түлік құрамдарынан табасыз. Дәрігер кеңесімен витамин кешенін қабылдауға да болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 106 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: